Мұсаның 4-жазбасы 31:1—54

  • Мадияндықтардан өш алу (1—12)

    • Балағамның өлімі (8)

  • Соғыста алған олжаға қатысты нұсқау (13—54)

31  Сосын Ехоба Мұсаға былай деді:  “Исраилдіктер үшін мадияндықтардан+ өш ал+. Бұдан кейін сен көз жұмып, ата-бабаларыңа қосыласың+”.  Сөйтіп, Мұса халыққа: “Араларыңдағы ер адамдарды мадияндықтармен шайқасып, Ехобаның өшін алу үшін қаруландырыңдар.  Жасаққа Исраилдің әрбір руынан 1000 адамнан шығарыңдар”,— деді.  Сонда мыңдап саналған исраилдіктердің+ әр руы өздерінен 1000 адамнан шығарды. Шайқасқа барлығы 12 000 сарбаз дайын болды.  Мұса әр рудан мың-мыңнан жиналған осы жасақты шайқасқа жіберді. Жасақпен бірге діни қызметкер Елазар ұлы Пінехесті+ жіберді. Оның қолына киелі заттар мен белгі беретін кернейлерді+ тапсырды.  Ехоба Мұсаға бұйырғандай, олар мадияндықтармен шайқасып, ер адамдарының бәрін өлтірді.  Өлгендердің арасында Еби, Рекем, Сур, Хұр, Реба деген Мадиянның бес патшасы болды. Сондай-ақ олар Беғор ұлы Балағамды+ да семсердің жүзімен өлтірді.  Ал мадияндықтардың әйелдері мен балаларын тұтқынға алды. Бұған қоса, күллі табын-отары мен дүние-мүлкін олжалады. 10  Қалалары мен қостарын* түгел өртеп жіберді. 11  Олар тонаған не олжа еткеннің бәрін — адамдарды да, малдарды да — өздерімен алып кетті. 12  Сөйтіп, оның бәрін Мұса мен діни қызметкер Елазарға және бүкіл Исраил қауымына — Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласындағы қостың+ қасына — әкелді. 13  Мұса мен діни қызметкер Елазар және барлық қауым басшылары оларды қарсы алу үшін қостың сыртына шықты. 14  Сонда Мұса шайқастан қайтып келген жасақ басшыларына, мыңбасылары мен жүзбасыларға, қатты ашуланып, 15  былай деді: “Әйелдерді неге тірі қалдырдыңдар? 16  Балағамның айтуымен исраилдіктерді Ехобаға опасыздық жасауға азғырған осылар емес пе еді+?! Сол кезде Пеғордың маңында+ Ехобаның қауымы қырылып еді ғой+. 17  Сондықтан қазір олардың арасындағы ер балаларды және еркекпен жақындасқан әйелдерді түгел өлтіріңдер. 18  Ал еркекпен жақындаспаған жас қыздарды алып қалыңдар+. 19  Өздерің болса жеті күн қостың сыртында болыңдар. Араларыңдағы кісі өлтірген не мәйітке тиген әркім+ үшінші және жетінші күні тазару рәсімінен өтсін+. Өздерің де, тұтқындарың да осылай етіңдер. 20  Киімдеріңді және былғарыдан, ешкі түбітінен, ағаштан жасалған нәрселердің бәрін тазартыңдар”. 21  Діни қызметкер Елазар шайқастан оралған сарбаздарға былай деді: “Ехобаның Мұсаға берген заңы мынадай: 22  —Алтын, күміс, қола, темір, қалайы мен қорғасын заттарды, 23  яғни отқа төзімді заттардың бәрін, отқа салып тазартыңдар. Кейін тазару рәсіміне арналған суға+ батырып алыңдар. Ал отта жанып кететін заттарды сумен жуыңдар. 24  Жетінші күні киімдеріңді жуыңдар, сонда таза боласыңдар. Содан кейін ғана қосқа кіре аласыңдар+”. 