Мұсаның 3-жазбасы 7:1—38
7 Айып құрбандығына қатысты заң+ мынадай: бұл құрбандық аса киелі.
2 Айып құрбандығы түгел өртелетін құрбандық сойылатын жерде сойылып, қаны+ құрбандық ошағының барлық жағына бүркілсін+.
3 Діни қызметкер малдың бүкіл майын ұсынсын+. Атап айтқанда, құйрық майын, ішмайын,
4 бүйрек майымен бірге қос бүйрегін, бүйректерімен қоса бауыр бетіндегі майды алсын+.
5 Сөйтіп, ол бұлардың бәрін құрбандық ошағында Ехобаға арнап өртеп жіберсін+. Бұл — айып құрбандығы.
6 Оның етін діни қызметкер ер адамдардың барлығы қасиетті орында жесін+. Ол аса киелі+.
7 Айып құрбандығы күнә үшін әкелінген құрбандық сияқты ұсынылсын. Оның еті осы құрбандықпен күнәні өтеген діни қызметкердің үлесіне тиеді+.
8 Біреудің түгел өртелетін құрбандыққа әкелген малын ұсынған діни қызметкер оның терісін алады+.
9 Тандырда, қазанда, табада пісірілген әрбір астық тартуын+ оны Құдайдың алдында ұсынған діни қызметкер алады. Ол соның үлесіне тиеді+.
10 Ал май қосылған не құрғақ күйі әкелінген ұн+ Харонның барлық ұлдарына теңдей бөлініп берілсін.
11 Ехобаға ұсынылатын татулық құрбандығына+ қатысты заң мынадай:
12 егер адам оны ризашылық білдіру үшін әкелсе+, ризашылық құрбандығымен бірге ашытқысыз пісіріп, май қосылған тесік күлше және май жағылған пәтір нан, сондай-ақ сапалы ұннан жақсылап илеп пісірілген әрі май сіңдірілген тесік күлше алып келсін.
13 Ол осы тартуларға қоса, ашытып пісірілген тесік күлше және ризашылық білдіру үшін әкелген татулық құрбандығын ұсынсын.
14 Ол нандардың әрқайсысынан бір-бірден қасиетті бөлік ретінде Ехобаға ұсынсын. Бұлар татулық құрбандығының қанын ошаққа бүркіген діни қызметкердің үлесіне тиеді+.
15 Ризашылық білдіру үшін әкелінген татулық құрбандығының етін құрбандық шалынған күні жеу керек. Оны таңертеңге дейін қалдыруға болмайды+.
16 Егер адам серт құрбандығын+ не ерікті құрбандық+ әкелсе, оның етін шалған күні жеу керек. Артылып қалғанын келесі күні де жесе болады.
17 Ал үшінші күнге қалған етті өртеп жіберу керек+.
18 Егер татулық құрбандығының еті үшінші күні желінсе, оны әкелген адамға Құдай разы болмайды. Құрбандығынан да оған еш пайда жоқ. Бұл ет жеркенішті. Оны жеген жан күнәсі үшін жауапқа тартылады+.
19 Арам нәрсеге тиген етті жеуге болмайды. Оны өртеп жіберу керек. Ал арамдалмаған етті таза адам жеу керек.
20 Таза емес жан Ехобаға арналған татулық құрбандығының етін жесе, халқының арасынан оның көзі құртылсын+.
21 Әлдекім қандай да бір арам нәрсеге — мейлі адаммен байланысты арам нәрсеге+, арам жануарға+, кез келген арам да жеркенішті нәрсеге+ болсын — тиіп, Ехобаға арналған татулық құрбандығының етінен жесе, халқының арасынан оның көзі құртылуға тиіс”.
22 Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға былай деді:
23 “Исраилдіктерге мынаны айт: —Бұқаның, жас қошқардың не ешкінің ешқандай майын+ жемеңдер.
24 Ал арам өлген не аң жарып кеткен малдың майын қажеттеріңе пайдалана беріңдер, бірақ оны жеуші болмаңдар+.
25 Кімде-кім Ехобаға өртеп ұсыну үшін әкелінген құрбандықтың майын жесе, халқының арасынан оның көзі құртылсын.
26 Тұратын жерлеріңнің бәрінде қанды, мейлі ол құстікі не жануардікі болсын, жемеңдер+.
27 Қанды жеген жанның халқының арасынан көзі құртылсын+”.
28 Сосын Ехоба Мұсаға мынаны айтты:
29 “Исраилдіктерге былай де: —Ехобаға татулық құрбандығын+ әкелген адам соның бір бөлігін Ехобаға тарту ретінде ұсынсын.
30 Ол құрбандықтың майын+ төстің үстіне қойып, Ехобаға өртеп ұсыну үшін өз қолымен әкелсін. Оны тербеп әкелетін тарту+ ретінде Ехобаның алдында әрі-бері тербейді.
31 Діни қызметкер майды құрбандық ошағында өртеп жібереді+, ал төс Харон мен оның ұлдарының үлесіне тиеді+.
32 Татулық құрбандығына әкелген малдың артқы оң аяғын қасиетті бөлік ретінде діни қызметкерге беріңдер+.
33 Осы оң аяқты татулық құрбандығының қаны мен майын ұсынған Харонның ұлы алады+.
34 Мен исраилдіктер ұсынған татулық құрбандығының тербеп әкелген төсі мен қасиетті бөлік ретінде әкелген артқы оң аяғын алып, діни қызметкер Харон мен оның ұлдарына беремін. Бұл — исраилдіктерге мәңгілікке берген нұсқауым+.
35 Ехобаға арнап өртелетін құрбандықтардан діни қызметкер Харон мен оның ұлдарына бөліп берілетін сыбаға, міне, осы. Ехоба бұл сыбағаны олар діни қызметке тағайындалған күннен бастап белгіледі+.
36 Харон мен оның ұлдарына майлау рәсімін жасаған күні+ Ехоба исраилдіктерге осы сыбағаны оларға беріп тұруды бұйырды. Бұл — ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәңгілік нұсқау”.
37 Сонымен, түгел өртелетін құрбандыққа+, астық тартуына+, күнә үшін әкелетін құрбандыққа+, айып құрбандығына+, діни қызметке тағайындау кезінде сойылатын құрбандыққа+ және татулық құрбандығына+ қатысты заң осындай.
38 Ехоба Мұсаға бұл заңды Синай тауында берді+. Сол күні Синай шөлінде ол исраилдіктерге Ехобаға арнап құрбандықтар ұсынуды бұйырған болатын+.