Мұсаның 4-жазбасы 15:1—41

  • Құрбандықтарға қатысты заңдар (1—21)

    • Исраилдіктер мен жатжерліктер үшін заң бірдей (15, 16)

  • Білместікпен жасалған күнәнің құрбандығы (22—29)

  • Әдейі жасалған күнәнің жазасы (30, 31)

  • Демалыс күнін ұстанбаған адамның жазалануы (32—36)

  • Киімнің етегіне шашақ жасау (37—41)

15  Ехоба Мұсаға тағы былай деді:  “Исраилдіктерге мына сөзімді жеткіз: —Мен сендерге мекендеу үшін бергелі жатқан жерге+ келгеннен кейін,  араларыңнан біреу табынынан не отарынан Ехобаға өртеп ұсынатын құрбандық әкеліп, бұл мейлі түгел өртелетін+ не сертті орындау құрбандығы, ерікті+ не мейрамдарда шалынатын құрбандық+ болсын, оны Ехобаға ұнамды хош иіс+ ретінде ұсынғысы келсе,  онымен бірге Ехобаға астық тартуы ретінде ефаның оннан бір бөлігі* болатын сапалы ұнды+ хиннің төрттен бір бөлігі* болатын маймен араластырып әкелсін.  Сондай-ақ түгел өртелетін құрбандықпен+ немесе құрбандыққа шалынатын әрбір еркек тоқтымен бірге сұйық тарту ретінде хиннің төрттен бір бөлігі болатын шарап әкелсін.  Ал құрбандыққа қошқар ұсынса, оған қосып ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнды хиннің үштен бір бөлігі болатын маймен араластырып астық тартуын әкелсін.  Сонымен қатар сұйық тарту ретінде хиннің үштен бір бөлігі болатын шарап ұсынсын. Бұл Ехобаға ұнамды хош иіс болады.  Егер ол адам Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа+, сертті орындау құрбандығына+ не татулық құрбандығына+ бұқа әкелгісі келсе,  онымен бірге ефаның оннан үш бөлігі болатын сапалы ұнға жарты хин май араластырып астық тартуын+ ұсынсын. 10  Сонымен қатар өртеп ұсынатын сұйық тарту+ ретінде жарты хин шарап әкелсін. Бұл — Ехобаға ұнамды хош иіс. 11  Құрбандыққа әкелінген әрбір бұқа, қошқар, еркек тоқты не ешкі осылай ұсынылсын. 12  Құрбандыққа қанша мал әкелінбесін, әрқайсысы осындай тартулармен бірге ұсынылу керек. 13  Әрбір исраилдік Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын құрбандығын осылай әкелсін. 14  Егер араларыңдағы жатжерлік немесе сендермен бұрыннан* тұрып келе жатқан біреу Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын құрбандық әкелсе, ол да онысын сендерге берілген нұсқау бойынша ұсынсын+. 15  Сендер, яғни Исраил қауымы үшін де, араларыңда тұрып жатқан жатжерлік үшін де нұсқау бірдей болуға тиіс. Келер ұрпақтарың да осы нұсқауға бағынсын. Ехобаның алдында сендер де, жатжерліктер де бірдейсіңдер+. 16  Заңдар мен сот шешімдері сендер үшін де, араларыңдағы жатжерліктер үшін де бірдей болу керек”. 17  Ехоба Мұсаға әрі қарай былай деді: 18  “Исраилдіктерге мынаны айт: —Мен өздеріңді алып келе жатқан жерге жетіп, 19  сол жердің өнімін* жегенде+, Ехобаға сый-тарту әкеліңдер. 20  Алғашқы астықтың жармасынан тесік күлшелер пісіріп, оларды қырманның өнімін ұсынғандай етіп ұсыныңдар+. 21  Осылайша алғашқы астықтың жармасынан Ехобаға тарту әкелу ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. 22  Егер бүкіл қауым Ехобаның Мұса арқылы берген осы заңдарының қайсыбірін қателесіп бұзып қойса, 23  яғни Ехобаның о баста Мұса арқылы берген әрі Ехобаның сендер де, болашақ ұрпақтарың да орындасын деген заңдарының бірін 24  қателесіп бұзып қойса, бірақ мұны өздері білмесе, кейін бұл белгілі болғанда, қауымның атынан Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртелетін бір жас бұқаны және берілген ережеге сай+ астық пен сұйық тартуын әкелсін. Сондай-ақ күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі әкелсін+. 25  Діни қызметкер осыларды ұсынып, бүкіл Исраил қауымының күнәсін өтейді. Сөйтіп, олар кешірімге ие болады+. Өйткені бұл — байқамай жасалған қателік, әрі бұл үшін олар Ехобаға арнап өртелетін және Ехобаның алдындағы күнәларын өтейтін құрбандықтар әкелді. 26  Бүкіл Исраил қауымы да, араларындағы жатжерлік те кешірімге ие болады, себебі бұл — бүкіл халықтың жасаған қателігі. 27  Егер әлдебіреу қателесіп күнә жасаған болса, күнә үшін құрбандыққа бір жастан аспаған ешкі әкелсін+. 28  Сонда діни қызметкер оның Ехобаның алдында әдейі жасамаған күнәсін өтеу үшін құрбандық шалады. Сөйтіп, ол кешірімге ие болады+. 29  Исраилдік үшін де, араларында тұрып жатқан жатжерлік үшін де әдейі жасалмаған күнәға қатысты заң бірдей+. 30  Егер біреу, мейлі исраилдік не жатжерлік болсын, әдейі күнә жасаса+, онда Ехобаны қорлағаны. Мұндай адамның халқының арасынан көзі құртылсын. 31  Өйткені ол Ехобаның сөзіне немкетті қарап, оның заңын бұзды. Сондықтан ондай жан тірі қалмасын+, оның күнәсі өз мойнында+”. 32  Исраилдіктер шөл далада болған кезде, бір кісі Демалыс күні+ отын жинап жүрген еді. 33  Бұны көрген адамдар әлгіні Мұса, Харон мен бүкіл қауымның алдына апарды. 34  Оған нақты қандай шара қолдану керектігі белгісіз болғандықтан, ол қамауға алынды+. 35  Ехоба Мұсаға: “Бұл адам тірі қалмасын+. Күллі қауым оны қостың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірсін+”,— деді. 36  Содан бүкіл қауым оны қостың сыртына алып шығып, Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай, таспен атқылап өлтірді. 37  Сосын Ехоба Мұсаға былай деді: 38  “Исраилдіктерге мынаны айт: —Өздері де, келер ұрпақтары да киімдерінің етегіне шашақ жасап, оның үстінен көк жіп өткізсін+. 39  Осы шашақтарды көрген сайын, Ехобаның күллі заңы және оларды орындау керектігі, сондай-ақ жүрек пен көз құмарлығының жетегінде жүріп, азғындыққа салынбау*+ керектігі естеріңе түсіп тұрады+. 40  Бұл бұйырғандарымның бәрін ұмытпай, орындауларың үшін және Құдайларыңның алдында киелі болуларың үшін қажет+. 41  Мен Құдайларың болу үшін сендерді Мысыр елінен алып шыққан Ехобамын+. Мен сендердің Құдайларың Ехобамын+”.

Сілтемелер

Яғни 2,2 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Яғни 0,9 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Немесе “көптеген ұрпақ бойы”.
Сөзбе-сөз “нанын”.
Яғни “басқа құдайларға табынбау”.