Мұсаның 4-жазбасы 35:1—34

  • Леуіліктер тұратын қалалар (1—8)

  • Бассауғалайтын қалалар (9—34)

35  Ехоба Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласында+ Мұсаға былай деді:  “Исраилдіктерге мынаны бұйыр: —Өздеріне тиген жерлерден леуіліктерге тұратын қалалар+ мен олардың айналасынан жайылымдар беріңдер+.  Сол қалалар леуіліктерге қоныс, ал айналасындағы жерлер малдары мен басқа да жануарларына жайылым әрі қора-жай болады.  Леуіліктерге берілетін жайылымдар қаланы қоршаған дуалдан айналдыра 1000 шынтаққа* дейінгі жерді алып жатсын.  Қаланың сыртқы жақтарынан: шығысынан, оңтүстігінен, батысы мен солтүстігінен — 2000 шынтақтан өлшеңдер, ал қаланың өзі ортасында қалсын. Қалаларға тиесілі жайылымдар, міне, осындай болсын.  Леуіліктерге кісі өлтірген адам+ бассауғалайтын 6 қала+, бұған қоса басқа 42 қала беріңдер.  Сөйтіп, оларға жайылымдарымен қосып барлығы 48 қала берулерің керек+.  Бұл қалаларды исраилдіктердің үлесінен алып беріңдер+. Адам саны көп рудан көбірек, азынан азырақ алынсын+. Осылай әр рудың леуіліктерге беретін қала саны үлестеріне тиген жердің көлеміне қарай болсын”.  Әрі қарай Ехоба Мұсаға былай деді: 10  “Исраилдіктерге мынаны айт: —Иорданнан өтіп, Қанахан жеріне кіргелі тұрсыңдар+. 11  Сол жерге кіргенде, өздеріңе ыңғайлы жерден қалалар таңдаңдар. Олар бассауғалайтын қалалар болмақ. Абайсызда кісі өлтіріп қойған адам солардың біріне қашсын+. 12  Бұл қалалар кісі өлтірген адамды қауым алдында соттағанға дейін+, төгілген қанның кегін алушыдан қорғайтын пана болады+. 13  Сендер бөліп беретін бассауғалайтын алты қала осындай мақсатта қолданылады. 14  Оның үшеуі Иорданның осы бетінен+, үшеуі Қанахан жерінен берілсін+. Олар бассауғалайтын қалалар. 15  Бұл алты қаланы абайсызда кісі өлтірген кез келген адам+ — исраилдік те, жатжерлік+ не уақытша тұрғын да — қашып барып, паналай алады. 16  Егер әлдекім темір құралмен біреуді ұрып, мерт қылса, бұл адам — кісі өлтіруші. Ол міндетті түрде өлімге кесілсін+. 17  Егер кімде-кім қолына кісі өлтіретіндей тас алып, біреуді ұрып, мерт қылса, бұл адам — кісі өлтіруші. Ол міндетті түрде өлімге кесілсін. 18  Егер әлдебіреу қолына кісі өлтіретіндей ағаш зат алып, біреуді ұрып, мерт қылса, бұл адам — кісі өлтіруші. Ол міндетті түрде өлімге кесілсін. 19  Кісі өлтірген адам кек алушының қолынан өлсін. Ол оны кездестірген жерінде өлтірсін. 20  Егер адам жек көріп біреуді итеріп жіберсе немесе зұлым ниетпен* бірдеңе лақтырса, бұдан ол өліп кетсе+, 21  я болмаса жек көріп біреуді жұдырықпен ұрып, оны мерт қылса, мұндай адам өлімге кесілсін, өйткені ол — кісі өлтіруші. Кек алушы оны кездестірген жерінде өлтірсін. 22  Ал егер адам біреуді жек көргендіктен емес, абайсызда итеріп жіберсе не ешбір зұлым ниетсіз* оған қарай бірдеңе лақтырса+ 23  немесе оны көрмей тас лақтырып қалса не оның үстіне тас түсіріп алса, осылай кісіні мерт қылса, бірақ онымен жауласпаған яки оған жамандық ойламаған болса, 24  онда қауым кісі өлтірген адам мен кек алушының ісін айтылған нұсқаулар бойынша қарастырсын+. 25  Содан қауым кісі өлтірген адамды кек алушының қолынан құтқарып, оны бассауғалау үшін қашып барған қаласына қайтарсын. Ол май жағып тағайындалған бас діни қызметкер+ қайтыс болғанша сол қалада тұрсын. 26  Егер кісі өлтірген адам бассауғалаған қаланың шегарасынан шықса, 27  сөйтіп, кек алушының қолына түсіп өлсе, кек алушы қан төккені үшін жауапқа тартылмайды. 28  Өйткені кісі өлтірген адам бас діни қызметкер өлгенге дейін бассауғалайтын қалада тұру керек. Бас діни қызметкер қайтыс болған соң, ол өзінің меншікті жеріне қайта алады+. 29  Міне, бұлар өздерің және келер ұрпақтарың, қай жерде тұрсаңдар да, сот ісінде ұстанатын нұсқаулар. 30  Кісі өлтірген адамды+ куәгерлердің қылмысты растауымен+ ғана өлімге кесу керек. Бірақ оны өлімге кесуге бір ғана куәгердің растауы жеткіліксіз. 31  Кісі өлтіріп, өлім жазасына лайық болған қылмыскердің өмірі үшін құн алмаңдар, ол міндетті түрде өлтірілу керек+. 32  Сондай-ақ бассауғалайтын қалаға қашып барған адамға да бас діни қызметкер көз жұмбай тұрып, құн төлеп, өз мекеніне қайтуына жол бермеңдер. 33  Тұрып жатқан жерлеріңді арамдамаңдар, өйткені төгілген қан жерді арамдайды+. Қан төгіліп арамдалған жерді қан төккен адамның қанымен ғана тазартуға болады+. 34  Өздерің тұратын әрі мен тұратын мекенді арамдамаңдар. Өйткені мен, Ехоба, Исраил халқының арасында тұрамын+”.

Сілтемелер

1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “аңдып жатып”.
Сөзбе-сөз “аңдып жатпай”.