Мұсаның 2-жазбасы 11:1—10

  • 10-жазаның хабарлануы (1—10)

    • Исраилдіктердің сый-тарту сұрауы (2)

11  Ехоба Мұсаға былай деді: “Перғауын мен Мысырға тағы бір жаза жіберемін. Содан кейін ол сендерді бұл жерден жібереді+. Жіберіп қана қоймай, елінен біріңді қалдырмай қуып шығады+.  Енді халыққа айтып бар: еркектері де, әйелдері де көршілерінен алтын-күміс бұйымдар сұрап алсын+”.  Ехоба мысырлықтарды өз халқына оң көзбен қаратты. Мұсаның да Мысыр жұртшылығы мен перғауын қызметшілерінің алдында абыройы артқан еді.  Мұса перғауынның қасынан кетпей тұрып, оған былай деген болатын: “Ехоба: —Түн ортасында мен Мысыр жерін аралап өтемін+.  Сонда мысырлықтардың тұңғыш балаларының бәрі: тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап қолдиірмен тартып отырған күңнің тұңғышына дейін — өледі+. Малдардың да алғашқы төлдері қырылады+.  Күллі Мысыр елі зар еңірейтін болады. Мұндай қайғы бұрын-соңды болған емес, бұдан кейін де болмайды+.  Ал исраилдіктерге және олардың малына тіпті ит те үрмейтін болады. Осыдан Ехобаның мысырлықтар мен исраилдіктердің араларын ажыратып қойғанын білесіңдер+,— дейді.  Сонда қызметшілеріңнің бәрі алдыма келіп, жерге бас ұрып тағзым етеді де: —Өзің де, халқың да түгел бұл жерден кетіңдер,— деп өтінетін болады+. Мен содан кейін кетемін”. Осыны айтқан соң, қатты ашуланған Мұса перғауынның алдынан шығып кетті.  Ехоба Мұсаға: “Перғауын сендерді тыңдамайды+. Мысыр елінде көптеген керемет көрсетуім үшін осылай болмақ+”,— деп те айтқан еді. 10  Мұса мен Харон перғауынның алдында осы кереметтердің бәрін көрсетті+. Бірақ Ехоба перғауынның жүрегінің қасарысуына жол бергендіктен, ол исраилдіктерді елінен жібермей қойды+.

Сілтемелер