Мұсаның 4-жазбасы 24:1—25

  • Балағамның 3-пайғамбарлық сөзі (1—11)

  • Балағамның 4-пайғамбарлық сөзі (12—25)

24  Балағам Ехобаның Исраилге бата берілгенін құп көріп отырғанын түсінгенде, сәуегейлікке жүгінуін қойды+. Сөйтіп, жүзін шөл далаға қарай бұрды.  Ол көз тастап, рулары бойынша қос тіккен Исраил халқын көргенде+, оған Құдай рухы қонды да+,  келесі пайғамбарлық сөзді* айтты+: “Бұл — Беғор ұлы Балағамның сөздері,Көзі ашық адамның айтқаны,   Құдіреті шексіз Құдайдың аянын көріп,Көзі ашық күйі жерге құлаған адамның,Құдай сөзін естіген адамның сөздері+:   Уа, Жақып, шатырларың қандай әсем!Уа, Исраил, қостарың неткен көркем+!   Олар ағыстың бойында жайылған алқаптай+,Өзен жағасында жайқалған бақтай,Ехоба отырғызған алоэ ағашындай,Су жағалай өскен қарағайдай.   Оның шелектерінен су асып-төгілген,Тұқымдары мол судың жағасына себілген+. Оның патшасы+ Агагтан да ұлы болып+,Патшалығының даңқы асқақтамақ+.   Құдай оны Мысырдан әкеле жатыр,Оның күші жабайы бұқаның мүйізіндей. Өзін қанаған халықтарды жалмап+,Сүйектерін мүжиді, жебелерімен атып құртады.   Ол жерге арыстандай жатып, жайғасқан,Арыстанға ұқсайтын оны мазалауға кімнің дәті барады? Саған батасын бергендерге бата қонады,Ал қарғыс айтқандар қарғысқа қалады+”. 10  Сонда Балақ Балағамға қатты ашуы келді. Оны жақтырмай алақандарын сарт еткізіп: “Мен сені жауларыма қарғыс айтсын деп шақыртсам+, оларға үш рет қатарынан бата бергенің не?! 11  Жоғалт көзіңді! Саған зор сый-сияпат көрсетем деген едім+, бірақ Ехоба сені одан құралақан қалдырып отыр”,— деді. 12  Балағам оған былай жауап қайырды: “Сіз жіберген елшілерге: 13  —Балақ тіпті алтын-күміске толы үйін берсе де, мен Ехобаның бұйрығына қарсы шығып, мейлі жақсы не жаман болсын, өз бетіммен ештеңе істей алмаймын. Ехоба маған не айтса, соны ғана айтамын+,— деп едім ғой. 14  Қазір-ақ еліме қайтамын. Бірақ, алдымен, болашақта бұл халық сіздің халқыңызға не істейтінін айтып берейін”. 15  Сөйтті де, келесі пайғамбарлық сөзді айтты+: “Бұл — Беғор ұлы Балағамның сөздеріКөзі ашық адамның айтқаны+, 16  Құдай сөзін естіген адамның,Алла Тағаланың білімі бар кісінің сөздері...Құдіреті шексіз Құдайдың аянын көріп,Көзі ашық күйі жерге құлаған адамның сөздері: 17  Мен оны көремін, бірақ қазір емес,Мен оны көремін, бірақ жақында емес. Жақыптан бір жұлдыз+ туады,Исраилде патша асатаяғы пайда болады+. Жарады ол Моабтың маңдайын+,У-шу болған ұлдардың бассүйегін. 18  Исраил батылдық танытқанда,Едом оның меншігіне айналады+,Ал Сейір+ жауларының қол астына өтеді+. 19  Жақыптан халықтарды бағындыратын жеңімпаз шығады+,Қаладан жан сауғалап қашқандардың ол көзін құртады”. 20  Балағам амалектіктерді көріп, пайғамбарлық сөзін жалғап былай деді: “Амалек халықтардың алғашқысы еді+,Бірақ түбінде ол құрып жоқ болады+”. 21  Ал кендіктерді+ көргенде, Балағам мынадай пайғамбарлық сөз айтты: “Тұрағың сенің қауіпсіз, ұяң сенің жартаста. 22  Бірақ кендіктерді өртеп, күл қылатын біреу шығады. Ассирия сені тұтқынға алғанша, қанша уақыт қалды дейсің?!” 23  Балағам өзінің пайғамбарлық сөзін жалғап, тағы былай деді: “Қандай қасірет! Құдай осыны іске асырғанда, кім аман қалады? 24  Киттимнің+ жағасынан кемелер келіп,Ассирияға+ жәбір көрсетер,Еберге де осыны істер. Ақырында өзі де күйреп жоқ болар”. 25  Осыны айтқан соң, Балағам+ орнынан тұрып, өз жөніне кетті. Балақ та өз жолымен кетті.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “нақыл сөз”.