Мұсаның 4-жазбасы 5:1—31

  • Арамдалған адамды оқшаулау (1—4)

  • Күнәні мойындау және залалдың орнын толтыру (5—10)

  • Азғындыққа қатысты күдікті сумен тексеру (11—31)

5  Ехоба сөзін жалғап, Мұсаға былай деді:  “Исраилдіктерге алапеспен ауыратын+, тәнінен сұйықтық ағатын+, мәйітке тиіп арамдалған адамдардың бәрін+ қостың сыртына шығаруды бұйыр.  Қосты арамдамау үшін ондай адамдар — мейлі еркек не әйел болсын — сыртқа шығарылсын+, өйткені мен сендердің араларыңда мекендеймін+”.  Содан исраилдіктер оларды қостың сыртына шығарды. Ехоба Мұсаға қалай бұйырса, халық дәл солай істеді.  Ехоба Мұсаға әрі қарай былай деді:  “Исраилдіктерге мынаны айт: —Кімде-кім пендешілікпен күнә жасап, Ехобаға опасыздық істесе, ол айыпты болады+.  Ол өз күнәсін ашық мойындасын+. Сондай-ақ келтірілген залалдың орнын толтырып және оның үстіне бестен бірін қосып+, зардап шеккен адамға берсін.  Ал егер зардап шеккен адам өліп, айып төлемін алатын жақын туысы болмаса, бұл Ехобаға тиесілі болып, діни қызметкерге берілсін. Оның күнәсін өтеу үшін ұсынылған қошқар да діни қызметкердікі. Ол қошқарды құрбандыққа шалып, әлгі адамның күнәсін өтейді+.  Исраилдіктердің діни қызметкерге әкелген қасиетті тартуларының+ бәрі сонікі+. 10  Әрбір адамның әкелген қасиетті тартуы діни қызметкерге тиесілі. Оған не әкелсе де, діни қызметкердің меншігі болады”. 11  Сосын Ехоба Мұсаға былай деді: 12  “Исраилдіктерге мынаны да айт: —Біреудің әйелі түзу жолдан тайып, күйеуіне опасыздық жасап, 13  басқа бір еркекпен жақындасып+, бірақ бұл жайлы күйеуі білмей, жасырын күйде қалуы мүмкін және қылмыстың үстінен ешкім түспей, әйелдің өзін арамдағанын растайтын куәгер болмауы мүмкін. 14  Алайда күйеуінің бойын қызғаныш билеп, әйелінің адалдығына күдіктенсе, ал әйелі шынымен өзін арамдаған болса, немесе күйеуінің бойын қызғаныш билеп, әйелінің адалдығына күдіктеніп, бірақ әйел өзін арамдамаған болса, 15  онда ол әйелін діни қызметкерге алып барсын. Сондай-ақ әйелінің тартуын, яғни ефаның оннан бір бөлігі* болатын арпа ұнын ала барсын. Бірақ ұнның үстіне май да құймасын, ладан да қоймасын. Өйткені бұл — қызғанышқа бола әкелінетін, яки күнәні еске салатын, астық тартуы. 16  Діни қызметкер әйелді алға шығарып, Ехобаның алдына тұрғызсын+. 17  Қыш ыдысқа таза* судан құйып, ішіне киелі шатыр тұрған жерден топырақ алып салсын. 18  Сөйтіп, әйелді Ехобаның алдына тұрғызып, оның шашын жайып, алақанына еске салатын тартуды, яғни қызғанышқа бола әкелінетін астық тартуын, қойсын+. Ал өзі қолына қарғысқа ұшырататын ащы суды ұстап тұрсын+. 19  Діни қызметкер әйелден ант алу үшін, былай десін: “Егер күйеуің бар бола тұра+, бөтен еркекпен жақындаспасаң, түзу жолдан тайып, өзіңді арамдамаған болсаң, онда қарғысқа ұшырататын мына ащы су саған залал келтірмесін. 20  Ал егер күйеуің бар бола тұра, түзу жолдан тайып, бөтен еркекпен жақындасып, өзіңді арамдаған болсаң+...” 21  Сосын діни қызметкер әйелге қарғыс сөздері бар ант бергізу үшін оған былай десін: “Егер бұл іске шынымен барған болсаң, Ехоба жұртты сенің атыңмен лағынет айтатын және ант ішіп, қарғанатын етсін. Ехоба сені құрсағың түсіп*, ішің ісініп кететін етсін. 22  Қарғысқа ұшырататын мына су ішіңе кіргенде, ішің ісініп, құрсағың түсіп қалсын”. Ал бұған әйел: “Аумин, аумин!”— деп жауап қатсын. 23  Діни қызметкер осы қарғыс сөздерді кітапқа жазып, ащы сумен жуып өшірсін. 24  Сосын қарғысқа ұшырататын ащы суды әйелге ішкізсін, су оның ішіне кіріп, ащы зардап тартқызады. 25  Бұдан соң діни қызметкер әйелдің қолынан қызғанышқа бола әкелінген астық тартуын алып+, Ехобаның алдында әрі-бері тербесін де, құрбандық ошағына апарсын. 26  Ол астық тартуынан біруыс алып, еске салатын тарту ретінде ошақта өртеп жіберсін+. Кейін әйелге суды ішкізсін. 27  Егер ол күйеуіне опасыздық жасап, өзін арамдаған болса, қарғысқа ұшырататын су оның ішіне кіріп, ащы зардап тартқызады: әйелдің іші ісініп, құрсағы түсіп қалады, сондай-ақ жұрт оның атын айтып қарғанады. 28  Бірақ әйел арамдалмаған, кінәсіз болса, мұндай жазаға ұшырамайды. Ол құрсақ көтеріп, бала сүйеді. 29  Бұл — қызғаныш туындаған жағдайға қатысты заң+. Күйеуі бар әйел түзу жолдан тайып, өзін арамдағанда 30  немесе күйеуінің бойын қызғаныш билеп, әйелінің адалдығына күдіктенгенде жүгінетін заң, міне, осы. Мұндай жағдайда күйеуі әйелін Ехобаның алдына апарсын, діни қызметкер осы заңға сай әрекет етсін. 31  Сонда күйеуі айыпсыз болады, ал әйелі өз күнәсі үшін жауап береді”.

Сілтемелер

Яғни 2,2 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “киелі”.
Бұл тіркес бедеулікті білдірсе керек.