Мұсаның 5-жазбасы 24:1—22
24 Егер әлдебіреу үйленсе, бірақ әйелінің қандай да бір ұнамсыз қылығын көріп, оны жақтырмай қалса, онда әйеліне талақ қағазын+ жазып беріп, қоя берсін+.
2 Әйел оның үйінен кеткен соң, басқа біреуге тұрмысқа шығуына болады+.
3 Ал егер екінші күйеуі де оны жаратпай, оған талақ қағазын жазып беріп, қоя берсе немесе сол күйеуі қайтыс болса,
4 әйел арамдалғандықтан, бірінші күйеуінің оған қайтадан үйленуіне болмайды, өйткені бұл Ехобаға жеркенішті. Ехоба Құдайларың сендерге мұралыққа беріп отырған жерді күнәмен былғамаңдар.
5 Жақында ғана үйленген ер адам әскерге жіберілмесін немесе оған басқа да міндеттер жүктелмесін. Ол бір жылға босатылсын да, үйінде болып, әйелін қуанышқа бөлесін+.
6 Ешкім біреуге берген қарызы үшін кепілдікке оның қолдиірменін не қолдиірменнің үстіңгі тасын алмасын+. Өйткені бұл — оның күнкөріс заты.
7 Егер біреу исраилдік бауырын ұрлап кетіп, оған қиянат жасаса не сатып жіберсе+, онда кісі ұрлаушы өлтірілсін+. Осылай араларыңнан зұлымдықты аластатыңдар+.
8 Егер алапес ауруы* пайда болса, леуілік діни қызметкерлердің берген барлық нұсқауына мұқият болыңдар+. Менің оларға бұйырғандарымды бұлжытпай орындаңдар.
9 Мысырдан шығып келе жатқандарыңда, Ехоба Құдайларың Мәриямға не істегенін естен шығармаңдар+.
10 Егер әлдекімге қарызға бірдеңе берсең+, оның кепілдікке беретін затын алу үшін үйіне кіруші болма.
11 Қарыз алған адам кепілдікке беретін затын өзі алып шыққанша, сыртта күт.
12 Егер ол мұқтаждық көріп жатса, кепілдікке берген затын өзіңде қалдырып, ұйқыға жатпа+.
13 Оның кепілдікке берген затын күн батқанша қайтарып бер. Сонда ол киімін жамылып жатады+, әрі сенің тілеуіңді тілейді. Бұл ісің Ехоба Құдайыңның алдында әділ болады.
14 Кедей әрі қиындыққа тап болған жалдамалы жұмысшыны — мейлі бауырың не қалаларыңда тұратын жатжерлік болсын — алдап, ақысын жеме+.
15 Оның жалақысын сол күні кеш батпай тұрып бер+, өйткені ол мұқтаждық көріп, күні соған қарап отыр ғой. Саған наразылық білдіріп, Ехобаға жалбарынса, онда күнәлі боласың+.
16 Балаларының ісі үшін әкелері, әкелерінің ісі үшін балалары өлімге кесілмесін+. Әркім өз күнәсі үшін өлімге кесілу керек+.
17 Жатжерліктің не жетімнің ісін қарастырғанда, әділдікті бұрмалама+. Алған қарызы үшін жесірдің киімін кепілдікке алма+.
18 Өздеріңнің Мысырда құлдықта болғандарыңды әрі сол жерден Ехоба Құдайларың азат еткенін* ұмытпаңдар+. Сондықтан да сендерге осыларды істеуді бұйырып отырмын.
19 Егін орағы кезінде байлаған бауыңды танапта ұмытып кеткенің есіңе түссе, оны алу үшін қайтып оралма. Оны жатжерліктер мен жетім-жесірлерге қалдыр+. Сонда Ехоба Құдайың барлық ісіңді жарылқайтын болады+.
20 Зәйтүн ағашының жемісін қаққанда, бұталарында қалып қойғандарын қағып алма. Оларды жатжерліктер мен жетім-жесірлерге қалдыр+.
21 Жүзімдігіңнің жемісін жинағанда да, қалып қойғандарын теру үшін қайтып барма. Оларды жатжерліктер мен жетім-жесірлерге қалдыр.
22 Өздеріңнің Мысырда құлдықта болғандарыңды ұмытпаңдар. Сондықтан да сендерге осыларды істеуді бұйырып отырмын.
Сілтемелер
^ “Алапес” деп аударылған еврей сөзінің мағынасы кең. Ол түрлі жұқпалы тері ауруларын, сондай-ақ киімде не үйде пайда болатын жұқпаның кейбір түрлерін қамтуы мүмкін.
^ Немесе “құн төлеп азат еткенін”.