Мұсаның 1-жазбасы 21:1—34
21 Ехоба өзі айтқандай, Сараға назар аударды. Ехоба берген уәдесін+ орындап,
2 Сара жүкті болды+. Сөйтіп, Құдай уәде еткен уақытта егде жастағы Ыбырайымға ұл сыйлады+.
3 Ыбырайым Сара туған баланың есімін Ысқақ*+ деп қойды.
4 Құдай өзіне бұйырғандай, ол оны сегізінші күні сүндеттеді+.
5 Ысқақ туылғанда, Ыбырайым 100 жаста еді.
6 Сара: “Құдай маған күлкі сыйлады, мұны естігендердің бәрі менімен бірге күлетін* болады”,— деді.
7 Сосын былай деп қосты: “Ыбырайымның әйелі Сара бала емізеді деп кім ойлаған?! Міне, қартайған шағында мен оған ұл тауып бердім”.
8 Бала өсіп, емшектен шығаратын кез келді. Ысқақ емшектен шыққан күні Ыбырайым үлкен той жасады.
9 Бірде Сара мысырлық Ажардың+ Ыбырайымға туып берген ұлының Ысқақты келеке-мазақ етіп+ жүргенін байқады.
10 Сонда ол Ыбырайымға: “Мына күңді ұлымен бірге қуып жібер, күңнің ұлы менің ұлым Ысқақпен бірге мұрагер болмайды+!”— деді.
11 Алайда ұлына қатысты бұл сөзге Ыбырайымның көңілі түсіп кетті+.
12 Сонда Құдай оған былай деді: “Сараның балаң мен күңің туралы айтқанына көңілің түспесін. Оның сөзіне құлақ ас, себебі саған уәде етілген ұрпақ Ысқақтан шығады+.
13 Ал күңнің ұлына+ келсек, одан да халық таратамын+, өйткені ол да сенің ұрпағың”.
14 Содан Ыбырайым таңертең ерте тұрып, нан және су құйылған мес алып, Ажардың иығына артып берді де, оны баласымен бірге шығарып салды+. Ажар жолға шыққан соң, Бер-Шебадағы+ шөлді кезіп жүрді.
15 Местегі су таусылғанда, ол баласын бір бұтаның түбіне қалдырды да,
16 өзі іштей: “Баланың өлгенін көре алмаймын”,— деп, баласынан оқ жетер жерге барып отырды. Сол жерде отырып, дауыс көтеріп, жылап жіберді.
17 Құдай баланың даусын естіді+. Сонда Құдайдың періштесі көктен Ажарға дауыстап+: “Ажар, неге жылап отырсың? Қорықпа, ана жерде жатқан баланың даусы Құдайдың құлағына жетті.
18 Бар да, баланы қолыңмен демеп, орнынан тұрғыз, мен одан ұлы халық шығарамын+”,— деді.
19 Құдай Ажардың көзін ашып, ол бір құдықты көрді. Соның қасына барып, месті суға толтырды да, балаға ішкізді.
20 Құдай балаға+ жар болып жүрді. Ол есейіп, шөл даланы мекендеп, садақшы болды.
21 Ысмағұл Паран шөлінде+ тұрып жатты, анасы оған Мысыр елінен әйел алып берді.
22 Сол кезде Әбумәлік қолбасшысы Пихолмен келіп, Ыбырайымға мынаны айтты: “Құдайдың сізге барлық істе батасын беріп жатқанын көрдік+.
23 Сондықтан маған да, ұлдарым мен үрім-бұтағыма да ешқандай арамдық жасамаймын деп осы жерде Құдай алдында ант етіңіз. Сондай-ақ мен сізге көрсеткендей, сіз де маған және өзіңіз жатжерлік болып тұрып жатқан осы жердің халқына айнымас сүйіспеншілік көрсетемін деп ант етіңіз+”.
24 Сонда Ыбырайым: “Ант етемін”,— деді.
25 Кейін Ыбырайым Әбумәлікке қызметшілері күшпен тартып алған құдығы жайлы айтып, наразылық білдіргенде+,
26 ол: “Мұны кім істегенін білмеймін. Бұл туралы сіз маған айтқан жоқсыз ғой, естіп тұрғаным осы”,— деп жауап берді.
27 Сонда Ыбырайым қойы мен ірі қарасынан мал таңдап алып, Әбумәлікке беріп, екеуара келісім жасасты.
28 Ол жеті ұрғашы тоқтыны алып, өз алдына бөлек қойды.
29 Әбумәлік сонда: “Мына жеті тоқтыны неге бөлек қойдыңыз?”— деп сұрады.
30 Ол: “Осы құдықты менің қазғандығымның куәсі ретінде жеті тоқтыны менің қолымнан алыңыз”,— деді.
31 Сол себептен ол бұл жерді Бер-Шеба*+ деп атады, өйткені осында екеуі де ант берген еді.
32 Екеуі Бер-Шебада келісім жасасқан+ соң, Әбумәлік қолбасшысы Пихолмен філістірлер+ жеріне қайтып кетті.
33 Бұдан кейін Ыбырайым Бер-Шебада жыңғыл ағашын егіп, сол жерде мәңгі тірі Құдай+ Ехобаның есімін мадақтады+.
34 Содан ол філістірлер жерінде жатжерлік ретінде ұзақ уақыт тұрды+.
Сілтемелер
^ Мағынасы “күлкі”.
^ Мүмкін: “маған күлетін”.
^ Мағынасы “ант құдығы” не “жетеудің құдығы” болса керек.