Мұсаның 4-жазбасы 1:1—54

  • Жасаққа алынған ерлердің тізімі (1—46)

  • Леуіліктер жасаққа алынбайды (47—51)

  • Қостардың тігілу тәртібі (52—54)

1  Исраилдіктер Мысырдан шыққаннан кейінгі екінші жылдың екінші айының бірінші күні+ Синай шөлінде+ Ехоба Мұсаға кездесу шатырында былай деп тіл қатты+:  “Әрбір ер адамның есімін жеке-жеке тізімге ала отырып, бүкіл Исраил қауымын ататегі мен әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер+.  Харон екеуің шайқасқа жарамды әрі жасы жиырмаға толған және одан асқандардың бәрін+ жасақтары бойынша тіркеңдер.  Қастарыңа әр рудан бір-бір адамнан алыңдар. Олардың әрқайсысы әулетбасы болсын+.  Сендерге көмектесетіндердің аты-жөні мыналар: рубен руынан Шедеур ұлы Елисур+;  шимон руынан Суришадай ұлы Шелумиел+;  яһуда руынан Әминадап ұлы Нағасон+;  исахар руынан Суар ұлы Нетәнел+;  забулон руынан Хелон ұлы Елияп+; 10  ал Жүсіптің ұлдарынан: ефрем+ руынан Әмихуд ұлы Елишама, манаса руынан Педасур ұлы Гамалиел; 11  бениямин руынан Гедеони ұлы Әбидан+; 12  дан руынан Әмишадай ұлы Ахиезер+; 13  ашир руынан Охран ұлы Пагиел+; 14  ғад руынан Деуел ұлы Елиясап+, 15  нафталим руынан Енан ұлы Ахира+. 16  Міне, бүкіл қауым ішінен таңдап алынғандар осылар. Олар өз руларының басшылары+, қарамағында мыңдаған исраилдіктер бар жетекшілер болатын+”. 17  Мұса мен Харон есімдері аталған осы адамдарды қастарына алды. 18  Содан олар жасы жиырмаға толған және одан асқан әрбір ер адамды+ есімін жеке-жеке тізімге ала отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізу үшін, екінші айдың бірінші күні бүкіл қауымды жинады. 19  Осылай олар Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеді. Сөйтіп, Мұса Синай шөлінде халықты санақтан өткізді+. 20  Исраилдің тұңғышы Рубеннің+ үрім-бұтағынан жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 21  Рубен руынан санақтан өткендердің саны 46 500 болды. 22  Шимонның үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 23  Шимон руынан санақтан өткендердің саны 59 300 болды. 24  Ғадтың үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 25  Ғад руынан санақтан өткендердің саны 45 650 болды. 26  Яһуданың үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 27  Яһуда руынан санақтан өткендердің саны 74 600 болды. 28  Исахардың үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 29  Исахар руынан санақтан өткендердің саны 54 400 болды. 30  Забулонның үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 31  Забулон руынан санақтан өткендердің саны 57 400 болды. 32  Жүсіптің Ефремнен тараған үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 33  Ефрем руынан санақтан өткендердің саны 40 500 болды. 34  Манасаның үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 35  Манаса руынан санақтан өткендердің саны 32 200 болды. 36  Бенияминнің үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 37  Бениямин руынан санақтан өткендердің саны 35 400 болды. 38  Данның үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 39  Дан руынан санақтан өткендердің саны 62 700 болды. 40  Аширдің үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 41  Ашир руынан санақтан өткендердің саны 41 500 болды. 42  Нафталимнің үрім-бұтағынан+ жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды әрбір ер адам есімі тізімге алына отырып, ататегіне және әулетіне қарай санақтан өткізілді. 43  Нафталим руынан санақтан өткендердің саны 53 400 болды. 44  Бұларды санақтан өткізген — Мұса, Харон және Исраилдің 12 басшысы. Сол 12 басшы өз әулеттерінің өкілі еді. 45  Жасы жиырмаға толған және одан асқан әрі шайқасқа жарамды исраилдіктердің бәрін әулеттеріне қарай тіркеуден өткізгенде, 46  олардың жалпы саны 603 550 болды+. 47  Алайда леуіліктердің әулеттері+ басқалармен бірге тіркеуден өткен жоқ+. 48  Ехоба Мұсаға былай деген болатын: 49  “Тек леуі руын өзге исраилдіктермен бірге тізімге алма, олармен қосып санама+. 50  Леуіліктерді куәлік сандығы тұрған шатырдың+, оның бар бұйымдары мен оған тиесілінің бәрінің үстінен қараушы етіп тағайында+. Олар шатыр мен оның барлық бұйымдарын алып жүрсін+ және сонда қызмет етсін+. Сондай-ақ қостарын киелі шатырдың айналасына тіксін+. 51  Киелі шатырды бір жерден екінші жерге көшіргенде, оны леуіліктер жинап+, леуіліктер құрсын. Киелі шатырға олардан бөтен* біреу жақындаса, сол өлім құшсын+. 52  Әрбір исраилдік шатырын өз қосына, үш рудан тұратын бөлімі*+ орналасқан жерге тіксін. 53  Ал леуіліктер Исраил қауымын менің қаһарыма ұшыраудан сақтау үшін, өз қостарын куәлік сандығы тұрған шатырдың айналасына тіксін+. Сөйтіп, леуіліктер куәлік сандығы тұрған шатырға қарасын*+”. 54  Исраил халқы Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеді. Олар бәрін бұлжытпай орындады.

Сілтемелер

Яғни леуілік емес.
Немесе “байрағы”.
Немесе “шатырды күзетсін; ондағы өз қызметтерін атқарсын”.