Мұсаның 4-жазбасы 22:1—41

  • Балақтың Балағамды жалдауы (1—21)

  • Балағамның есегіне тіл бітуі (22—41)

22  Содан исраилдіктер көшіп, Иерихонға қарама-қарсы жердегі, Иордан өзенінің бойындағы, Моаб шөл даласына келіп қос тікті+.  Сипор ұлы Балақ+ Исраилдің аморлықтарға не істегенінің бәрін көрді.  Моабтықтар қатты қорықты, өйткені олар қыруар халық еді. Исраилдіктерден шошынған олардың зәре-құттары қалмады+.  Сондықтан моабтықтар Мадиянның ақсақалдарына+: “Мына халық айналамызды шөп жалмаған бұқадай жалмап бітетін болды”,— деді. Сипор ұлы Балақ сол уақытта Моабтың патшасы еді.  Сөйтіп, ол Ұлы өзеннің* бойындағы туған жері Петорда тұрып жатқан Беғор ұлы Балағамға+ хабаршылар жіберді. Моаб патшасы оны былай деп шақыртты: “Міне, Мысырдан бір халық келіп, жер бетін қаптап кетті+. Олар тура менің қарсы алдыма қоныстанып жатыр.  Олар менен әлдеқайда күшті, осында келіп, мына халықты қарғашы+. Бәлкім, сонда мен оларды жеңіп, бұл елден қуып шығармын. Өйткені сен кімге бата берсең, соған бата қонады, ал кімді қарғасаң, сол қарғысқа ұшырайды”.  Моаб пен Мадиян ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі үшін беретін сый-тарту алып, жолға шықты+. Оған келіп, Балақтың сөзін жеткізді.  Бұған Балағам: “Бүгін осында түнеп шығыңыздар. Ехоба маған не айтса, соны сіздерге жеткіземін”,— деп жауап қатты. Моабтың басшылары келісіп, Балағамның қасында қалды.  Құдай Балағамға келіп+: “Қасыңдағы мыналар кімдер?”— деп сұрады. 10  Балағам Құдайға былай деді: “Моабтың патшасы Сипор ұлы Балақ маған хабар жіберіп: 11  —Мысырдан шыққан халық жер бетін қаптап кетті. Осында келіп, мына халықты қарғап бер+. Бәлкім, сонда мен олармен шайқасып, бұл жерден қуып шығармын,— депті”. 12  Құдай оған: “Олармен барма. Бұл халықты қарғаушы болма, өйткені оған бата берілген”+,— деді. 13  Содан Балағам таңертең тұрып, Балақ жіберген басшыларға: “Елдеріңізге қайта беріңіздер, өйткені Ехоба сіздермен бірге баруыма рұқсат етпеді”,— деді. 14  Моаб басшылары Балаққа қайтып келіп: “Балағам бізбен бірге келуден бас тартты”,— деді. 15  Алайда Балақ бұрынғыдан көбірек әрі беделдірек басқа басшыларды жіберді. 16  Олар Балағамға келіп, былай деді: “Сипор ұлы Балақ: —Маған келуіңе ештеңе бөгет болмасыншы. 17  Мен саған зор сый-сияпат көрсетемін, айтқаныңның бәрін істеймін. Тек келіп, мына халықты қарғап берші,— деп айтып жіберді”. 18  Сонда Балағам Балақтың қызметшілеріне мынадай жауап қайырды: “Балақ тіпті алтын-күміске толы үйін берсе де, мен Құдайым Ехобаның бұйрығына қарсы шығып, ештеңе — мейлі үлкен не кіші нәрсе болсын — істей алмаймын+. 19  Сіздер де бүгін осында түнеп шығыңыздар, Ехобаның бұл жолы маған не дейтінін білейін+”. 20  Түнде Құдай Балағамға келіп: “Мына кісілер сені шақырып келген болса, олармен ілесіп бар. Бірақ мен айтқан сөздерді ғана айтатын бол”+,— деді. 21  Балағам таңертең тұрып, мәші есегін ерттеп, Моаб басшыларына ілесті+. 