Мұсаның 4-жазбасы 36:1—13

  • Мұралық жері бар қыздың тұрмысқа шығуына қатысты заң (1—13)

36  Жүсіптің шөбересі, Манасаның немересі, Махирдің ұлы Ғалақаттан тараған+ әулетбасылары Мұса мен басшыларға, яғни исраилдіктердің әулетбасыларына келіп,  былай деді: “Ехоба біздің мырзамызға жерді исраилдіктерге жеребе+ арқылы бөліп беруді бұйырған еді. Сонда Ехоба мырзамызға бауырымыз Салопахадқа тиген жерді қыздарына беруді бұйырған+.  Егер олар Исраилдің басқа руының адамына тұрмысқа шықса, олардың мұралық жерлері әкелерімізге тиген мұралық жерден бөлініп, сол руға өтеді ғой. Сонда бұл жер біздің жеребе арқылы иемденген үлесімізден шығып қалады.  Азаттық жылы+ келгенде, сол қыздардың мұралық жері тұрмысқа шыққан руға біржола өтеді ғой. Сонда олардың мұралық жері әкелеріміздің руына тиген үлестен біржола шығып қалады”.  Сол кезде Мұса Ехобаның бұйыруымен исраилдіктерге былай деді: “Жүсіптің ұрпағынан тараған рудың адамдары дұрыс айтады.  Ехоба Салопахадтың қыздарына мынаны бұйырады: —Олар қалаған адамына тұрмысқа шығуына болады, алайда өз руының бір әулетіндегі ер адамға шықсын.  Исраилдіктердің мұралық жері бір рудың меншігінен екінші рудікіне өтпесін. Өйткені исраилдіктер ата-бабаларының руына берілген мұралық жерді сақтап қалулары керек.  Исраил руларының ішінен мұралыққа жер алған әрбір қыз өз руындағы ер адамға күйеуге шықсын+. Осылай исраилдіктер ата-бабаларының үлесіне тиген жерді сақтап қалады.  Сонымен, мұралық жер бір рудан екінші руға өтпесін. Исраилдің әрбір руы өзінің үлесіне тиген жерді сақтап қалсын”. 10  Салопахадтың қыздары Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеді+. 11  Махла, Тирса, Хогла, Мылқа және Ноға есімді осы қыздар+ әкелерінің бауырларының ұлдарына тұрмысқа шықты. 12  Осылайша олар мұралық жерлерін өз руларының меншігінде сақтап қалу үшін, Жүсіп ұлы Манасадан тараған әулеттердің ішіндегі ер адамдарға шықты. 13  Ехобаның Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моаб шөл даласында Мұсаға берген заңдары мен шешімдері, міне, осылар+.

Сілтемелер