Мұсаның 4-жазбасы 33:1—56

  • Исраилдіктердің шөлде көшіп-қонуы (1—49)

  • Қанахан жерін басып алуға қатысты нұсқау (50—56)

33  Мұса мен Харонның басшылығымен+ Мысырдан әскер жасағындай+ лек-легімен шыққан+ исраилдіктер көшіп-қонып жүріп отырды.  Мұса Ехобаның бұйрығымен олардың көшкен және тоқтаған жерлерін жазып отырды+. Бұл келесідей болды:  бірінші айдың он бесінші күні+ исраилдіктер Рамсестен шықты+. Олар Құтқарылу мейрамының+ ертеңіне мысырлықтардың көз алдында нық сеніммен шыққан еді.  Сол кезде мысырлықтар Ехоба қырғынға ұшыратқан күллі тұңғыштарын жерлеп жатқан+. Ехоба олардың құдайларын жазалаған болатын+.  Содан исраилдіктер Рамсестен шығып, Суқотқа келіп қос тікті+.  Суқоттан шығып, шөлдің шетіндегі Етамға қос тікті+.  Етамнан шығып, Бағал-Сепонға қарама-қарсы Пи-Хахиротқа+ бұрылды да, Миғдолдың тұсына қос тікті+.  Сосын Пи-Хахироттан көшіп, теңіз арқылы өтіп+, Етам+ шөліне келді+. Шөлмен үш күн жүріп, Мараға қос тікті+.  Олар Марадан шығып, Елимге жетті. Елимде 12 бұлақ пен 70 құрма пальмасы болатын, сондықтан олар сол жерге қос тікті+. 10  Сосын Елимнен аттанып, Қызыл теңіздің бойына қос тікті. 11  Қызыл теңізден шығып, Син шөліне келіп қос тікті+. 12  Син шөлінен шығып, Допкаға қос тікті. 13  Кейінірек Допкадан аттанып, Алушқа қос тікті. 14  Алуштан шығып, Репедимге қос тікті+. Бұл жерде халық ішетін ауызсу болмады. 15  Репедимнен көшіп, Синай шөліне келіп қос тікті+. 16  Кейін олар Синай шөлінен аттанып, Қиброт-Хатауаға+ қос тікті. 17  Қиброт-Хатауадан шығып, Хазеротқа+ қос тікті. 18  Хазероттан шығып, Ритмаға қос тікті. 19  Ритмадан шығып, Римон-Пәреске қос тікті. 20  Римон-Пәрестен аттанып, Либнаға қос тікті. 21  Кейінірек Либнадан шығып, Рисаға қос тікті. 22  Рисадан шығып, Кехелатаға қос тікті. 23  Кехелатадан көшіп, Шәпер тауына келіп тоқтады. 24  Сосын олар Шәпер тауынан шығып, Харадаға қос тікті. 25  Харададан шығып, Махелотқа қос тікті. 26  Махелоттан шығып+, Тахатқа қос тікті. 27  Тахаттан шығып, Тарахқа қос тікті. 28  Тарахтан шыққан олар Митқаға қос тікті. 29  Кейінірек Митқадан шығып, Хашмонаға қос тікті. 30  Хашмонадан шығып, Мосеротқа қос тікті. 31  Мосероттан көшіп, Бене-Жақанға+ қос тікті. 32  Бене-Жақаннан аттанып, Хор-Хагидатқа қос тікті. 33  Хор-Хагидаттан жолға шыққан олар Жотбатаға+ қос тікті. 34  Кейінірек Жотбатадан көшіп, Абронға қос тікті. 35  Аброннан шығып, Есион-Геберге+ қос тікті. 36  Есион-Геберден аттанып, Зин шөліне+, яғни Қадешке келіп қос тікті. 37  Кейінірек олар Қадештен көшіп, Едом жерінің шегарасындағы Хор тауына келіп қос тікті+. 38  Діни қызметкер Харон Ехобаның бұйрығымен Хор тауына көтеріліп, сол жерде көз жұмды. Бұл исраилдіктер Мысырдан шыққаннан кейінгі қырқыншы жылдың бесінші айының бірінші күні болатын+. 39  Харон Хор тауында қайтыс болғанда 123 жаста еді. 40  Сол кезде Қанахан өлкесіндегі Негевте тұрып жатқан қанахандық Арат патша+ исраилдіктердің келе жатқанын естіді. 41  Біраз уақыт өткен соң исраилдіктер Хор тауынан көшіп+, Салмонаға келіп қос тікті. 42  Салмонадан шығып, қостарын Пунонға тікті. 43  Пуноннан аттанып, Оботқа қос тікті+. 44  Оботтан көшіп, Моабтың шегарасындағы Ие-Абаримге* қос тікті+. 45  Кейінірек Иримнен аттанып, Дибон-Ғадқа+ қос тікті. 46  Дибон-Ғадтан көшкен олар Алмон-Диблатайымға қос тікті. 47  Алмон-Диблатайымнан шығып, Небоның+ тұсындағы Абарим тауларына+ келіп қос тікті. 48  Ақыр соңында, олар Абарим тауларынан көшіп, Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласына келіп тоқтады+. 49  Содан олар қостарын Иордан өзенін бойлай Моаб шөл даласындағы Бет-Ешимоттан Әбел-Шиттимге+ дейінгі аралыққа тікті. 50  Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласында Ехоба Мұсаға былай деді: 51  “Исраилдіктерге мына сөзімді жеткіз: —Сендер Иордан өзенінен өтіп, Қанахан жеріне кіргелі жатырсыңдар+. 52  Сол жерге кіргенде, тұрғындарының бәрін қуып, тастан қашалған және темірден балқытып құйылған мүсіндерінің бәрін құртыңдар+, сондай-ақ қасиетті ғибадат төбелерінің барлығын қиратыңдар+. 53  Ал жерлерін иемденіп, қоныстаныңдар. Өйткені мен оны сендерге міндетті түрде иеліктеріңе беремін+. 54  Сол өлкені руларың және әулеттерің бойынша өзара жеребе тастап+ бөліп алыңдар. Адам саны көбіне жерді үлкенірек, ал азына кішірек етіп беріңдер+. Әркімге үлес жеребе түскен жерден тиеді. Осылай иелікке жерді ру бойынша аласыңдар+. 55  Егер сол жердің тұрғындарын қуып жібермесеңдер+, олар көзге түскен жаңқадай, бүйірге қадалған тікендей болып, сендерге тыныштық бермейді+. 56  Ал мен оларға істемек болғанымды сендердің бастарыңа түсіремін+”.

Сілтемелер

45-тармақта бұл жер “Ирим” деп аталған.