Мұсаның 4-жазбасы 10:1—36

  • Күміс кернейлер (1—10)

  • Синайдан көшіп шығу (11—13)

  • Көштің жүру тәртібі (14—28)

  • Хобабтан жол көрсетуді өтіну (29—34)

  • Қос жолға шыққанда және тоқтағанда, Мұсаның айтқан дұғасы (35, 36)

10  Ехоба Мұсаға былай деп тіл қатты:  “Өзіңе күмістен соғып, екі керней+ жасап ал да, қауымды жинағанда не қосқа жол жүруге белгі бергенде қолдан.  Екеуін бірге тартқанда, бүкіл қауым кездесу шатырының алдына сенің қасыңа жиналатын болсын+.  Ал біреуі ғана тартылса, сенің қасыңа тек басшылар, Исраилдің мыңбасылары, жиналсын+.  Керней үзік-үзік тартылғанда, киелі шатырдың шығыс жағындағы қостар+ жолға шықсын.  Керней үні екінші рет үзік-үзік шыққанда, оңтүстік жақтағы қостар+ орындарынан қозғалсын. Сонымен, керней осылай тартылған сайын, бөлімдердің бірі жолға шығатын болсын.  Ал қауымды жинау керек кезде керней+ үзік-үзік тартылмасын.  Оны Харонның діни қызметкер ұлдары тартсын+. Бұл — сендерге де, келер ұрпақтарыңа да берілген мәңгілік нұсқау.  Елдеріңде сендерді езгіге салған жауға қарсы аттанғанда, халықты соғысқа шақырып, керней тартыңдар+. Сонда Ехоба Құдайларың сендерді есіне алып, жауларыңның қолынан құтқарады. 10  Сондай-ақ қуанышты шақтарда+ — мейрамдарың+ мен әрбір айдың басында — түгел өртелетін+ және татулық құрбандықтарын+ ұсынып жатып, керней тартыңдар. Сонда Құдайларың сендерді есіне алады. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын+”. 11  Екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні+ куәлік сандығы тұрған шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтерілді+. 12  Сонда исраилдіктер өздерінде орнатылған тәртіппен+ Синай шөлінен жолға шығып, бұлт Паран шөліне келіп тоқтағанша+, көштерін жалғастырды. 13  Бұл Ехобаның Мұса арқылы берген нұсқауы бойынша+ олардың алғаш рет жолға шығуы еді. 14  Бірінші болып яһуда руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен орнынан қозғалды. Яһуда руының жасақ басшысы Әминадап ұлы Нағасон+ болатын. 15  Исахар руының жасақ басшысы Суар ұлы Нетәнел+ еді. 16  Ал забулон руының жасақ басшысы Хелон ұлы Елияп+ болатын. 17  Киелі шатыр жиналғанда+, оны Гершон+ мен Мерари ұлдары+ көтеріп жолға шықты. 18  Сосын рубен руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен жүрді. Рубен руының жасақ басшысы Шедеур ұлы Елисур+ еді. 19  Шимон руының жасақ басшысы — Суришадай ұлы Шелумиел+, 20  ал ғад руының жасақ басшысы Деуел ұлы Елиясап+ болатын. 21  Содан соң қасиетті орынның бұйымдарын көтеріп, Қахат ұлдары жолға шықты+. Олар қоныстанатын жерге келіп жеткенше, киелі шатыр құрылып дайын тұру керек еді. 22  Бұдан кейін ефрем руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен аттанды. Ефрем руының жасақ басшысы Әмихуд ұлы Елишама+ болатын. 23  Манаса руының жасақ басшысы Педасур ұлы Гамалиел+ еді. 24  Ал бениямин руының жасақ басшысы Гедеони ұлы Әбидан+ болатын. 25  Осылардан соң дан руы бастаған үш рулы бөлім өз жасағымен жолға шықты. Олар соңында жүріп, бүкіл көшті артқы жағынан қорғады. Дан руының жасақ басшысы Әмишадай ұлы Ахиезер+ еді. 26  Ашир руының жасақ басшысы — Охран ұлы Пагиел+, 27  ал нафталим руының жасақ басшысы Енан ұлы Ахира+ болатын. 28  Жолға шыққанда, исраилдіктер мен оның жасақтары осындай тәртіппен жүріп отырды+. 29  Мұса қайын атасы мадияндық Рәгуелдің*+ ұлы Хобабқа: “Ехобаның “сендерге беремін” деген жеріне+ көшіп бара жатырмыз. Бізбен жүр+, сенен жақсылығымызды аямаспыз, өйткені Ехоба Исраилге игілігімді төгемін деп уәде еткен+”,— деді. 30  Бірақ ол: “Жоқ, сендерге ілеспеймін. Мен өз жеріме, өз туыстарыма қайтамын”,— деп жауап берді. 31  Сонда Мұса: “Өтінемін, кетпе! Шөл далада қай жерге қос тігуге болатынын сен жақсы білесің ғой. Сондықтан бізге бағыт-бағдар беруші бол. 32  Егер бізбен жүрсең+, Ехоба бізге қандай жақсылық жасаса, саған да сондай жақсылық жасаймыз”,— деді. 33  Содан олар Ехобаның тауынан шығып+, үш күн жол жүрді. Осы үш күн бойы халық үшін тынығатын жер іздеп жүргенде+, Ехобаның келісім сандығы+ алдарында жүріп отырды. 34  Көш күндіз жолға шыққанда, Ехобаның бұлты+ төбелерінде болды. 35  Леуіліктер келісім сандығын көтеріп, жолға шыққан сайын, Мұса: “Уа, Ехоба, көтеріл+! Жауларың жан-жаққа бытырап, сені жек көретіндер тұра қашсын”,— дейтін. 36  Ал келісім сандығы тоқтағанда: “Уа, Ехоба, сан мыңдаған Исраил халқының+ арасына қайта орала көр!”— дейтін.

Сілтемелер

Яғни Етордың.