Мұсаның 4-жазбасы 9:1—23
9 Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың бірінші айында Ехоба Синай шөлінде+ Мұсаға былай деді:
2 “Исраилдіктер белгіленген уақытта+ Құтқарылу мейрамының құрбандығын әзірлесін+.
3 Оны белгіленген уақытында, осы айдың он төртінші күні екі кештің арасында, берілген нұсқаулар мен ережелерге сай дайындаңдар+”.
4 Сонда Мұса исраилдіктерге Құтқарылу мейрамының құрбандығын әзірлеуді тапсырды.
5 Синай шөлінде олар бірінші айдың он төртінші күні екі кештің арасында Құтқарылу мейрамының құрбандығын дайындап, мейрамды атап өтті. Ехоба Мұсаға қалай бұйырса, исраилдіктер бәрін тап солай істеді.
6 Бірақ кейбіреулер мәйітке тиіп, таза емес болғандықтан+, Құтқарылу мейрамының құрбандығын даярлай алмады. Сондықтан олар сол күні Мұса мен Харонның алдына келіп+:
7 “Біз мәйітке тиіп, таза емес болып қалдық. Енді белгіленген уақытта исраилдіктермен бірге Ехобаға құрбандық шалудан шет қаламыз ба+?”— деп сұрады.
8 Бұған Мұса: “Осында күте тұрыңдар, Ехоба сендерге қатысты қандай нұсқау беретінін біліп келейін+”,— деді.
9 Сонда Ехобаның Мұсаға берген жауабы мынау болды:
10 “Исраилдіктерге былай де: —Егер сендердің не ұрпақтарыңның арасында біреу мәйітке тиіп, таза емес болып қалса+ немесе алыс сапарда жүрсе, ол бәрібір Ехобаға арнап Құтқарылу мейрамының құрбандығын дайындау керек.
11 Оны екінші айдың+ он төртінші күні екі кештің арасында әзірлеп, ашытқысыз пісірілген нан мен ащы шөптер қосып жесін+.
12 Таңертеңге дейін сол құрбандықтан ештеңе қалдырмасын+, оның ешбір сүйегін де сындырмасын+. Оны Құтқарылу мейрамына қатысты берілген нұсқауларға сай әзірлесін.
13 Егер адам таза болса да, алыс сапарда жүрмесе де, Құтқарылу мейрамына немкетті қарап, оның құрбандығын дайындамаса, халқының арасынан мұндай жанның көзі құртылсын+. Өйткені ол белгіленген уақытта Ехобаға арнап құрбандық шалған жоқ. Бұл адам күнәсі үшін жауапқа тартылады.
14 Егер араларыңда жатжерлік біреу тұрып жатса+, ол да Ехобаға арнап Құтқарылу мейрамының құрбандығын берілген нұсқаулар мен ережелерге сай әзірлеу керек+. Исраилдік үшін де, араларыңдағы жатжерлік үшін де заң бірдей болуға тиіс+”.
15 Киелі шатыр, яғни куәлік сандығы тұрған шатыр, құрылған күні+ бұлт соның үстіне келіп тұрды. Бұлт кеш батқаннан таңертеңге дейін от тәрізді жарқырап тұрды+.
16 Осылайша күндіз шатырдың үстінде бұлт тұрса, түнде ол от тәрізді жарқырап тұрды+.
17 Бұлт оның үстінен көтерілген кезде, исраилдіктер бірден жолға шығатын+, ал бұлт тоқтағанда, бұлар да тоқтап, сол жерге қостарын тігетін+.
18 Осылайша исраилдіктер Ехобаның бұйрығымен жолға шығып, Ехобаның бұйрығымен қостарын тігетін+. Бұлт киелі шатыр үстінде тұрған кездің бәрінде олар орындарынан қозғалмайтын.
19 Бұлт киелі шатырдың үстінде көп күн тұрса да, исраилдіктер Ехобаға мойынсұнып, жолға шықпайтын+.
20 Кейде ол шатыр үстінде бірнеше күн ғана тұратын. Халық Ехобаның бұйрығымен қостарын тігіп, Ехобаның бұйрығымен жолға шығатын.
21 Кей уақытта бұлт киелі шатырдың үстінде кеш батқаннан таң атқанға дейін ғана тұрып, таңертең жоғары көтерілетін, сонда халық та жүріп отыратын. Бұлт қай кезде көтерілмесін, мейлі түнде не күндіз болсын, олар жолға шығып отырды+.
22 Бұлт киелі шатыр үстінде мейлі екі күн, бір ай не одан да ұзақ тұрсын, сол күндері исраилдіктер де ешқайда жылжымайтын. Олар бұлт көтерілгенде ғана сапарын жалғастыратын.
23 Исраилдіктер Ехобаның бұйрығымен қос тігетін, Ехобаның бұйрығымен жол жүретін. Осылайша олар Ехобаның Мұсаға бұйырғандарын орындап, Ехобаға мойынсұнып жүрді.