Мұсаның 5-жазбасы 18:1—22

  • Діни қызметкерлер мен леуіліктердің үлесі (1—8)

  • Сиқыршылықпен айналысуға тыйым салынуы (9—14)

  • Мұса сияқты пайғамбардың шығуы (15—19)

  • Жалған пайғамбарларды анықтау (20—22)

18  Леуілік діни қызметкерлер мен бүкіл леуі руына Исраилдің арасынан мұралыққа жер берілмейді. Олар Ехобаға өртеп ұсынатын құрбандықтардан, яғни оның үлесінен, жейтін болады+.  Сондықтан бауырларының арасында олардың үлесі жоқ. Құдайдың өзі айтқандай, олардың үлесі — Ехоба.  Халықтың әкелген құрбандықтарынан діни қызметкерлерге бөліктер берілу керек. Егер құрбандыққа бұқа не қой әкелінсе, діни қызметкерге оның жауырыны, жақтары мен қарны берілсін.  Сондай-ақ астықтың, жаңа шарап пен майдың алғашқы өнімі, қойдың бірінші қырқылған жүні берілсін+.  Өйткені Ехоба Құдайларың леуіліктерді барлық рудың ішінен таңдап алып, әрқашан Ехобаның атынан қызмет етуге тағайындады+.  Егер Исраил қалаларының бірінде тұрып жатқан леуілік+ өз қалауымен Ехоба таңдаған жерге* көшіп барса+,  онда сол жерде Ехоба Құдайының алдында қызмет етіп жүрген басқа леуілік бауырлары сияқты, ол да Ехоба Құдайының атынан қызмет етсін+.  Отбасының мүлкін сатып, одан түскен қаражаты болса да, ол басқа леуіліктермен тең мөлшерде ас-судан үлесін алып отырсын+.  Ехоба Құдайларың бергелі жатқан жерге кіргенде, сондағы халықтардың жеркенішті салттарын үйренбеңдер+. 10  Араларыңда ешкім ұлын не қызын отқа өртемесін+, сәуегейлік+, сиқырлық+, бал ашу+, бақсы-балгерлік+, 11  дуалау, тәуіпке жүгіну+, көріпкелдік+, аруақтарды шақыру+ дегендермен айналыспасын. 12  Мұндаймен айналысатындар Ехобаға жеркенішті. Ехоба Құдайларың сол халықтарды осындай жеркенішті істері үшін алдарыңнан қуып отыр. 13  Ал сендер Ехоба Құдайларыңның алдында кінәратсыз болыңдар+. 14  Өздерің басып алуға бара жатқан жердегі сол халықтар сиқырлықпен+ және бал ашумен+ айналысатындарға жүгінуге әдеттенген. Ал сендерге Ехоба Құдайларың бұлай етуге тыйым салады. 15  Ехоба Құдайларың сендер үшін бауырларыңның арасынан мен сияқты бір пайғамбар шығарады. Соны тыңдаңдар+! 16  Өйткені Хорибтің етегінде жиналған күні+: “Енді Ехоба Құдайымыздың үнін естіп, мына ғаламат отты көрмей-ақ қояйық, әйтпесе өліп кетерміз”+,— деп Ехоба Құдайларыңнан өтініп едіңдер. 17  Сонда Ехоба маған былай деді: “Олардың айтқандары дұрыс. 18  Мен оларға бауырларының арасынан сен сияқты пайғамбар шығарамын+. Оның аузына сөздерімді саламын+, ол менің бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады+. 19  Кімде-кім сол пайғамбардың менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамаса, оны жауапқа тартамын+. 20  Егер қандай да бір пайғамбар өзім бұйырмаған сөздерді менің атымнан менменсіп айтатын болса немесе басқа құдайлардың атынан сөйлейтін болса, сол пайғамбар өлуге тиіс+. 21  Сендер іштей: —Бұл сөзді Ехоба айтпағанын қайдан білеміз?— деулерің мүмкін. 22  Онда мынаны біліп қойыңдар: егер пайғамбардың Ехобаның атынан айтқандары орындалмаса не рас болып шықпаса, онда бұл сөздер Ехобадан емес. Оларды пайғамбар менменсіп өзі айтқан. Одан қорықпаңдар”.

Сілтемелер

Яғни Ехоба ғибадат орталығы ретінде таңдаған жерге.