Мұсаның 4-жазбасы 25:1—18

  • Исраилдіктердің моабтық әйелдермен күнәға батуы (1—5)

  • Пінехестің әрекеті (6—18)

25  Шиттимде+ тұрып жатқан кезінде исраилдіктер Моаб қыздарымен азғындық жасай бастады+.  Моаб әйелдері жалған тәңірлеріне арнап құрбандықтар шалып, оған исраилдіктерді шақырды+. Исраилдіктер құрбандықтардан жеп, олардың тәңірлеріне табына бастады+.  Осылай олар Пеғор Бағалына ғибадат етті+. Сонда Ехобаның Исраилге қаһары лаулады.  Ехоба Мұсаға: “Осы іске жауапты жетекшілердің бәрін ұстап, өлтір де, денелерін күндіз Ехобаның алдында жұртқа көрсетіп іліп қой. Сонда Ехобаның Исраилге лаулаған қаһары басылады”,— деді.  Мұса Исраилдің билеріне+: “Әрқайсысың Пеғор Бағалына табынған адамдарыңды өлтіріңдер”+,— деп бұйырды.  Бүкіл халық кездесу шатырының кіреберісінде жылап тұрғанда, исраилдіктердің біреуі Мұса мен күллі жұрттың көзінше бауырларының арасына мадияндық бір әйелді ертіп келді+.  Діни қызметкер Харонның немересі әрі Елазардың ұлы Пінехес+ мұны көргенде, дереу халықтың арасынан шығып, қолына найзасын алды.  Сөйтті де, әлгінің артынан шатырға кіріп, екеуіне найзасын сұғып алды. Найза мадияндық әйелдің құрсағына қадалды. Сонда исраилдіктерді қырғынға ұшыратқан апат тоқтады+.  Одан қайтыс болғандардың саны 24 000 болды+. 10  Сосын Ехоба Мұсаға былай деді: 11  “Діни қызметкер Харонның немересі әрі Елазардың ұлы Пінехес+ Исраилге лаулаған қаһарымды басты, өйткені ол халықтың арасында маған жасалған опасыздыққа еш төзбеді+. Сондықтан мен, өзіме қалтқысыз берілуді талап етсем де+, исраилдіктерді түгел қырып тастамадым. 12  Сол себепті Пінехеске шапағатымды көрсететін келісім жасайтынымды айт. 13  Осы келісім бойынша, діни қызмет мәңгілік оған және оның ұрпақтарына беріледі+. Себебі ол өз Құдайына жасалған опасыздыққа еш төзбей+, Исраил халқын күнәдан тазартты”. 14  Мадияндық әйелмен бірге өлтірілген исраилдіктің аты-жөні Салу ұлы Зимри болатын. Ол шимон руындағы бір әулеттің басшысы еді. 15  Ал өлтірілген мадияндық әйелдің аты Хазба болатын. Ол мадияндық+ әулетбасылардың бірі Сурдың қызы еді+. 16  Кейінірек Ехоба Мұсаға былай деп тапсырды: 17  “Мадияндықтарға тыныштық бермей, қырып салыңдар+. 18  Себебі олар Пеғорда сендерді қулықпен күнәға еліктіріп, қырғынға ұшыратты+. Бұл үшін олар мадияндық басшының қызы Хазбаны, яғни Пеғорда халық қырғынға ұшыраған+ күні өлтірілген қарындастарын, қолданды+”.

Сілтемелер