Мұсаның 4-жазбасы 8:1—26

  • Харонның жеті шамды жағуы (1—4)

  • Леуіліктердің тазару рәсімінен өтіп, қызметке кірісуі (5—22)

  • Леуіліктердің жасына қатысты талап (23—26)

8  Ехоба Мұсаға былай деді:  “Харонға мына сөздерімді жеткіз: —Шамдарды жаққан кезде, жеті шамның жарығы шамдалдың алдына түсіп тұратындай болсын+”.  Содан Харон Ехобаның Мұсаға бұйырғанындай істеп, шамдарды жарығы шамдалдың+ алдына түсетіндей етіп орналастырды.  Шамдал діңгегінен бастап гүлдеріне дейін алтыннан соғылып жасалды+. Ол Ехоба Мұсаға көрсеткен аяндағы үлгіге сай істелінді+.  Ехоба Мұсаға тағы былай деді:  “Исраилдіктердің арасынан леуіліктерді бөліп алып, оларды тазару рәсімінен өткіз+.  Мұны былай істе: оларға күнәдан тазартатын су бүркі, сосын олар шашын және денелеріндегі түгін ұстарамен алсын, киімдерін жусын, өздері де шомылсын+.  Бұдан соң олар жас бұқа+ және оған қоса астық тартуы+ ретінде май араластырылған сапалы ұн әкелсін. Ал сен күнә үшін құрбандыққа басқа бір жас бұқа алып кел+.  Сөйтіп, кездесу шатырының алдына леуіліктерді әкеліп, сол жерге Исраил қауымын жина+. 10  Леуіліктерді Ехобаның алдына әкелгенде, исраилдіктер олардың үстіне қолдарын қойсын+. 11  Харон исраилдіктердің атынан леуіліктерді Ехобаға тербеп әкелінетін тарту+ ретінде ұсынсын*, олар Ехобаға қызмет ететін болады+. 12  Сосын леуіліктер бұқалардың басына қолдарын қойсын+. Сөйтіп, оның біреуін күнә үшін құрбандық ретінде, ал екіншісін түгел өртелетін құрбандық ретінде Ехобаға ұсынып, леуіліктердің күнәсін өте+. 13  Содан кейін леуіліктерді Харон мен оның ұлдарының алдына тұрғыз. Харон оларды Ехобаға тербеп әкелетін тарту ретінде ұсынсын. 14  Сен леуіліктерді исраилдіктердің арасынан бөліп ал, олар менікі болады+. 15  Содан соң леуіліктер кездесу шатырындағы қызметтеріне кіріссін. Міне, оларды осылай тазару рәсімінен өткіз және тербеп әкелетін тарту ретінде ұсын. 16  Олар исраилдіктердің арасынан алынып, маған берілгендер. Мен оларды өзіме исраилдіктердің тұңғыш ұлдарының орнына аламын+. 17  Себебі исраилдіктердің тұңғыштарының бәрі, адамнан бастап малға дейін, менікі+. Мысыр елінің тұңғыштарын өлтірген күні оларды өзім үшін қасиетті етіп алғанмын+. 18  Мен леуіліктерді исраилдіктердің тұңғыштарының орнына аламын. 19  Леуіліктерді исраилдіктердің арасынан таңдап алып, Харон мен оның ұлдарына беремін. Олар кездесу шатырында исраилдіктер үшін қызмет етіп+, олардың күнәларын өтеуге көмектеседі. Сонда исраилдіктер қасиетті орынға жақындамайтын әрі соның кесірінен апатқа ұшырамайтын болады+”. 20  Мұса, Харон және бүкіл Исраил қауымы леуіліктерге қатысты Ехобаның Мұсаға берген бұйрықтарын орындады. Исраилдіктер бәрін қалай айтылса, солай істеді. 21  Содан леуіліктер шомылып, киімдерін жуды+. Харон болса оларды Ехобаға тербеп әкелетін тарту ретінде ұсынды+. Сосын Харон оларды күнәларынан тазарту үшін құрбандықтар шалды+. 22  Бұдан кейін леуіліктер кездесу шатырындағы Харон мен оның ұлдарының алдында атқаратын қызметтеріне кірісті. Ехоба леуіліктерге қатысты Мұсаға не бұйырса, соның бәрі істелді. 23  Ехоба Мұсаға мынаны айтты: 24  “Леуіліктерге қатысты нұсқау келесідей: жасы 25-ке толған және одан асқан әрбір леуілік кездесу шатырындағы қызметшілердің тобына қосылсын. 25  Ал жасы 50-ден асқанда, ол бұл топтан кетіп, қызметін тоқтатсын. 26  Алайда кездесу шатырында қызмет атқарып жүрген бауырларына көмектесуіне болады, бірақ қызмет атқармасын. Сен леуіліктерге және олардың міндеттеріне+ қатысты осы нұсқауларды жүзеге асыр”.

Сілтемелер

Немесе “әрі-бері теңселтсін”.