Мұсаның 2-жазбасы 23:1—33

  • Исраилге берілген қосымша заңдар (1—19)

    • Адал да әділ әрекет етуге қатысты (1—9)

    • Демалыс пен мейрамдарға қатысты (10—19)

  • Исраилді жетелеу үшін періштенің жіберілуі (20—26)

  • Иемденетін жер мен оның шегарасы (27—33)

23  Лақап сөз таратпа+. Біреуге қастық оймен жалған куәлік беріп, зұлым адамға қосылма+.  Көпшілікке еріп, зұлымдық жасама. Дауда куәлік бергенде, жұрттың ықпалына беріліп, шындықты бұрмалама.  Кедейдің дауын қарастырғанда, алалаушылық танытпа+.  Жауыңның адасып жүрген бұқасын не есегін көрсең, иесіне апарып бер+.  Өзіңді жек көретін адамның есегі жүк астында қалып, тұра алмай жатқанын көрсең, мән берместен өтіп кетпе. Есегінің жүгін түсірісіп, әлгі адамға көмектес+.  Кедейдің ісін қарастырғанда, әділдікті бұрмалама+.  Жалған айып тағудан аулақ бол. Жазықсыз бен әділді өлімге бұйырма, мұндай зұлымдыққа барған адамды мен ақтамаймын+.  Пара алма. Пара соттың көзін соқыр етіп, әділдің сөзін бұрмалайды+.  Жатжерлік адамға жәбір көрсетпе. Өйткені өзің де Мысырда жатжерлік болғандықтан, мұның не екенін жақсы білесің+. 10  Алты жыл бойы жеріңе егін егіп, өнімін жина+. 11  Ал жетінші жылы жеріңді өңдеме, тынықсын. Халқыңның арасындағы кедей адамдар содан өсіп шыққанды жесін, ал олардан қалғанын даладағы аң-құстар қорек етсін. Жүзімдігіңмен де, зәйтүн бақтарыңмен де осылай істе. 12  Алты күн бойы жұмысыңды істе, бірақ жетінші күні барлық жұмысыңнан демал. Сонда бұқаң мен есегің тынығып, құлдарың мен жатжерлік адамдарың күш жинап алады+. 13  Осы айтқандарымның бәрін мұқият орында+. Басқа құдайлардың атын атама, аузыңа да алма+. 14  Жылына үш рет маған арнап мейрам өткіз+. 15  Ашымаған нан мейрамын атап өт+. Өзіңе бұйырғанымдай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан же. Мұны абиб*+ айының белгіленген мезгілінде өткіз, өйткені Мысырдан сол кезде көшіп шыққансың. Ешкім менің алдыма құралақан келмесін+. 16  Сондай-ақ танапқа еккеніңнің алғашқы өнімін жинағанда, Алғашқы өнім мейрамын* тойла+. Ал жыл соңында тер төгіп өсірген өніміңді жинап алғанда, Сабантой мейрамын* өткіз+. 17  Жылына үш рет ер адамдар Құдай Ие Ехобаның алдына келсін+. 18  Мен үшін шалынған құрбандықтың қанын ашытылған еш нәрсемен қосып ұсынба. Маған арналған мейрамда шалынған құрбандықтың майы таң атқанша қалмасын. 19  Жеріңнен жинаған алғашқы өніміңнің ең жақсысын Ехоба Құдайыңның үйіне алып кел+. Лақтың етін енесінің сүтіне пісірме+. 20  Сені жолда қорғап, мен дайындаған жерге апарсын деп+, алдыңнан періште жіберіп отырмын+. 21  Оның алдында қалай жүріп-тұратыныңа ден қой және айтқандарын тыңда. Оған қарсыласушы болма, өйткені ол сенің қылмысыңды кешірмейді+. Ол менің атымнан әрекет етеді. 22  Ал егер оған толықтай құлақ асып, менің айтқандарымды түгел орындасаң, жауларыңа жау болып, саған қарсы шыққандарға қарсы шығамын. 23  Періштем алдыңда жүріп отырып, сені аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, қанахандықтар, хевтіктер мен ебустіктердің жеріне алып барады. Мен соларды құртамын+. 24  Олардың тәңірлеріне бас иіп, құлшылық етпе, істегендеріне еліктеме+. Қайта, тәңір мүсіндерін талқандап, қасиетті тас бағаналарын* қиратып таста+. 25  Ехоба Құдайыңа қызмет ет+, сонда ол сені нан-сумен жарылқайды+. Мен араларыңнан ауру атаулыны аластатамын+. 26  Еліңде түсік тастайтын не құрсақ көтермейтін әйел болмайды+. Мен саған ұзақ ғұмыр сыйлаймын. 27  Жол-жөнекей кезігетін барлық халық сені көрмей тұрып-ақ, мен туралы естіп зәре-құты қалмайды+. Мен оларды әбігерге түсіріп, жауларыңның бәрін кері қашуға мәжбүрлеймін+. 28  Сен келмес бұрын хевтіктер, қанахандықтар мен хеттіктердің жігерін жасытамын*+. Сондықтан олар сенен қашатын болады+. 29  Мен осы халықтарды бір жылдың ішінде қуып шықпаймын, әйтпесе жер қаңырап бос қалып, қауіпті жабайы аңдар көбейіп кетеді+. 30  Өсіп-өніп, сол елді иемденіп алғаныңша, оларды біртіндеп қуып шығамын+. 31  Сенің шегараң Қызыл теңізден бастап філістірлердің теңізіне дейін, шөл даладан бастап Евфрат өзеніне дейін болады+. Сол елдің тұрғындарын қолыңа беремін, сен оларды қуып шығасың+. 32  Олардың өздерімен де, құдайларымен де келісім жасама+. 33  Маған қарсы күнә жасауыңа түрткі болмау үшін, сол халықтарды еліңде тұрғызба. Егер олардың құдайларына құлшылық етсең, бұл сен үшін тұзақ болады+”.

Сілтемелер

“Апталар мейрамы”, “Елуінші күн мейрамы” деп те аталады.
“Күркелер мейрамы” (Уақытша баспана) деп те аталады.
Мүмкін: “абыржытамын; жан ұшыра қорқытамын”.