Мұсаның 4-жазбасы 26:1—65

  • Исраил руларын екінші рет санақтан өткізу (1—65)

26  Сол апаттан соң+ Ехоба Мұса мен діни қызметкер Харонның ұлы Елазарға былай деді:  “Шайқасқа жарамды әрі жасы жиырмаға толған және одан асқан барлық Исраил ұлдарын әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер”+.  Содан Мұса мен діни қызметкер Елазар+ Иерихонға+ қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы, Моаб шөл даласында+ халыққа:  “Ехоба Мұсаға бұйырғандай, жасы жиырмаға толған және одан асқан еркек кіндіктілерді санақтан өткізіңдер”+,— деді. Мысырдан шыққан Исраилдің бүкіл үрім-бұтағы мынау:  Исраилдің тұңғышы Рубеннің+ ұлдарынан тарағандар+: Ханохтан Ханох әулеті, Палудан Палу әулеті,  Хесроннан Хесрон әулеті, Қармиден Қарми әулеті.  Бұлар Рубеннен тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 43 730 болды+.  Палудың ұлы — Елияп.  Ал Елияптың ұлдары: Немуел, Датан және Әбирам. Датан мен Әбирам жиынға келетін қауым өкілдері еді. Олар Мұса мен Харонға қарсы шыққан+ Қорахтың сыбайластарына қосылып+, Ехобаға қарсы бас көтерген болатын+. 10  Сонда жер аранын ашып, оларды жұтып қойған болатын. Ал Қорах от жалмаған 250 сыбайласымен бірге өліп кеткен еді+. Осылай олардың оқиғасы өзгелерге ескерту болды+. 11  Алайда Қорахтың ұлдары өлген жоқ+. 12  Шимонның ұлдарынан тарағандар+: Немуелден* Немуел әулеті, Яминнен Ямин әулеті, Яхиннен Яхин әулеті, 13  Зарахтан Зарах әулеті, Шаулдан Шаул әулеті. 14  Бұлар Шимоннан тараған әулеттер. Олардың саны 22 200 болды+. 15  Ғадтың ұлдарынан тарағандар+: Сефоннан* Сефон әулеті, Хагиден Хаги әулеті, Шуниден Шуни әулеті, 16  Озниден* Озни әулеті, Ериден Ери әулеті, 17  Ародтан* Арод әулеті, Арелиден Арели әулеті. 18  Бұлар Ғадтан тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 40 500 болды+. 19  Яһуданың ұлдары+: Ер мен Онан+. Бірақ олар Қанахан елінде қайтыс болды+. 20  Яһуданың басқа ұлдарынан тарағандар: Шелахтан+ Шелах әулеті, Парестен+ Парес әулеті, Зарахтан+ Зарах әулеті. 21  Ал Парестің ұлдарынан тарағандар мыналар: Хесроннан+ Хесрон әулеті, Хамулдан+ Хамул әулеті. 22  Бұлар Яһудадан тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 76 500 болды+. 23  Исахар ұлдарынан тарағандар+: Толадан+ Тола әулеті, Пуадан Пуа әулеті, Пуниден Пуни әулеті, 24  Яшуптан Яшуп әулеті, Шимроннан Шимрон әулеті. 25  Бұлар Исахардан тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 64 300 болды+. 26  Забулон ұлдарынан тарағандар+: Сереттен Серет әулеті, Елоннан Елон әулеті, Яхлелден Яхлел әулеті. 27  Бұлар Забулоннан тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 60 500 болды+. 28  Жүсіптің Манаса мен Ефрем атты ұлдарынан+ әулеттер тарады. 29  Манасаның+ ұлдарынан тарағандар мыналар: Махирден+ Махир әулеті. Махирден Ғалақат туылды+. Ғалақаттан Ғалақат әулеті тарады. 30  Ал Ғалақаттың ұлдарынан тарағандар: Иезерден Иезер әулеті, Хелектен Хелек әулеті, 31  Әсрейілден Әсрейіл әулеті, Сихемнен Сихем әулеті, 32  Шемидадан Шемида әулеті, Хеферден Хефер әулеті. 33  Хефер ұлы Салопахадтың ұлдары болмады. Ал қыздарының+ есімдері: Махла, Ноға, Хогла, Мылқа және Тирса+. 34  Бұлар Манасадан тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 52 700 болды+. 35  Ефрем+ ұлдарынан тарағандар: Шутелахтан+ Шутелах әулеті, Бехерден Бехер әулеті, Тақаннан Тақан әулеті. 