Мұсаның 4-жазбасы 16:1—50

  • Қорах, Датан мен Әбирамның бүлігі (1—19)

  • Бүлікшілердің жазалануы (20—50)

16  Леуі+ руынан шыққан Қахаттың+ немересі, Ысқардың+ ұлы Қорах+ және рубен+ руынан шыққан Елияптың+ Датан, Әбирам деген ұлдары мен Пелеттің Он деген ұлы өзара сыбайласып,  Мұсаға қарсы шықты. Оларға исраилдіктердің арасынан 250 адам қосылды. Бұлар қауым басшылары әрі жиынға келуші беделді кісілер еді.  Олар Мұса мен Харонға қарсы бас көтеріп+: “Жетер енді! Қауымдағының бәрі де киелі+, Ехоба солардың арасында+. Неге өздеріңді Ехобаның қауымынан жоғары қоясыңдар?”— деді.  Мұны естігенде, Мұса жерге бас ұра жығылды.  Сосын Қорах пен оның барлық сыбайласына былай деді: “Таңертең Ехоба кімнің өз адамы екенін+, кімнің киелі екенін, алдына кімнің жақындай алатынын көрсетеді+. Ол кімді таңдаса+, сол алдына келеді.  Қорах сен де, жақтастарың+ да былай етіңдер: шоқсалғыш қалақтарыңды+ алыңдар да,  ертең Ехобаның алдында оларға шоқ салып, үстіне хош иісті зат түтетіңдер. Ехоба кімді таңдаса+, сол киелі болады. Леуі ұлдары+, сендер шектен шығып кеттіңдер!”  Содан соң Мұса Қорахқа мынаны айтты: “Леуі ұлдары, сөзіме құлақ түріңдерші.  Исраил Құдайы сендерді өз халқының арасынан бөліп алып+, Ехобаның киелі шатырында қызмет атқару және бүкіл қауым алдында тұрып, оларға қызмет ету мәртебесін+ бергенін азсынып тұрсыңдар ма? 10  Сені және леуілік ағайындарыңның бәрін ол өзіне жақындатты. Соны місе тұтпай, енді діни қызметке жармасып жатырсыңдар ма+? 11  Бұл істеріңмен өзің де, жақтастарың да Ехобаға қарсы шығып тұрсыңдар. Ал Харонға наразы болып күңкілдейтіндей, ол кім еді+?!” 12  Бұдан кейін Мұса Елияптың ұлдары Датан мен Әбирамды+ өзіне шақыртып еді, олар былай деп жауап берді: “Жоқ, бармаймыз. 13  Бізді ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерден алып шығып, мына шөл далада өлтіргің келгені аздай+, енді үстімізден билеп-төстемексің бе? 14  Иелігімізге танап пен жүзімдік беремін деп алып шығып, әкелген ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерің+ қайда? Әлде сен әлгілердің* көзін ойып алмақсың ба? Біз бәрібір бармаймыз!” 15  Бұған Мұса қатты ашуланып, Ехобаға: “Олардың астық тартуын қабыл алма. Мен олардан тіпті есек те алған емеспін, ешқайсысына жамандық та жасаған жоқпын+”,— деді. 16  Сосын ол Қорахқа мынаны айтты: “Ертең қасыңдағы адамдарыңмен бірге Ехобаның алдына келіңдер. Иә, сен де, олар да, Харон да келсін. 17  Әрқайсысың бір-бір шоқсалғыш қалақтан, барлығы 250 қалақ алыңдар да, оған хош иісті зат салып, Ехобаның алдына әкеліңдер. Сен де, Харон да солай істесін”. 18  Содан әрқайсысы қалағына шоқ салып, үстіне хош иісті зат түтетіп, Мұса және Харонмен бірге киелі шатырдың кіреберісіне келіп тұрды. 19  Қорах барлық сыбайластарын+ оларға қарсы шығу үшін киелі шатырдың кіреберісіне жинағанда, бүкіл қауымға Ехобаның ұлылығы көрінді+. 20  Ехоба Мұса мен Харонға: 21  “Мына топтан бөлек тұрыңдар! Мен оларды қас қағым сәтте-ақ жойып жіберейін+!”— деді. 22  Олар сонда жерге бас ұра жығылып: “Уа, Құдай, бәріне өмір беруші Құдай+, бір адамның күнәсіна бола бүкіл халыққа қаһарыңды төкпексің бе+?!”— деді. 23  Сол кезде Ехоба Мұсаға: 24  “Халыққа Қорахтың, Датан мен Әбирамның+ шатырларының айналасынан кетуді бұйыр”,— деп тапсырды. 25  Мұса орнынан тұрып, Датан мен Әбирамға барды, онымен Исраил ақсақалдары+ да ілесіп жүрді. 26  Мұса қауымға: “Олардың күнәсінің кесірінен сендер де құрып кетпеулерің үшін, мына зұлым адамдардың шатырларынан әрі кетіңдер, олардың ештеңесіне де тиіспеңдер!”