Мұсаның 2-жазбасы 29:1—46

  • Діни қызметке тағайындалу (1—37)

  • Күн сайын ұсынылатын тарту (38—46)

29  Оларды менің діни қызметкерлерім ретінде қасиетті ету үшін мынаны істе: еш кемістігі жоқ жас бұқа мен екі қошқар ал+.  Сондай-ақ ашытқысыз пісірілген нан, май қосып ашытқысыз пісірілген тесік күлше және май жағылған пәтір* нан ал+. Оларды сапалы бидай ұнынан дайындап,  бәрін бір себетке сал+. Осы себеттегі нандарды бұқа және екі қошқармен бірге әкел.  Харон мен оның ұлдарын кездесу шатырының кіреберісіне алып кел+, олар сол жерде жуынсын+.  Кейін киімдерді+ алып, Харонға кигіз. Алдымен, ұзын жеңді көйлекті, сыртынан жеңсіз көйлек пен ефодты кигізіп, төсқалтаны байла, сосын белін тоқылған белбеумен мықтап бу+.  Басына сәлдені кигізіп, оның маңдай тұсына Құдайға бағышталғанының киелі белгісін тақ+.  Содан соң майлау рәсіміне арналған майды+ ал да, басына құйып майла+.  Кейін Харонның ұлдарын жақындатып, оларға ұзын жеңді көйлек кигіз+.  Сосын Харон мен оның ұлдарының белдерін белбеумен буып, баскиімдерін кигіз. Бұдан былай діни қызмет солардың үлесінде болады+. Міне, осылайша Харонды және оның ұлдарын діни қызметке тағайында+. 10  Содан кейін кездесу шатырының алдына бұқаны әкел. Харон мен оның ұлдары бұқаның басына қолдарын қойсын+. 11  Бұдан соң Ехобаның алдында, кездесу шатырының кіреберісінде бұқаны сой+. 12  Бұқаның қанынан саусағыңмен алып, құрбандық ошағындағы мүйіздерге+ жақ та, қалған қанды оның түбіне төк+. 13  Малдың барлық ішмайын+, бауыр бетіндегі майды, сондай-ақ екі бүйрегін майымен қоса алып, құрбандық ошағында өртеп жібер+. 14  Ал бұқаның етін, терісі мен жынын қостың сыртына шығарып өрте. Бұл — күнә үшін әкелінетін құрбандық. 15  Сосын қошқардың біреуін алдырт. Харон мен оның ұлдары қошқардың басына қолдарын қойсын+. 16  Оны бауыздап, қанын құрбандық ошағының барлық жағына бүркіп шық+. 17  Қошқарды бөлшектеп, ішек-қарны мен сирақтарын жуып+, бөліктерді басына дейін қарама-қарсы қойып шық. 18  Оны түгелімен құрбандық ошағының үстінде өртеп жібер. Бұл — Ехобаға арнап түгел өртейтін құрбандық, оған ұнамды хош иіс+. Бұл — Ехобаға өртеп ұсынатын тарту. 19  Содан кейін екінші қошқарды алдырт. Харон мен оның ұлдары қошқардың басына қолдарын қойсын+. 20  Қошқарды сойып, қанын Харон мен оның ұлдарының оң құлағының сырғалығына, оң қолы мен оң аяғының бас бармақтарына жақ, сондай-ақ құрбандық ошағының барлық жағына бүркіп шық. 21  Сосын құрбандық ошағындағы қаннан және майлау рәсіміне арналған майдан алып+, Харон мен оның киіміне, сондай-ақ ұлдары мен олардың киіміне бүркі. Осылай Харон мен оның киімі, ұлдары мен олардың киімі Құдай қызметіне арналады+. 22  Қошқардың бүкіл майын: құйрық майын, ішмайын, бауыр бетіндегі майын, екі бүйрегін майымен бірге+, сондай-ақ оң аяғын ал. Өйткені бұл — діни қызметке тағайындау кезінде сойылатын қошқар+. 23  Сондай-ақ Ехобаның алдындағы ашытқысыз пісірілген наны бар себеттен күлше нан, май қосып пісірілген тесік күлше және май жағылған пәтір нанды ал. 24  Осының бәрін Харон мен оның ұлдарының қолына қойып, оны тербеп әкелетін тарту ретінде Ехобаның алдында әрі-бері тербет. 25  Сосын мұны олардың қолынан алып, құрбандық ошағында өртелетін құрбандықтың үстіне қойып, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп жібер. Бұл — Ехобаға өртеп ұсынатын тарту. 26  Харонды діни қызметке тағайындау кезінде сойылған қошқардың төсін алып+, оны тербеп әкелетін тарту ретінде Ехобаның алдында әрі-бері тербет. Бұл төс сенің үлесің болмақ. 