Мұсаның 4-жазбасы 30:1—16

  • Серт беру (1, 2)

  • Әйел мен қыздың берген серті (3—16)

30  Содан кейін Мұса Исраилдің рубасыларына+ мынаны айтты: “Ехоба былай деп бұйырады:  —Егер біреу Ехобаға қандай да бір серт берсе+ немесе бір нәрседен бас тартуға ант етсе+, онда сөзінде тұрсын+. Серт еткен нәрсесінің бәрін орындасын+.  Егер әкесінің үйінде тұрып жатқан қыз Ехобаға қандай да бір серт берсе немесе бір нәрседен бас тартуға ант етсе,  ал әкесі мұны естіп, бірақ еш қарсылық білдірмесе, онда қызының берген кез келген серті өз күшінде қалады.  Алайда әкесі мұны естіген күні қызына тыйым салса, онда қызының берген кез келген серті күшін жоғалтады. Әкесі тыйым салғандықтан, Ехоба оны кешіреді+.  Егер қыз тұрмысқа шықса және мойнында қандай да бір серті немесе ант етіп, асығыстықпен берген уәдесі бар болса,  ал күйеуі бұл туралы естіген күні еш қарсылық білдірмесе, онда әйелдің берген кез келген серті күшінде қалады.  Бірақ күйеуі бұл туралы естіген күні тыйым салса, әйелінің берген сертін де, асығыстықпен берген уәдесін де күшінен айырады+. Ехоба әйелді кешіреді.  Егер жесір не күйеуінен ажырасқан әйел ант етіп, қандай да бір серт берсе, оны орындауы керек. 10  Ал егер әйел күйеуінің үйінде жүріп, қандай да бір серт берсе немесе бір нәрседен бас тартуға ант етсе, 11  күйеуі мұны естіп, бірақ үндемесе не тыйым салмаса, әйелінің кез келген серті күшінде қалады. 12  Ал естіген күні күйеуі тыйым салса, ол әйелінің кез келген сертін күшінен айырады+. Күйеуі серттің күшін жойғандықтан, Ехоба әйелді кешіреді. 13  Ендеше күйеуі әйелінің берген кез келген сертін немесе бір нәрседен бас тарту антын бекіте де, күшінен айыра да алады. 14  Егер серт туралы естіген күйеуі бірнеше күн бойы үндемесе, онда әйелінің берген кез келген сертін бекіткен болады. Әйелінің берген сертін естіген күні қарсылық білдірмегендіктен, оны бекітеді. 15  Егер күйеуі бұны естіген соң, біраз күн өткеннен кейін ғана тыйым салса, онда ол әйелінің кінәсі үшін жауапты болады+”. 16  Бұлар серт берілген жағдайда күйеуі мен әйелі, әкесі мен үйіндегі қызы не істеу керектігіне қатысты Ехобаның Мұсаға бұйырған нұсқаулары.

Сілтемелер