36  Ал Шутелахтың Еран деген ұлынан Еран әулеті тарады. 37  Бұлар Ефремнен тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 32 500 болды+. Жүсіптің ұлдарынан тараған әулеттер, міне, осылар. 38  Бениямин ұлдарынан тарағандар+: Беладан+ Бела әулеті, Ашпелден Ашпел әулеті, Ахирамнан* Ахирам әулеті, 39  Шепупамнан* Шепупам әулеті, Хупамнан* Хупам әулеті. 40  Беланың Ард пен Нағыман деген ұлдарынан+ Ард және Нағыман әулеттері тарады. 41  Бұлар Бенияминнен тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 45 600 болды+. 42  Данның+ ұлдарынан тарағандар: Шухамнан Шухам әулеті. Бұлар Даннан тараған әулеттер. 43  Шухам әулетінен санақтан өткендердің саны 64 400 болды+. 44  Аширдің ұлдарынан тарағандар+: Имнахтан Имнах әулеті, Ишуиден Ишуи әулеті, Берияхтан Бериях әулеті. 45  Берияхтың Хебер мен Малхиел деген ұлдарынан Хебер және Малхиел әулеттері тарады. 46  Аширдің Сера деген қызы болды. 47  Бұлар Аширден тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 53 400 болды+. 48  Нафталим ұлдарынан тарағандар+: Яхзиелден Яхзиел әулеті, Гуниден Гуни әулеті, 49  Есерден Есер әулеті, Шилемнен Шилем әулеті. 50  Бұлар Нафталимнен тараған әулеттер. Олардың ішінен санақтан өткендердің саны 45 400 болды+. 51  Исраилдіктерден санақтан өткендердің жалпы саны 601 730 болды+. 52  Кейін Ехоба Мұсаға былай деді: 53  “Мұраға берілетін жер әрбір рудағы адамдардың санына қарай бөлініп берілсін+. 54  Адам саны көбіне жер үлкенірек, ал азына кішірек етіп берілуге тиіс+. Ол әр рудың санаққа алынған адамдарының санына қарай бөлінсін. 55  Жер жеребе арқылы үлестірілсін+. Әр әулет мұралық жерді өз руына тиген үлестен алсын. 56  Адам саны көп руларға да, аз руларға да мұраға берілетін жер жеребе арқылы анықталсын”. 57  Леуіліктерден тараған әрі санақтан өткен әулеттер+: Гершоннан Гершон әулеті, Қахаттан+ Қахат әулеті, Мерариден Мерари әулеті. 58  Леуіліктерге тағы мына әулеттер жатады: Лібни әулеті+, Хеброн әулеті+, Махли әулеті+, Мұши әулеті+, Қорах әулеті+. Қахаттан Ымрам туылды+. 59  Ымрамның әйелінің аты Ехобед болатын+. Ол Леуінің Мысыр елінде туылған қызы еді. Ымрамның әйелі Ехобед Харон мен Мұсаны және олардың әпкелері Мәриямды дүниеге әкелді+. 60  Кейіннен Харонның Надап, Әбиху, Елазар және Итамар атты ұлдары туылды+. 61  Бірақ Надап пен Әбиху Ехобаның алдына заңға қайшы от әкелгені үшін өліп кетті+. 62  Леуіліктердің жасы бір айға толған және одан асқан еркек кіндіктілерінің санаққа алынған жалпы саны 23 000 болды+. Олар Исраилдің өзге руларымен бірге санаққа алынған жоқ+. Өйткені оларға исраилдіктердің арасынан мұраға жер берілмеді+. 63  Сонымен, Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласында Мұса мен діни қызметкер Елазар санақтан өткізген исраилдіктер, міне, осылар. 64  Бірақ олардың арасында Синай шөлінде Мұса мен діни қызметкер Харон санақтан өткізген исраилдіктердің бірде-біреуі болған жоқ+. 65  Себебі Ехоба: “Олар сөзсіз шөл далада өлім құшады”+,— деген еді. Солардың арасынан Епунех ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуадан басқа ешкім қалмады+.

Сілтемелер

М1ж 46:10-да “Зипион”.
М1ж 46:16-да “Езбон”.
М1ж 46:16-да “Ароди”.
М1ж 46:21-де “Хупим”.
М1ж 46:21-де “Мупим”, ал Ш1ж 7:12-де “Шупим”.