27  Харон мен оның ұлдары үшін діни қызметке тағайындау кезінде сойылған қошқардың бөліктерін, яғни тарту ретінде тербеп ұсынылған төсті және қасиетті бөлік ретінде ұсынылған аяқты, бөлек алып қой*+. 28  Олар қасиетті бөлік болғандықтан, Исраил ұлдары мәңгілік орындауы керек нұсқау бойынша, Харон мен оның ұлдарының үлесіне тиеді. Бұлар — исраилдіктер беретін қасиетті бөлік+. Бұл бөлікті олар татулық құрбандықтарынан Ехобаға ұсынады+. 29  Хароннан кейін оның киелі киімдерін+ ұлдары майлау рәсімі жасалып, діни қызметке тағайындалғанда киетін болады+. 30  Оның орнын діни қызметкер ұлдарының бірі басып, қасиетті орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіргенде, киімді жеті күн бойы киіп жүреді+. 31  Діни қызметке тағайындау кезінде сойылған қошқардың етін алып, қасиетті орында қайнатып пісір+. 32  Харон мен оның ұлдары сол қошқардың еті мен себеттегі нанды кездесу шатырының алдында жесін+. 33  Олар діни қызметкерлер ретінде тағайындалу және қасиетті болу үшін, күнәларының өтемі ретінде берілген осы құрбандықты жесін. Бірақ бұны бөтен* ешкім жемесін, өйткені ол қасиетті+. 34  Егер тағайындау кезінде сойылған құрбандықтың етінен және наннан таңертеңге дейін қалып қойса, өртеп жібер+. Оны жеуге болмайды, өйткені ол қасиетті. 35  Харон мен оның ұлдарына қатысты бұйрығымды түгел орында. Оларды діни қызметке тағайындау рәсімі жеті күн уақыт алады+. 36  Күнәні өтеу үшін күн сайын бір бұқаны құрбандыққа* шал. Сондай-ақ құрбандық ошағын күнәдан тазарту үшін де құрбандық шал және қасиетті ету үшін оған майлау рәсімін жаса+. 37  Құрбандық ошағын күнәдан тазарту жеті күн уақыт алады. Ол аса киелі құрбандық ошағы+ болу үшін, оны Құдайға бағышта*. Құрбандық ошағының жанында қызмет ететін адам қасиетті болу керек. 38  Құрбандық ошағында күн сайын бір жасар екі қошқар ұсын+. 39  Олардың біреуін таңертең, екіншісін екі кештің арасында құрбандыққа шал+. 40  Бірінші қошқармен бірге құрбандыққа көлемі хиннің төрттен бір бөлігі* болатын таза май араластырылған сапалы ұн әкел, ұнның көлемі ефаның оннан бір бөлігі* болсын. Сондай-ақ сұйық тарту ретінде хиннің төрттен бір бөлігі болатын шарап әкел. 41  Екінші қошқарды құрбандыққа екі кештің арасында әкелесің. Оны да таңертеңгі құрбандық сияқты сұйық және астық тартумен бірге әкел. Бұл — Ехобаға ұнамды хош иіс әрі оған өртеп ұсынатын тарту. 42  Бұл — күллі келер ұрпақтарың да кездесу шатырының кіреберісінде Ехобаның алдына әрдайым ұсынуы керек өртелетін құрбандық. Мен сол жерде халыққа көрініп, өзіңмен сөйлесетін боламын+. 43  Мен сол жерде исраилдіктерге көрінемін, әрі менің ұлылығымнан+ сол жер киелі болмақ. 44  Мен кездесу шатырын, құрбандық ошағын, сондай-ақ діни қызметкерім болу үшін Харон мен оның ұлдарын қасиетті етемін+. 45  Исраил халқының арасында мекендеп, олардың Құдайы боламын+. 46  Сонда олар араларында мекендеу үшін Мысырдан алып шыққан Құдайлары Ехоба екенімді біледі+. Мен олардың Құдайы Ехобамын.

Сілтемелер

Яғни ашытқысыз пісірілген жұқа нан.
Немесе “қасиетті ет”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Яғни Харонның әулетіне жатпайтын адам.
Сөзбе-сөз “күнә үшін әкелінетін құрбандыққа”.
Немесе “қасиетті ет”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Яғни 0,9 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Яғни 2,2 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.