Мұсаның 2-жазбасы 22:1—31
22 Егер әлдекім бұқа не қой ұрлап, оны сойып алса немесе сатып жіберсе, бір бұқаның орнына бес бұқа, бір қойдың орнына төрт қой қайтарсын+.
2 (Біреу үйіне бұзып кіріп жатқан ұрының+ үстінен түсіп, оны ұрып өлтіріп қойса, қаны мойнына жүктелмейді.
3 Ал егер бұл жайт күндіз орын алса, қаны мойнына жүктеледі.)
Ұры келтірген залалының орнын толтыруы керек. Егер берер ештеңесі болмаса, ұрланған заттың құнын өтеу үшін ол құлдыққа сатылсын.
4 Егер ұрланған мал — мейлі ол бұқа, есек не қой болсын — ұрының қолынан тірідей табылса, малды екі есе етіп қайтаруы керек.
5 Егер біреу танапта не жүзімдікте жайылып жүрген малының басқа біреудің танабына түсуіне жол берсе, ол өз танабының не жүзімдігінің ең жақсы өнімінен беріп, келтірілген шығынды өтесін.
6 Өрт шығып, тікенді бұталарға дейін жайылып, содан біреудің өсіп тұрған не бауланған егіні немесе бүкіл танабы жанып кетсе, өрт қойған адам келтірілген залалдың орнын толтыруы керек.
7 Әлдекім біреуге ақшасын не қандай да бір затын аманаттаса, бірақ бұл оның үйінен ұрланып, кейін ұры қолға түссе, онда ұры оны екі есе етіп қайтарсын+.
8 Ал ұры табылмаса, үй иесі әлгі кісінің меншігіне қол сұққан-сұқпағанын анықтау үшін Құдайдың алдына апарылсын+.
9 Егер екі кісі бұқаны, есекті, қойды, киім-кешек не басқа да жоғалған затты менікі деп дауласса, бұл іс Құдайдың алдында қаралу керек+. Құдай кімді айыпты деп тапса, сол оның құнын екі есе етіп қайтарсын+.
10 Кімде-кім есегін, бұқасын, қойын не басқа бір малын біреуге аманаттап, бірақ сол мал өліп не майып болып қалса, я болмаса біреу оны тартып әкетсе, бірақ мұны ешкім көрмеген болса,
11 онда малды қарауға алған кісі мал иесінің меншігіне қол сұқпағанын айтып, Ехобаның атымен ант етсін. Мал иесі оның антын қабыл алсын, ал ол ештеңе төлемесін+.
12 Алайда малды ұрлатып алса, иесіне құнын төлеу қажет.
13 Ал егер малды жыртқыш аң жарып кетсе, дәлел ретінде өлігін әкеп көрсетсін. Жыртқыш аңға жем болған мал үшін ол ештеңе төлемейді.
14 Біреу әлдекімнен пайдалана тұруға мал сұрап алып, онысы кейін майып болса не өліп қалса, алған адам малдың құнын төлеу керек.
15 Бірақ бұл жағдай иесінің көз алдында орын алса, малдың құны төленбейді. Ал мал жалға алынған болса, онда шығын жалға төленген ақшамен жабылсын.
16 Егер біреу ешкімге атастырылмаған пәк қызды еліктіріп, онымен жақындасса, онда қалыңмалын төлеп, қызға үйленсін+.
17 Ал әкесі қызын беруге үзілді-кесілді қарсы болса, айыпкер бәрібір қалыңмалдың көлеміндей құн төлесін.
18 Бақсыларды тірі қалдырма+.
19 Жануармен жақындасатын әркім өлтірілсін+.
20 Ехобадан басқа құдайларға құрбандық шалатын адамның көзі құртылсын+.
21 Жатжерлікке қысым көрсетіп, жәбірлеме+. Кезінде өзің де Мысырда жатжерлік болдың ғой+.
22 Жесірлер мен жетімдерге қиянат жасама+.
23 Олар сенен қиянат көріп, маған жалбарынса, зарларына сөзсіз құлақ асамын+.
24 Сонда қаһарыма мініп, сені семсердің жүзімен жоямын. Сөйтіп, әйелің жесір, балаларың жетім қалады.
25 Халқымның арасындағы мұқтаж адамға қарызға ақша берсең, пайдакүнемдер сияқты, одан өсім ақша талап етпе+.
26 Біреудің киімін кепілдікке алсаң+, оны күн батқанша қайтарып бер.
27 Өйткені бұл — оның үстін жабатын жалғыз жамылғысы. Бұнсыз ол не жамылып жатпақ+? Ол маған жалбарынса, зарына құлақ асамын, себебі мен жанашырмын+.
28 Құдайға тіл тигізбе+, халқыңның басшысын да қарғама+.
29 Жинаған мол өніміңнен, астаудағы ағыл-тегіл жүзім шырыны мен майыңнан сый-тарту ұсынғанда, екіойлы болма+. Ұлдарыңның тұңғышын маған бағышта+.
30 Сиыр мен қойдың алғаш туылған төлдері+ жеті күн енелерінің бауырында болсын, ал сегізінші күні оларды маған ұсын+.
31 Менің алдымда қасиетті халық болыңдар+. Далада жыртқыш аң жарып кеткен малдың етін жемеңдер+, оны итке тастаңдар.