25  Кейін Ехоба Мұсаға мынаны айтты: 26  “Қасыңа діни қызметкер Елазарды және әулет басшыларын алып, тұтқынға түскен адамдар мен олжаланған малды санап шық. 27  Сосын бар олжаны екіге бөліп, шайқасқа барғандарға және қоста қалған жұртқа бер+. 28  Сарбаздардың олжасынан Ехобаға үлес етіп әрбір 500 адамнан, ірі қарадан, есектен, ұсақ малдан бір-біреуден* бер. 29  Осылай сарбаздарға тиген жарты олжадан үлес алып, Ехобаға арналған сый-тарту ретінде діни қызметкер Елазарға табыста+. 30  Ал исраилдіктерге берілген жарты олжаның — адамның, ірі қараның, есектің, ұсақ малдың, яғни барлық малдың — әрбір 50-інен бір-біреуден алып, Ехобаның киелі шатырында өз міндетін атқарып жүрген+ леуіліктерге бер+”. 31  Сөйтіп, Мұса мен діни қызметкер Елазар Ехобаның Мұсаға бұйырғандарын орындады. 32  Жорыққа барғандардың әкелген олжасынан қалғанын есептегенде, 675 000 ұсақ мал, 33  72 000 ірі қара, 34  61 000 есек, 35  ал еркекпен жақындаспаған қыздардың+ саны 32 000 болды. 36  Осы олжадан шайқасқа барғандарға тиген жартысы 337 500 ұсақ мал болды. 37  Одан Ехобаға үлес етіп 675 бас берілді. 38  Ірі қараның саны 36 000 болды, одан Ехобаға үлес етіп 72 бас берілді. 39  Есектің саны 30 500 болды, одан Ехобаға үлес етіп 61 бас берілді. 40  Адам саны 16 000 болды, одан Ехобаға үлес етіп 32 жан берілді. 41  Осылайша Мұса бұларды Ехобаға арналған сый-тарту ретінде діни қызметкер Елазарға табыстап+, Ехобаның өзіне бұйырғанын орындады. 42  Мұса шайқасқа барғандардың әкелген олжасынан бөліп алып, исраилдіктерге берген екінші жартысы келесідей болды: 43  ұсақ малдың саны 337 500, 44  ірі қараның саны 36 000, 45  есектің саны 30 500, 46  адам саны 16 000. 47  Содан Мұса исраилдіктерге тиген осы жарты олжаның — малдың да, адамның да — әрбір елуінен біреуін алып, Ехобаның киелі шатырында міндеттерін атқарып жатқан+ леуіліктерге берді+. Осылай Мұса Ехобаның бұйырғанын орындады. 48  Содан мыңдап саналған жасақтың басшылары+, яғни мыңбасылары мен жүзбасылары, Мұсаға келіп, 49  былай деді: “Қызметшілеріңіз қол астындағы сарбаздарын санап шықты. Ешқандай адам шығыны болмапты+. 50  Сондықтан әрқайсысымыз олжалаған алтын заттардан, аяққа және қолға тағатын білезіктерден, мөрлі сақиналардан, сырғалар мен басқа да әшекей бұйымдардан Ехобаға сый-тарту берейік. Осылайша Ехобаның алдында жанымыздың құнын өтесек деп едік”. 51  Мұса мен діни қызметкер Елазар олардың әкелген алтындарын және барлық әшекей бұйымдарын қабыл алды. 52  Мыңбасылары мен жүзбасылары Ехобаға сый-тарту ретінде әкелген алтынның салмағы 16 750 шекел* болды. 53  Сарбаздардың әрқайсысы өздері үшін олжа алған еді. 54  Содан Мұса мен діни қызметкер Елазар мыңбасылар және жүзбасылар ұсынған алтынды алып, оны Исраил халқы үшін Ехобаның алдында естелік ретінде кездесу шатырына апарды.

Сілтемелер

Немесе “дуалмен қоршалған қостарын”.
Сөзбе-сөз “бір-бір жаннан”. Түсіндірмені қараңыз.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.