Мұсаның 3-жазбасы 4:1—35
-
Күнә үшін әкелінетін құрбандық (1—35)
4 Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға былай деді:
2 “Исраилдіктерге мынаны айт: —Егер әлдебір жан Ехоба тыйым салғанды істеп, байқаусызда күнә жасап қойса+, былай істеу керек:
3 Егер майланған* діни қызметкер+ күнә жасап+, сол арқылы бүкіл халықты айыпты етсе, жасаған күнәсі үшін Ехобаға еш кемістігі жоқ жас бұқа әкелсін. Бұл — күнә үшін әкелінетін құрбандық+.
4 Ол бұқаны кездесу шатырының кіреберісіне+, Ехобаның алдына әкеліп, оның басына қолын қойсын. Сосын бұқаны Ехобаның алдында сойсын+.
5 Майланған діни қызметкер+ оның қанынан алып, кездесу шатырына кірсін.
6 Ол саусағын қанға малып+, Ехобаның алдында, яғни қасиетті орындағы шымылдықтың алдына жеті рет бүркісін+.
7 Бұдан соң ол қаннан алып, киелі шатырда Ехобаның алдында тұрған хош иісті зат түтететін үстелдің мүйіздеріне жақсын+. Ал қалған қанды кездесу шатырының кіреберісіндегі құрбандық ошағының түбіне төксін+.
8 Бұдан кейін ол күнә үшін әкелінген бұқаның бар майын, атап айтқанда: тері асты майы мен ішмайын,
9 бүйрек майымен бірге екі бүйрегін — алсын. Бүйректермен қоса бауыр бетіндегі майды да алсын+.
10 Татулық құрбандығы ретінде әкелінген бұқадан не алынса, осы бұқадан да сол алынсын+. Сосын діни қызметкер мұның бәрін құрбандық ошағында өртеп жіберсін.
11 Ал бұқаның терісі мен бар етін, бас-сирағын, ішек-қарнын, жынын+,
12 яғни бұқадан қалғанның бәрін қос сыртына шығарсын да, күл* төгетін таза жерге апарып, жанып жатқан отынның үстіне қойып, өртеп жіберсін+. Бұл күл төгетін жерде өртелу керек.
13 Егер бүкіл Исраил қауымы Ехоба тыйым салғанды істеп, байқаусызда күнә жасап қойса+, бірақ қауым бұл туралы білмесе, бәрібір айыпты болады+.
14 Кейін өздерінің күнә жасағанын білгенде, қауым кездесу шатырының алдына күнә үшін құрбандыққа жас бұқа әкелсін.
15 Қауым ақсақалдары Ехобаның алдында бұқаның басына қолдарын қойсын. Сосын бұқа Ехобаның алдында сойылсын.
16 Майланған діни қызметкер бұқаның қанын алып, кездесу шатырына кіреді.
17 Ол саусағын қанға малып, Ехобаның алдында, яғни шымылдықтың+ алдына жеті рет бүркиді.
18 Ол қаннан біраз алып, киелі шатырда Ехобаның алдында тұрған хош иісті зат түтететін үстелдің+ мүйіздеріне жағады. Қалған қанды кездесу шатырының кіреберісіндегі құрбандық ошағының+ түбіне төгеді.
19 Сосын бұқаның бүкіл майын алып, құрбандық ошағында өртеп жібереді+.
20 Күнә үшін әкелінген алдыңғы бұқаға не істесе, бұған да дәл соны істесін. Осылайша діни қызметкер халықтың күнәсін өтейді+, сөйтіп, олар кешірімге ие болады.
21 Ол бұқаны қос сыртына шығарып, алдыңғы бұқаны өртегені сияқты, мұны да өртейді+. Бұл — қауымның күнәсі үшін әкелінетін құрбандық+.
22 Егер басшылардың+ біреуі Ехоба Құдай тыйым салған нәрсенің бірін істеп, абайсызда күнә жасап, айыпты болса,
23 я болмаса осы тыйым салынған нәрсенің бірін істеп, бірақ күнә жасағанын кейін білсе, онда құрбандыққа еш кемістігі жоқ жас теке алып келсін.
24 Ол текенің басына қолын қойып, сосын оны Ехобаның алдында түгел өртелетін құрбандық сойылатын жерде сойсын+. Бұл — күнә үшін әкелінген құрбандық.
25 Діни қызметкер күнә үшін әкелінген құрбандықтың қанына саусағын малып, құрбандық ошағының мүйіздеріне жағады+. Қалған қанды ошақтың түбіне төгеді+.
26 Татулық құрбандығының майын өртегендей, мұның да бүкіл майын құрбандық ошағында өртейді+. Осылай діни қызметкер оның күнәсін өтейді, сөйтіп, ол кешірімге ие болады.
27 Егер қарапайым халықтан біреу Ехоба тыйым салған нәрсенің бірін істеп, күнә жасап қойып, айыпты болса+,
28 я болмаса осы тыйым салынған нәрсенің бірін істеп, бірақ күнә жасағанын кейін білсе, күнәсі үшін құрбандық ретінде еш кемістігі жоқ жас ешкі алып келсін.
29 Ол күнәсі үшін әкелген құрбандығының басына қолын қойып, оны түгел өртелетін құрбандық сойылатын жерде сойсын+.
30 Діни қызметкер ешкінің қанына саусағын малып, құрбандық ошағының мүйіздеріне жағады. Ал қалған қанды ошақтың түбіне төгеді+.
31 Ол татулық құрбандығының майын алғандай+, ешкінің де бүкіл майын алып+, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде құрбандық ошағының үстінде жағып жібереді. Осылайша діни қызметкер оның күнәсін өтейді, сөйтіп, ол кешірімге ие болады.
32 Егер адам күнәсі үшін тоқты әкелетін болса, онысы еш кемістігі жоқ ұрғашы тоқты болсын.
33 Ол тоқтының басына қолын қойып, оны түгел өртелетін құрбандық сойылатын жерде күнә үшін әкелетін құрбандық ретінде сойсын+.
34 Діни қызметкер тоқтының қанына саусағын малып, құрбандық ошағының мүйіздеріне жағады+. Ал қалған қанды ошақтың түбіне төгеді.
35 Ол татулық құрбандығы ретінде әкелінген жас қошқардың майын алғандай, мұның да бүкіл майын алып, ошақтағы Ехобаға арналған өртелетін құрбандықтардың үстіне қойып, жағып жібереді+. Осылай діни қызметкер оның жасаған күнәсін өтейді де, ол кешірімге ие болады+.