Мұсаның 1-жазбасы 12:1—20

  • Ыбырамның Хараннан Қанаханға бет алуы (1—9)

    • Құдайдың Ыбырамға берген уәдесі (7)

  • Ыбырам мен Сарай Мысырда (10—20)

12  Ехоба Ыбырамға былай деді: “Еліңді, туған-туысыңды және әкеңнің үйін қалдырып, мен көрсететін елге көш+.  Мен сенен ұлы халық таратамын, сені жарылқап, атыңды шығарамын. Сондай-ақ сен арқылы басқаларға батам қонады+.  Саған батасын бергендерге батамды беремін, саған қарғыс айтқандарға қарғыс айтамын+. Жер бетіндегі барлық халықтар сен арқылы жарылқанады+”.  Содан Ыбырам Ехобаның айтқанын істеп, жолға шықты, Лұт та еріп жүрді. Хараннан шыққанда, Ыбырам жетпіс бес жаста еді+.  Ыбырам әйелі Сарайды+, туған бауырының ұлы Лұтты+ және жиған-терген мал-мүлкі+ мен Харанда иемденген қызметшілерін алып, Қанахан еліне қарай бет алды+. Қанахан еліне жеткеннен кейін,  Ыбырам әрі қарай жүріп, үлкен ағаштар өсетін Моренің маңындағы+ Сихем+ деген жерге келді. Сол уақытта онда қанахандықтар тұратын.  Сонда Ехоба Ыбырамға көрініп: “Осы жерді+ сенің ұрпағыңа+ беремін”,— деді. Сосын Ыбырам өзіне көрінген Ехобаға арнап сол жерде құрбандық орнын тұрғызды.  Кейінірек ол Бетелдің+ шығыс жағындағы таулы өңірге қарай көшіп, батыстағы Бетел мен шығыстағы Гайдың+ ортасына шатырын тікті. Сол жерде Ехобаға арнап құрбандық орнын тұрғызып+, Ехобаның есімін мадақтады+.  Кейін ол қосын жинады да, көшіп-қона жүріп, Негев+ шөліне қарай жылжыды. 10  Қанахан елінде ашаршылық басталып, ол үдей түскендіктен+, Ыбырам уақытша* Мысырға көшті+. 11  Мысырға жақындағанда, ол әйелі Сарайға мынаны айтты: “Сөзіме құлақ түрші, сен өте сұлу әйелсің+. 12  Саған мысырлықтардың көзі түсіп “мынау — оның әйелі” дері сөзсіз. Сонда олар мені өлтіріп, сені тірі қалдырады. 13  Сондықтан жамандыққа ұшырамай, сенің арқаңда жаным аман қалу үшін, өзіңді менің қарындасым деп айтшы+”. 14  Ыбырам Мысырға келген бойда, мысырлықтар Сарайдың өте сұлу әйел екенін байқады. 15  Перғауынның адамдары да әйелді көріп, оны оған мақтап барды. Сонда ол әйелді сарайына алдыртты. 16  Перғауын әйел үшін Ыбырамға оң көзбен қарап, оған көп қой, ірі қара, есек, түйе және құлдар мен күңдер берді+. 17  Бірақ Ехоба Ыбырамның әйелі Сарайға+ бола перғауын мен оның үй ішіне ауыр індеттер* жіберді. 18  Сонда перғауын Ыбырамды шақырып алып: “Бұл не қылғаның? Неге маған оның өз әйелің екенін айтпадың? 19  Неліктен оны қарындасым дедің+? Мен оны әйелдікке ала жаздадым ғой. Міне, әйелің. Оны ал да, кет!”— деді. 20  Сөйтіп, перғауын қызметшілеріне Ыбырам жайында бұйрық беріп, олар оны әйелімен және бар меншігімен қоса жолға шығарып салды+.

Сілтемелер

Немесе “жатжерлік ретінде тұру үшін”.
Немесе “апаттар”.