— деп ескертті. 27  Сонда халық дереу Қорахтың, Датан мен Әбирамның шатырларынан аулақ кетті. Ал Датан мен Әбирам сыртқа шығып, әйелдері, ұлдары және кішкентай сәбилерімен бірге шатырларының аузында тұрды. 28  Мұса былай деді: “Мен бұлардың бәрін өз бетіммен емес, Ехобаның тапсыруымен істеп тұрғанымды мынадан білесіңдер: 29  егер бұлар басқа адамдар сияқты өз өлімімен өлсе, олардың жазасы бүкіл адамзаттың жазасындай болса, онда мені Ехоба жібермегені+. 30  Ал егер Ехоба бұрын-соңды болмағанды жасап, жер аранын ашып, оларды бар мал-мүлкімен қоса жұтып қойып, олар тірідей көрге* түссе, онда бұл адамдардың Ехобаға еш құрмет көрсетпегені айдан анық болмақ”. 31  Мұса осы сөздерді айтып болғаны сол еді, олар тұрған жер қақ айырылды+. 32  Жер аранын ашып, оларды үй ішімен қоса, сондай-ақ Қорахтың+ үй ішін және бүкіл дүние-мүлкін жұтып қойды. 33  Осылай олар үй іштерімен бірге тірідей көрге* түсті. Жер қайтадан жабылып, олар қауымның арасынан құрып жоқ болды+. 34  Айналасында тұрған исраилдіктер әлгілердің шыңғырған даусын естіп: “Бізді де жер жұтып қоймасын!”— деп айқайлап, жан-жаққа қаша жөнелді. 35  Бұдан кейін Ехобадан от түсіп+, хош иісті зат түтетіп тұрған 250 кісіні жалмап қойды+. 36  Ехоба Мұсаға мынаны айтты: 37  “Діни қызметкер Харонның ұлы Елазарға от түскен жердегі шоқсалғыш қалақтарды+ жинап алсын деп айт, өйткені олар киелі. Іштеріндегі шоқты алысқа апарып, төгіп тастасын. 38  Күнә жасап, өмірлерінен айырылған* сол адамдардың қалақтары жалпақтап соғылып, солармен құрбандық ошағы+ қапталсын. Олар Ехобаның алдына әкелінгендіктен, киелі болды. Бұл исраилдіктерге ескерту белгісі болсын+”. 39  Содан діни қызметкер Елазар от жалмап қойған әлгілердің мыс қалақтарын жинап алды да, жалпақтап соққызып, құрбандық ошағын қаптатты. 40  Осылайша Ехобаның Мұсаға айтқанындай істеді. Бұл Харонның ұрпағына жатпайтын ешбір адам Ехобаның алдында хош иісті зат түтетуге құқы жоқ екенін+, сондай-ақ ешкім Қорах пен оның сыбайластары іспетті әрекет етпеу керектігін+ исраилдіктердің есіне салып тұрды. 41  Келесі күні бүкіл Исраил қауымы Мұса мен Харонға: “Екеуің Ехобаның халқын қырдыңдар”,— деп күңкілдей бастады+. 42  Халық Мұса мен Харонға қарсы шығу үшін жиналып, кездесу шатырына қарай бұрылғанда, оның үстін бұлт жауып, Ехобаның ұлылығы пайда болғанын көрді+. 43  Мұса мен Харон кездесу шатырының алдына барды+. 44  Сонда Ехоба Мұсаға былай деді: 45  “Сендер мына қауымның арасынан былай шығыңдар. Мен қазір-ақ бұлардың көзін құртамын+”. Бұны естігенде, олар жерге бас ұрып жығыла кетті+. 46  Сосын Мұса Харонға: “Қалақты алып, оған құрбандық ошағынан шоқ салып+, үстіне хош иісті зат түтет те, тездетіп халықтың арасына барып, күнәларын өтеу рәсімін жаса+. Өйткені Ехоба ашуына мініп, жұрт қырыла бастады!”— деді. 47  Харон сол заматта Мұсаның айтқанын істеп, шоқ салған қалағын алды да, халықтың арасына қарай жүгірді. Барса, жұрт қырыла бастапты. Сонда ол қалағына хош иісті зат салып, халықтың күнәсін өтеу рәсімін жасай бастады. 48  Ол өліп жатқандар мен тірілердің арасында тұрды. Ақыр соңында апат тоқтады. 49  Сол апаттан қырылғандардың саны, Қорахтың кесірінен өлгендерді қоспағанда, 14 700 адам болды. 50  Апат тоқтаған соң, Харон кездесу шатырының кіреберісінде тұрған Мұсаға қайтып барды.

Сілтемелер

Бұл бүлікке қосылған адамдарға нұсқаса керек.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “өз жандарына қарсы күнә жасаған”.