Мұсаның 4-жазбасы 7:1—89

  • Киелі шатырды бағыштау рәсімінің құрбандықтары (1—89)

7  Мұса киелі шатырды құрып болған күні+ шатырға және оның бар бұйымына, құрбандық ошағы мен оның құрал-жабдықтарына майлау рәсімін жасап+, қасиетті етті+. Ол осылай еткен соң,  Исраилдің басшылары+ әрі әулетбасылары өз тартуларын әкелді. Бұлар санаққа бақылау жүргізген рубасылары еді.  Олар Ехобаға арнап киелі шатырдың алдына үсті жабық 6 арба мен 12 бұқа — екі басшы бір арбадан, әр басшы бір бұқадан — әкелді.  Ехоба Мұсаға былай деді:  “Әкелінген тартуларды қабыл ал, өйткені бұлар кездесу шатырындағы қызметте қолданылады. Бұларды леуіліктерге, әрқайсысына жүктелген міндетіне қарай үлестіріп бер”.  Мұса арбалар мен бұқаларды алып, леуіліктерге берді.  Ол Гершонның ұрпақтарына атқаратын қызметіне+ қарай 2 арба мен 4 бұқа,  ал Мераридің ұрпақтарына атқаратын қызметіне қарай 4 арба мен 8 бұқа берді. Олар қызметтерін діни қызметкер Харонның ұлы Итамардың басшылығымен атқаратын+.  Ал Қахаттың ұрпақтарына ол ештеңе бермеді, өйткені олар қасиетті орында қолданылатын бұйымдарды иықтарымен көтеріп алып жүру керек еді+. 10  Құрбандық ошағына майлау рәсімі жасалып, оны салтанатты түрде бағыштаған+ күні басшылар өз тартуларын ошақтың алдына әкелді. 11  Сонда Ехоба Мұсаға: “Күніне бір басшы құрбандық ошағының бағышталу құрметіне әкелген тартуын ұсынсын”,— деді. 12  Бірінші күні яһуда руынан Әминадап ұлы Нағасон+ өз тартуын әкелді. 13  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел* болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 14  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 15  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 16  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа+ бір жас теке; 17  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Әминадап ұлы Нағасонның+ әкелген тартуы. 18  Екінші күні исахар руынан Суар ұлы Нетәнел басшы+ өз тартуын әкелді. 19  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 20  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 21  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 22  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа+ бір жас теке; 23  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Суар ұлы Нетәнелдің әкелген тартуы. 24  Үшінші күні забулон руынан Хелон ұлы Елияп басшы+ өз тартуын әкелді. 25  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 26  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 27  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 28  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа+ бір жас теке; 29  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Хелон ұлы Елияптың+ әкелген тартуы. 30  Төртінші күні рубен руынан Шедеур ұлы Елисур басшы+ өз тартуын әкелді. 31  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 32  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 33  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 34  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 35  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Шедеур ұлы Елисурдың+ әкелген тартуы. 36  Бесінші күні шимон руынан Суришадай ұлы Шелумиел басшы+ өз тартуын әкелді. 37  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 38  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 39  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 40  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 41  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Суришадай ұлы Шелумиелдің+ әкелген тартуы. 42  Алтыншы күні ғад руынан Деуел ұлы Елиясап басшы+ өз тартуын әкелді. 43  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 44  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 45  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 46  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 47  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Деуел ұлы Елиясаптың+ әкелген тартуы. 48  Жетінші күні ефрем руынан Әмихуд ұлы Елишама басшы+ өз тартуын әкелді. 49  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 50  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 51  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 52  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 53  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Әмихуд ұлы Елишаманың+ әкелген тартуы. 54  Сегізінші күні манаса руынан Педасур ұлы Гамалиел басшы+ өз тартуын әкелді. 55  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 56  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 57  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 58  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 59  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Педасур ұлы Гамалиелдің+ әкелген тартуы. 60  Тоғызыншы күні бениямин руынан Гедеони ұлы Әбидан басшы+ өз тартуын әкелді. 61  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 62  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 63  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 64  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 65  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Гедеони ұлы Әбиданның+ әкелген тартуы. 66  Оныншы күні дан руынан Әмишадай ұлы Ахиезер басшы+ өз тартуын әкелді. 67  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 68  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 69  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 70  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 71  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Әмишадай ұлы Ахиезердің+ әкелген тартуы. 72  Он бірінші күні ашир руынан Охран ұлы Пагиел басшы+ өз тартуын әкелді. 73  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 74  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 75  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 76  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 77  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Охран ұлы Пагиелдің+ әкелген тартуы. 78  Он екінші күні нафталим руынан Енан ұлы Ахира басшы+ өз тартуын әкелді. 79  Оның ұсынған тартуы мынау болды: салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 130 шекел болатын бір күміс жайпақ табақ, салмағы 70 шекел болатын бір күміс керсен. Бұл екеуіне де астық тартуына арнап май араластырылған сапалы ұн толтырылған еді+. 80  Бұған қоса, хош иісті зат толтыра салынған, салмағы 10 шекел бір алтын тостаған; 81  түгел өртелетін құрбандыққа+ бір жас бұқа, бір қошқар, бір жастан аспаған еркек тоқты; 82  күнә үшін әкелінетін құрбандыққа бір жас теке+; 83  татулық құрбандығына+ 2 ірі қара, 5 қошқар, 5 теке және бір жасар 5 еркек тоқты. Бұл — Енан ұлы Ахираның+ әкелген тартуы. 84  Сонымен, құрбандық ошағына майлау рәсімі жасалып, оны салтанатты түрде бағыштаған күні Исраилдің басшылары әкелген тартулар+ мыналар: 12 күміс жайпақ табақ, 12 күміс керсен, 12 алтын тостаған+. 85  Әрбір күміс жайпақ табақтың салмағы 130 шекел, ал әрбір керсеннің салмағы 70 шекел, осылай күміс ыдыстардың жалпы салмағы қасиетті орынның шекелімен+ 2400 шекел болды. 86  Хош иісті зат толтыра салынған әрбір алтын тостағанның салмағы қасиетті орынның шекелімен 10 шекел, осылай алтын тостағандардың жалпы салмағы 120 шекел болды. 87  Түгел өртелетін құрбандыққа әкелінген малдың жалпы саны: мүйізді ірі қарадан 12, қошқардан 12, бір жасар еркек тоқтыдан 12. Оларға қосып астық тартулары ұсынылды. Күнә үшін құрбандыққа 12 жас теке, 88  татулық құрбандығына 24 ірі қара, 60 қошқар, 60 теке, бір жасар 60 еркек тоқты әкелінді. Құрбандық ошағына майлау рәсімі жасалған соң+, оның бағышталу құрметіне әкелінген тартулар+, міне, осылар. 89  Мұса Құдаймен сөйлесу үшін киелі шатырға кірген сайын+, куәлік сандығының қақпағының үстінен өзімен сөйлескен дауысты еститін+. Осылай Құдай қақпақ үстіндегі екі керубтің арасынан+ онымен сөйлесетін.

Сілтемелер

1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.