Мұсаның 1-жазбасы 10:1—32

  • Халықтардың таралуы (1—32)

    • Япшінің үрім-бұтағы (2—5)

    • Хамның үрім-бұтағы (6—20)

      • Нымродтың Ехобаға қарсы шығуы (8—12)

    • Шамның үрім-бұтағы (21—31)

10  Нұхтың ұлдары Шам+, Хам, Япші жөнінде: Олардың ұлдары Топан судан кейін дүниеге келді+.  Япшінің ұлдары: Гомер+, Магог+, Мадай, Ябан, Тұбал+, Мешех+ және Тирас+.  Гомердің ұлдары: Ашкеназ+, Рифат, Тоғарма+.  Ябанның ұлдары: Елишах+, Тарсис+, Киттим+ және Доданим.  Осылардан аралдарда тұратын халықтар өз мекендеріне тілі, әулеті мен ұлтына қарай тараған.  Хамның ұлдары: Құш, Мысырайым+, Пут+ және Қанахан+.  Құштың ұлдары: Себа+, Хабила, Сапта, Рахама+ және Саптеха. Рахамадан Шеба және Дедан туылды.  Құштан Нымрод туылды. Ол жер бетіндегі алғашқы айбарлы адам еді.  Нымрод Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы* болды. Міне, содан “Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы Нымродтай” деген сөз қалған. 10  Оның патшалығы* Шинар жеріндегі+ Бабыл*+, Ерех+, Аққат және Қалнадан басталды. 11  Сол жерден ол Ассирияға+ барып, Ниневия+, Рехобот-Ир, Қалах деген қалаларды соқты. 12  Сондай-ақ Ниневия мен Қалахтың арасына Ресен қаласын тұрғызды. Бұл үлкен қала еді*. 13  Мысырайымнан туылған мыналар: Лудим+, Анамим, Лехабим, Нафтухим+, 14  Патрусим+, Қаслухим (одан філістірлер+ тараған) және Қапторим+. 15  Қанаханнан тұңғыш ұлы Сидон+, кейін Хет+ туылды. 16  Сондай-ақ одан мыналар тарады: ебустіктер+, аморлықтар+, гергестіктер, 17  хевтіктер+, аркілер және синдер, 18  арвадтықтар+, семарлар, хаматтықтар+. Кейін Қанахан әулеттері жан-жаққа тарап кетті. 19  Қанахандықтардың шегарасы Сидоннан Газаның+ маңындағы Герарға+ дейін, Содом, Ғомора+, Адма және Лашаның маңындағы Зебоимға+ дейін созылып жатты. 20  Бұлар әулетіне, тіліне, мекеніне, ұлтына қарай бөлінген Хамның ұлдары. 21  Ағайындылардың ең үлкені Япшінің інісі* Шамнан да ұрпақ тарады. Ол Ебер+ ұлдарының арғы атасы болған. 22  Шамның ұлдары: Елам+, Ашшур+, Арпақсат+, Луд және Арам+. 23  Арамның ұлдары: Ұз, Хұл, Гетер және Маш. 24  Арпақсаттан Шелах+, Шелахтан Ебер туылды. 25  Ебердің екі ұлы болды. Бірінің аты — Пелек*+, өйткені соның күндерінде жер* бөлінген еді. Ал екіншісінің аты — Жоқтан+. 26  Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хазармабет, Жерах+, 27  Хадорам, Ұзал, Диқла, 28  Обал, Әбімәйіл, Шеба, 29  Опыр+, Хабила және Жобаб туылды. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұлдары. 30  Олардың мекені Мешадан бастап Шығыстың таулы өңірі Сефарға дейін созылып жатты. 31  Міне, осылар әулетіне, тіліне, мекеніне, ұлтына қарай бөлінген Шамның ұлдары+. 32  Бұлар Нұхтың ұлдарынан тегіне және ұлтына қарай тараған әулеттер. Топан судан кейін жер бетіне тараған халықтар солардан шыққан+.

Сілтемелер

Немесе “жауынгер”.
Немесе “оның патшалығының алғашқы қалалары”.
Немесе “Вавилон”.
Мүмкін: “Бұлар бір үлкен қаланы құрады”.
Шам Япшінің ағасы болуы да мүмкін.
Мағынасы “бөліну”.
Немесе “жер тұрғындары”.