Мұсаның 4-жазбасы 13:1—33

  • Қанаханға 12 барлаушының жіберілуі (1—24)

  • Он барлаушының жаман хабары (25—33)

13  Ехоба Мұсаға тіл қатып:  “Мен исраилдіктерге бергелі жатқан Қанахан жерін барлап келуге адамдар жібер. Олар әр рудан шыққан басшылар+ болсын”,— деді+.  Содан Мұса Ехобаның бұйрығын орындап, барлаушыларды Паран шөлінен+ жолға аттандырды. Олардың бәрі Исраил халқының басшылары еді.  Жіберілген адамдардың есімдері мынадай: рубен руынан Закур ұлы Шаммуа;  шимон руынан Хори ұлы Шафат;  яһуда руынан Епунех ұлы Халеп+;  исахар руынан Жүсіп ұлы Иғал;  ефрем руынан Нұн ұлы Хошия+;  бениямин руынан Рафу ұлы Палти; 10  забулон руынан Соди ұлы Ғадиел; 11  жүсіп руынан+, яғни манаса руынан+, Суси ұлы Ғадай; 12  дан руынан Гемали ұлы Әмиел; 13  ашир руынан Микайл ұлы Сетур; 14  нафталим руынан Бопси ұлы Нахби; 15  ғад руынан Махи ұлы Геуел. 16  Мұса елді барлап келуге жіберген адамдардың есімдері осылар. Мұса Нұн ұлы Хошияны Ешуа*+ деп атады. 17  Қанахан жерін барлауға жіберіп жатып, Мұса оларға былай деді: “Осы жерден Негевке, одан әрі таулы өңірге барыңдар+. 18  Сөйтіп, мынаны біліп келіңдер+: ол қандай ел екен, адамдары күшті ме, әлде әлсіз бе, аз ба, көп пе? 19  Тұрып жатқан өлкелері жақсы ма, жаман ба? Тұрып жатқан қалалары бекіністі ме екен, жоқ па? 20  Жері құнарлы ма, құнарсыз ба+? Онда ағаш өсе ме, жоқ па? Батыл болыңдар+! Сол жердің жемістерінен ала келіңдер”. Бұл жүзім піскен кез болатын+. 21  Сонымен, олар барып, сол өлкені Зин шөлінен+ бастап Лебо-Хамат+ жақтағы Рехобқа+ дейін барлап шықты. 22  Олар Негевке жетіп, сондағы Хеброн+ қаласына барды. Онда Енактың ұрпақтары+ Ахиман, Шешай және Талмай+ тұратын. Хеброн Мысырдағы Зоған қаласынан жеті жыл бұрын салынған еді. 23  Барлаушылар Ешқол аңғарына*+ келгенде, жүзімнің бір шоғын сабағымен қоса кесіп алды да, оны таяққа іліп, екеулеп көтеріп жүрді. Сондай-ақ анар мен інжір жемістерін де ала жүрді+. 24  Исраилдіктер жүзім шоғын кесіп алғандықтан, сол жер Ешқол* аңғары+ деп аталып кетті. 25  Содан барлаушылар өлкені 40 күн+ бойы аралаған соң, қосқа оралды. 26  Олар Паран шөліндегі Қадеште+ тоқтаған Мұса мен Харонның және бүкіл Исраил қауымының алдында көрген-білгендерінің бәрін айтып, әкелген жемістерін көрсетті. 27  Барлаушылар Мұсаға былай деп баяндады: “Сіз жіберген жаққа бардық. Шынымен де, ол ағы мен балы ағыл-тегіл мол жер екен+. Міне, мынау — сол өлкенің жемістері+. 28  Алайда онда тұратын халық мықты, бекіністі қалалары да аса үлкен екен. Сондай-ақ сол жақтан Енактың ұрпақтарын+ көрдік. 29  Негевте+ амалектіктер+, таулы өңірде хеттіктер, ебустіктер+, аморлықтар+, ал теңіз бен Иордан өзенін бойлай+ қанахандықтар+ тұрады екен”. 30  Сонда Халеп: “Қазір-ақ барып, сол жерді иемденіп алайық. Оларды сөзсіз жеңеміз”,— деп, Мұсаның алдындағы халықты тыныштандыруға тырысты+. 31  Ал Халеппен бірге барғандар: “Біз ондағы халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден әлдеқайда күшті!”+— деді. 32  Сол он барлаушы исраилдіктердің арасында өздері көріп келген ел туралы жаман хабар+ айтып: “Біз барлап қайтқан жер өз тұрғындарын жалмайды екен, адамдарының бәрі ірі-ірі екен+. 33  Сондай-ақ ол жерден алыптарды*, Енактың ұрпақтарын+, көрдік. Әлгілердің қасында өзімізді шегірткедей сезіндік. Оларға да біз шегірткедей көріндік”,— десті.

Сілтемелер

Немесе “Ехошуа”. Мағынасы “Ехоба — Құтқарушы”.
Немесе “өзен аңғары”.
Мағынасы “жүзім шоғы”.
Сөзбе-сөз “нефилимдерді”. Бұл өзгелерді “сұлатып салатындар” дегенді білдірсе керек.