Мұсаның 4-жазбасы 28:1—31

  • Түрлі құрбандықтарды әкелу ережесі (1—31)

    • Күнделікті әкелінетін құрбандықтар (1—8)

    • Демалыс күні әкелінетін құрбандықтар (9, 10)

    • Ай сайын әкелінетін құрбандықтар (11—15)

    • Құтқарылу мейрамының құрбандықтары (16—25)

    • Алғашқы өнім мейрамының құрбандықтары (26—31)

28  Сосын Ехоба Мұсаға мынаны айтты:  “Исраилдіктерге маған арнап ас тартуын әкелсін деп бұйыр. Сол тартуды белгіленген уақыттарда маған ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынсын+.  Оларға былай де: —Ехобаға өртеп ұсынатын тартуларың келесідей болсын: күнделікті түгел өртелетін құрбандыққа еш кемістігі жоқ бір жасар екі еркек тоқты әкеліп+,  біреуін таңертең, ал екіншісін екі кештің арасында ұсыныңдар+.  Олармен бірге астық тартуы ретінде ефаның оннан бір бөлігі* болатын сапалы ұн әкеліңдер. Ұн хиннің төрттен бір бөлігі* болатын сығылған таза зәйтүн майымен араластырылсын+.  Синай тауында берілген бұйрыққа сай, бұлар — Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде күнделікті түгел өртелетін құрбандық+.  Сондай-ақ әр еркек тоқтымен бірге сұйық тартуы ретінде хиннің төрттен бір бөлігі болатын ішімдік әкелінсін+. Ол Ехобаға арнап қасиетті орында төгілсін.  Екінші тоқтыны екі кештің арасында шалыңдар. Оны да дәл таңертеңгідей астық тартуымен және сұйық тартуымен қоса Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеңдер+.  Ал Демалыс күні*+ еш кемістігі жоқ бір жасар екі еркек тоқты, астық тартуы ретінде маймен араластырылған ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұн және сұйық тартуын әкеліңдер. 10  Бұл — Демалыс күнінің түгел өртелетін құрбандығы. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандыққа және оның сұйық тартуына қоса ұсыныңдар+. 11  Әр айдың басында Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа екі жас бұқа, бір қошқар және еш кемістігі жоқ бір жасар жеті еркек тоқты шалыңдар+. 12  Сондай-ақ әр бұқамен бірге астық тартуы+ ретінде ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал қошқармен+ бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып алып келіңдер. 13  Әрбір еркек тоқтымен бірге астық тартуы ретінде ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып әкеліңдер. Бұлар — түгел өртелетін құрбандық, Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын тарту+. 14  Осыларға қоса келесідей сұйық тарту әкеліңдер: әр бұқаға жарты хин+, қошқарға хиннің үштен бір бөлігі+, ал әр тоқтыға хиннің төрттен бір бөлігі болатын шарап+. Бұл — жыл бойы әр айда ұсынылатын түгел өртелетін құрбандық. 15  Сондай-ақ Ехобаға арнап күнә үшін құрбандыққа бір жас ешкі шалыңдар. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандыққа және оның сұйық тартуына қоса ұсыныңдар. 16  Бірінші айдың он төртінші күні Ехобаға арналған Құтқарылу мейрамы+. 17  Осы айдың он бесінші күні жеті күндік мейрам басталады. Сол күндері ашытқысыз пісірілген нан жеңдер+. 18  Мейрамның бірінші күні қасиетті жиын өткізіңдер. Ешқандай үлкен жұмыс жасамаңдар. 19  Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандыққа екі жас бұқа, бір қошқар, бір жасар жеті еркек тоқты ұсыныңдар. Олардың еш кемістігі болмасын+. 20  Әр бұқамен бірге ефаның оннан үш бөлігі, ал қошқармен бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып, астық тартуын әкеліңдер+. 21  Ал жеті тоқтының әрқайсысымен бірге ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнды май араластырып әкеліңдер. 22  Сонымен қатар күнә үшін құрбандыққа бір ешкі әкеліңдер. Онымен күнәларың өтеледі. 23  Осылардың бәрін күнделікті таңертең ұсынатын түгел өртелетін құрбандықпен бірге әкеліңдер. 24  Дәл осылай жеті күн бойы ас тартуын, яғни Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынылатын тарту, алып келіңдер. Оны күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен және оның сұйық тартуымен бірге ұсыныңдар. 25  Ал жетінші күні қасиетті жиын өткізіңдер+. Ешқандай үлкен жұмыс жасамаңдар+. 26  Алғашқы өнімдеріңді жинап+, жаңа піскен астықтан Ехобаға тарту ұсынған күні+, Апталар мейрамында*, қасиетті жиын өткізіңдер+. Бұл күні ешқандай үлкен жұмыс жасамаңдар+. 27  Ехобаға ұнамды хош иіс ретінде өртеп ұсынатын құрбандыққа екі жас бұқа, бір қошқар, бір жасар жеті еркек тоқты әкеліңдер+. 28  Әр бұқамен бірге ефаның оннан үш бөлігі болатын, ал қошқармен бірге ефаның оннан екі бөлігі болатын сапалы ұнға май араластырып, астық тартуын әкеліңдер. 29  Ал жеті тоқтының әрқайсысымен бірге ефаның оннан бір бөлігі болатын сапалы ұнды май араластырып әкеліңдер. 30  Сондай-ақ күнәларыңды өтеу үшін бір жас ешкі алып келіңдер+. 31  Осылардың бәрін күнделікті түгел өртелетін құрбандықпен және оның астық тартуымен бірге әкеліңдер, оларға тиісті сұйық тартуларын да ұсыныңдар. Малдың ешқайсысында кемістік болмасын+.

Сілтемелер

Яғни 2,2 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Яғни 0,9 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
“Алғашқы өнім мейрамы” деп те аталады.