22  Құдай оның жолға шыққанына қатты ашуланды. Ехобаның періштесі оған бөгет жасамақ болып жолда тұрып алды. Ал Балағам екі қызметшісін ертіп, есекпен келе жатты. 23  Есек жолда жалаң семсер ұстап тұрған Ехобаның періштесін көріп, танапқа қарай бұрылып кетпек болды. Балағам есекті қайтармақ болып, ұра бастады. 24  Ехобаның періштесі екі жүзімдіктің арасындағы тар жолда тұрып алды. Бұл жолдың екі жағы да тас дуал еді. 25  Ехобаның періштесін көргенде, есек дуалға қарай ығысты. Сонда Балағамның аяғы қысылып қалып, есегін тағы да сабай бастады. 26  Ехобаның періштесі алға қарай өтіп, не оңға, не солға бұрылып өтуге мұрша бермейтін тар жерде тұрып алды. 27  Балағамның астындағы есек Ехобаның періштесін көргенде, жерге жата қалды. Ашу кернеген Балағам есегін таяғымен ұрғылады. 28  Сонда Ехоба жануарға тіл бітірді+. Есегі Балағамға: “Үш рет қатарынан ұратындай, мен не істедім?”+— деді. 29  Бұған ол: “Мені мазақ еткенің үшін ұрып жатырмын. Қолымда семсерім болса, сені шауып тастар едім!”— деп жауап берді. 30  Есегі: “Өмір бойы мініп жүрген есегің емеспін бе? Бұрын-соңды осылай етіп пе едім?”— дегенде, ол: “Жоқ!”— деді. 31  Сол кезде Ехоба Балағамның көзін ашты+. Сонда ол қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрған Ехобаның періштесін көрді де, дереу иіліп, жерге бас ұрып тағзым етті. 32  Ехобаның періштесі оған былай деді: “Неге есегіңді үш рет қатарынан сабадың? Сен менің еркіме қарсы шыққандықтан, саған бөгет жасап тұрмын+. 33  Мені көргенде, есегің үш рет бұрылып кетпек болды+. Егер ол солай етпегенде, сені өлтірер едім, ал есегің тірі қалар еді”. 34  Мұны естігенде, Балағам Ехобаның періштесіне: “Мен күнә жасадым. Жолда алдымнан шығып тұрғаныңызды білмей қалдым. Көз алдыңызда мұным дұрыс болмаса, кері қайтайын”,— деді. 35  Бұған Ехобаның періштесі: “Мына кісілермен бара бер. Бірақ мен айт деген сөзді ғана айтатын бол”,— деді. Сөйтіп, Балағам Балақ жіберген басшыларға ілесіп жүре берді. 36  Балағамның келгенін естігенде, Балақ оны Моаб қаласынан күтіп алу үшін дереу жолға шықты. Бұл қала ел шегарасындағы Арнон аңғарының беткейінде орналасқан еді. 37  Балақ Балағамға: “Саған кісі жібергенде, неге келмедің? Мені зор сый-сияпат көрсете алмайды деп ойладың ба?”— деді+. 38  Бұған Балағам: “Міне, келіп тұрмын ғой. Бірақ мен өз еркіммен не айта аламын? Құдай аузыма не салса, соны ғана айтамын”+,— деп жауап қайырды. 39  Осылай Балағам Балаққа еріп, екеуі Кирият-Хусотқа келді. 40  Балақ құрбандыққа мүйізді ірі қара және қой шалып, етінен Балағам мен қасындағы басшыларға беріп жіберді. 41  Таңертең Балақ бүкіл халықты көрсету үшін, Балағамды Бамот-Бағалдың* үстіне алып шықты+.

Сілтемелер

Евфрат өзені болса керек.
Мағынасы “Бағалға арналған төбелер”.