Мұсаның 4-жазбасы 20:1—29

  • Қадеште Мәриямның қайтыс болуы (1)

  • Мұсаның жартасты ұруы және күнәсі (2—13)

  • Едомның өз жерінен Исраилді өткізбеуі (14—21)

  • Харонның қайтыс болуы (22—29)

20  Бірінші айда күллі Исраил қауымы Зин шөліне келіп, Қадешке+ қоныстанды. Мәриям+ сол жерде қайтыс болып, сүйегі сонда қойылды.  Сол жерде бүкіл қауым ішерге су таппай+, олар жиналып, Мұса мен Харонға қарсы бас көтерді.  Олар Мұсаға ұрсып+: “Ехобаның алдында біз де бауырларымыз сияқты өліп кеткеніміз жақсы еді ғой!  Ехобаның қауымын осы шөлге неге алып келдіңдер? Өзімізді де, малымызды да қыру үшін бе+?  Неге бізді Мысырдан алып шығып, осы қу далаға әкелдіңдер+? Мұнда не егін, не інжір, не жүзім, не анар өспейді, тіпті ішетін су да жоқ+!”— деді.  Мұса мен Харон халықтың қасынан кетіп, киелі шатырдың кіреберісіне барып, жерге бас ұрып жығыла кетті. Сонда Ехобаның ұлылығы көрінді+.  Ехоба Мұсаға былай деді:  “Қолыңа таяқты алып, ағаң Харон екеуің қауымды жинаңдар да, олардың көзінше жартасқа су бер деп бұйырып, одан су ағызыңдар+. Сөйтіп, халық та, мал да шөлін қандырсын”.  Мұса өзіне бұйырылғандай, Ехобаның алдындағы таяқты+ алды да, 10  Харон екеуі қауымды жартастың алдына жинады. Мұса оларға: “Ей, бүлікшілер, тыңдаңдар! Бізге мына жартастан су шығарып бер деп тұрсыңдар ма?”+— деді. 11  Сосын Мұса қолын көтеріп, таяғымен жартасты екі рет ұрып еді, одан сарқырап су аға жөнелді. Халық та, олардың малы да судан іше бастады+. 12  Кейінірек Ехоба Мұса мен Харонға: “Маған сенбегендерің үшін және Исраил халқының алдында менің киелі екенімді паш етпегендерің үшін, мен уәде еткен жерге халықты алып кірмейсіңдер”+,— деді. 13  Бұл — Мерибаның* суы+. Сол жерде исраилдіктер Ехобаға қарсы жанжал шығарған еді. Сонда ол халыққа өзінің киелі екенін паш еткен. 14  Бұдан кейін Мұса Қадештен Едом патшасына келесідей сөздермен хабаршылар жөнелтті+: “Бауырыңыз Исраил+ былай дейді: —Біздің қаншама қиындық көргенімізді өзіңіз де жақсы білесіз. 15  Ата-бабаларымыз Мысырға көшіп барған еді+. Біз сол жерде ұзақ жылдар бойы тұрдық+. Мысырлықтар ата-бабаларымызға да, бізге де жәбір көрсетті+. 16  Ақыр соңында, Ехобаға жалбарынып едік+, ол бізді естіп, өз періштесін жіберіп+, Мысыр елінен алып шықты. Қазір сіздің жеріңізбен шегаралас Қадеш қаласында тұрмыз. 17  Өтінеміз, жеріңіз арқылы өтіп кетуімізге рұқсат етіңіз. Сіздің егістіктеріңізбен де, жүзімдіктеріңізбен де жүрмейміз, құдықтарыңыздан да су ішпейміз. Жеріңізден өтіп кеткенше, оңға да, солға да бұрылмай, тек Патша жолымен жүріп отырамыз+”. 18  Алайда Едом: “Біздің жеріміз арқылы өтпейсің, әйтпесе алдыңнан семсермен шығамын”,— деп жауап қатты. 19  Сонда исраилдіктер: “Біз үлкен жолмен ғана жүреміз. Егер өзіміз не малымыз суыңыздан ішетін болса, ақысын төлейміз+. Бізге ештеңенің керегі жоқ, тек жеріңіз арқылы өтіп кетсек болғаны+”,— деп өтінді. 20  Бірақ Едом айтқанынан қайтпай: “Жоқ, өтпейсіңдер!”— деді+. Содан олардың алдарынан мықты қалың қолмен шықты. 21  Осылай Едом Исраилді өз жері арқылы өткізбей қойды. Сондықтан Исраил бұрылып, сол жерден кетті+. 22  Исраил халқының бүкіл қауымы Қадештен шығып, Хор тауына+ келді. 23  Едом елінің шегарасындағы Хор тауында Ехоба Мұса мен Харонға былай деп тіл қатты: 24  “Харон ата-бабаларына қосылады*+. Мен исраилдіктерге бергелі жатқан жерге ол кірмейді, өйткені екеуің Мериба суына қатысты берген бұйрығыма бағынбадыңдар+. 25  Сен Харон мен оның ұлы Елазарды ертіп, Хор тауына көтеріл. 26  Сөйтіп, Харонның діни қызметкер киімін+ шешіп, ұлы Елазарға+ кигіз. Харон болса сол жерде көз жұмады”. 27  Мұса Ехобаның айтқанының бәрін бұлжытпай орындады. Үшеуі барша жұрттың көзінше Хор тауына көтерілді. 28  Мұса Харонның үстіндегі киімді шешіп, оның ұлы Елазарға кигізді. Харон сол таудың басында дүние салды+. Мұса мен Елазар таудан түсті. 29  Сонда жұрт Харонның көз жұмғанын түсініп, бүкіл Исраил халқы оны 30 күн бойы жоқтап жылады+.

Сілтемелер

Мағынасы “ұрыс-жанжал”.
Бұл — өлімді білдіретін бейнелі сөз.