Миха 3:1—12

  • Билеушілер мен пайғамбарлардың айыпталуы (1—12)

    • Ехобаның рухы Михаға зор күш дарытты (8)

    • Діни қызметкерлер ақыға тәлім беруде (11)

    • Иерусалим қираған үйіндіге айналады (12)

3  Мен былай дедім: “Тыңдаңдаршы, Жақыптың басшылары,Сендер де, Исраил үйінің билеушілері+. Сендер әділдіктің не екенін білулерің керек емес пе?   Алайда жақсылықты жек көріп+, жамандықты жақсы көресіңдер+,Халқымның үстінен терісін, сүйектерінен етін сылып аласыңдар+.   Халқымның етін жеп+,Терісін сыдырып аласыңдар. Қазанға салып қайнататын еттей,Оларды мүшелеп, сүйектерін сындырасыңдар+.   Сөйте тұра Ехобаны көмекке шақырасыңдар,Бірақ ол жауап бермейді. Жасаған зұлым істерің үшін+,Ол сендерден жүзін жасырады+.   Тістеп алып*+, “Тыныштық!” деп айтатын+,Ал ауыздарына ештеңе салмағанға соғыс жариялайтын,Халқымды адастыратын пайғамбарларға+ Ехоба былай дейді:   —Сендер үшін аян алмайтын+ түн+,Көрініс көрмейтін түнек болады. Пайғамбарлардың үстіндегі күн батып,Олардың күндері түнге айналады+.   Аян алғыштар ұятқа қалады+,Көрініс көргіштердің көңілі қалады. Олардың бәрі ұяттан ауыздарын* жабуға мәжбүр болады,Себебі Құдайдан еш жауап келмейді”.   Ал мен Жақыпқа бүлігін, Исраилге күнәсін айта алуым үшін,Ехобаның рухымен менің бойыма зор күш,Әділдік пен батылдық дарыды.   Мынаны тыңдаңдаршы, Жақып үйінің басшылары,Исраил үйінің билеушілері+! Сендер әділдікті жек көріп, түзу нәрсенің бәрін бұрмалайсыңдар+, 10  Сионды қантөгіспен, Иерусалимді әділетсіздікпен тұрғызасыңдар+. 11  Оның жетекшілері сотта пара алады+,Діни қызметкерлері ақыға тәлім береді+,Пайғамбарлары ақшаға болашақты жориды+. Сөйте тұра Ехобаға арқа сүйеп*: “Ехоба бізбен бірге емес пе+?! Басымызға еш апат түспейді”,— дейді+. 12  Ендеше, сендердің кесірлеріңненСион егістік сияқты жыртылады,Иерусалим қираған үйіндіге айналады+,Ал ғибадатхана тұрған тау — орман басқан қыраттай болады+.

Сілтемелер

Мүмкін: “аузына шайнайтын бірдеңе салғанда”.
Немесе “мұрттарын”.
Немесе “арқа сүйегенсіп”.