Мұсаның 3-жазбасы 6:1—30

  • Басқа да айып құрбандықтары (1—7)

  • Құрбандықтарға қатысты заңдар (8—30)

    • Түгел өртелетін құрбандық (8—13)

    • Астық тартуы (14—23)

    • Күнә үшін әкелінетін құрбандық (24—30)

6  Ехоба Мұсаға тағы былай деді:  “Әлдебір жан Ехобаға адалдық танытпай+, біреудің өзіне аманаттаған не сақтауға берген меншігіне қатысты өтірік айтса, ұрлық жасаса я алдаса+,  не жоғалғанды тауып алып, бірақ мұнысын мойындамаса, сондай-ақ осылардың бірін жасап тұрып, жасамадым деп жалған ант берсе+, былай істеуі керек:  ол күнә жасап, Құдай алдында айыпты болғандықтан, ұрлап, мәжбүрлеп не алаяқтық жасап алып қойғанын, сондай-ақ біреудің аманаттаған меншігін немесе тауып алған нәрсесін иесіне қайтарсын.  Жалған ант бергеннен келген залалдың да орнын толық толтырып+, залалдың құны қанша болса, үстіне сол құнның бестен бір бөлігін қосып берсін. Ол мұны иесіне кінәсі дәлелденген күні берсін.  Сонымен қатар айыбы үшін Ехобаға отарынан, белгіленген құнға сай, еш кемістігі жоқ қошқар әкелсін. Оны діни қызметкерге айып құрбандығы ретінде берсін+.  Діни қызметкер Ехобаның алдында оның күнәсін өтейді. Ол не істеп айыпты болмасын, онысы кешіріледі+”.  Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға мынаны айтты:  “Харон мен оның ұлдарына келесі бұйрығымды жеткіз: —Түгел өртелетін құрбандыққа қатысты заң мынадай+: түгел өртелетін құрбандық ошақта түні бойы, таң атқанша қалу керек. Ал ошақтағы от өшпесін. 10  Діни қызметкер қызмет кезінде киетін зығыр көйлегі мен дамбалын кисін+. Сөйтіп, ошақта өртелген құрбандықтың күлін+ алып, ошақтың жанына қойсын. 11  Содан соң үстіндегі киімін ауыстырып+, күлді қостың сыртындағы таза жерге шығарып тастасын+. 12  Құрбандық ошағындағы от үнемі жанып тұрсын, ешқашан сөнбесін. Діни қызметкер күнде таңертең оған отын салып+, үстіне түгел өртелетін құрбандықтың бөліктерін жайғастырып, сондай-ақ татулық құрбандығының майын қойып, оларды өртейтін болсын+. 13  Сонымен, құрбандық ошағында ұдайы от жанып тұрсын, ол ешқашан өшпесін. 14  Астық тартуына қатысты заң мынадай+: Харонның ұлдары оны Ехобаның алдына, құрбандық ошағының жанына әкелсін. 15  Сөйтіп, олардың бірі астық тартуы ретінде әкелінген сапалы ұнды, майды және тартудың үстіндегі бүкіл ладанды біруыс етіп алып, еске салатын тарту ретінде Ехобаға ұнамды хош иіс етіп өртеп жіберсін+. 16  Астық тартуынан қалғанды Харон мен оның ұлдары жеу керек+. Олар одан ашытқысыз нан пісіріп, қасиетті орында, кездесу шатырының ауласында, жесін+. 17  Оны ашытқы салмай пісіру керек+. Бұл — өртелетін тартуларымнан оларға берген үлесім+. Күнә үшін әкелінетін құрбандық пен айып құрбандығы секілді, ол да аса киелі+. 18  Оны Харонның барлық еркек кіндікті ұрпақтары жеу керек+. Бұл — Ехобаға арналған өртелетін тартулардан өздері де, келер ұрпақтары да алып отыратын сыбаға+. Оларға тигеннің бәрі қасиетті болады”. 19  Ехоба Мұсаға әрі қарай былай деді: 20  “Харон мен оның ұлдары өздеріне майлау рәсімі жасалған күні Ехобаға мынадай тарту ұсынсын+: сапалы ұннан ефаның оннан бір бөлігін*+, күн сайынғы астық тартуы+ ретінде, жартысын таңертең, жартысын кешке ұсынсын. 21  Ұн маймен араластырылып, табада пісірілсін+. Сосын нанды сындырып-сындырып, үстіне май құйып, пісірілген астық тартуы ретінде Ехобаға ұнамды хош иіс етіп ұсыну қажет. 22  Бұл — Харонның орнына діни қызметкер ретінде майланған ұрпағының міндеті+. Осы тартуды түгел өртелетін құрбандық ретінде Ехобаға арнап жағу керек. Бұл — мәңгілікке берілген нұсқау. 23  Діни қызметкер әкелген кез келген астық тартуы түгел өртелу керек. Оны жеуге болмайды”. 24  Бұдан кейін Ехоба Мұсаға мынаны айтты: 25  “Харон мен оның ұлдарына келесі сөзімді жеткіз: —Күнә үшін әкелінетін құрбандыққа+ қатысты заң мынадай: күнә үшін әкелінген мал түгел өртелетін құрбандық сойылатын жерде+, Ехобаның алдында сойылсын. Ол аса киелі. 26  Күнә үшін құрбандықты ұсынған діни қызметкер оның етін қасиетті орында, кездесу шатырының ауласында+, жесін+. 27  Құрбандықтың етіне тигеннің бәрі қасиетті болады. Егер оның қаны біреудің киіміне шашырап кетсе, оны қасиетті орында жуу керек. 28  Егер құрбандықтың еті қыш ыдыста қайнатылған болса, ыдыс сындырылсын. Ал мыс ыдыста қайнатылса, бұл ыдыс жақсылап тазартылып, сумен жуылсын. 29  Құрбандықтың етін діни қызметкер ер адамдардың бәрі жеу керек+. Ол аса киелі+. 30  Алайда күнә үшін әкелінген құрбандықтың қаны киелі шатырға кіргізіліп, қасиетті орында күнә өтелсе, оның етін жеуге болмайды+. Оны өртеп жіберу керек.

Сілтемелер

Яғни 2,2 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.