Мұсаның 5-жазбасы 26:1—19

  • Алғашқы өнімді ұсыну (1—11)

  • Үшінші жылғы оннан бір бөлік (12—15)

  • Исраил — Ехобаның ерекше меншігі (16—19)

26  Ақырында, Ехоба Құдайларың мұралыққа бергелі жатқан жерге кіріп, оны иемденіп, орнығып алған соң,  Ехоба Құдайларың сендерге берген жердің барлық өнімінің алғашқысын алып, себетке салыңдар да, Ехоба Құдайларың өз есімін даңқтау үшін таңдаған жерге апарыңдар+.  Сөйтіп, сол уақытта қызмет етіп жатқан діни қызметкерге барып: “Ехоба бізге беремін деп ата-бабаларымызға уәде еткен жерге келдім+. Міне, бүгін Ехоба Құдайымның алдында осыны мойындаймын”,— деңдер.  Сосын діни қызметкер қолдарыңнан себетті алып, Ехоба Құдайларыңның құрбандық ошағының алдына қояды.  Сендер Ехоба Құдайларыңның алдында былай деп жариялаңдар: “Менің түп атам арамейлік+ кезбе* болған. Ол кішігірім үй ішімен+ Мысырға көшіп барып+, сол жерде жатжерлік ретінде тұрған. Сол жерден одан ұлы, күшті де үлкен халық тарады+.  Мысырлықтар жәбір көрсетіп, бізді қанады, құл етіп, ауыр жұмысқа салды+.  Сонда ата-бабамыз сиынған Ехоба Құдайға жалбарындық. Ехоба даусымызға құлақ салып, басымызға түскен азап пен қиындыққа, көріп жатқан қысымшылыққа назар аударды+.  Ехоба бізді Мысырдан қуатты да құдіретті қолымен+, үрей тудыратын істер жасап, белгілер мен кереметтер көрсетіп+, алып шықты.  Содан бізді осында әкеліп, ағы мен балы ағыл-тегіл мол осы өлкені сыйлады+. 10  Енді, міне, Ехоба маған берген жердің алғашқы өнімін әкеліп тұрмын+”. Сосын себетті Ехоба Құдайларыңның алдына қойып, Ехоба Құдайларыңа иіліп тағзым етіңдер. 11  Сөйтіп, үй іштеріңмен, леуіліктермен және араларыңда тұрып жатқан жатжерліктермен бірге Ехоба Құдайларың беріп жатқан бар игілікке қуанып шаттаныңдар+. 12  Үшінші жылы алған өнімдеріңнің оннан бір бөлігін жинаған соң+, оны леуіліктерге, жатжерліктер мен жетім-жесірлерге беріңдер. Олар қалаларыңда тойынғанша ішіп-жесін+. 13  Кейін Ехоба Құдайларыңның алдында былай деңдер: “Үйімдегі қасиетті бөліктің барлығын алып, өзің маған бұйырғандай, леуілікке, жатжерлік пен жетім-жесірге бердім+. Сенің заңдарыңды бұзған да, елеусіз қалдырған да жоқпын. 14  Аза тұтқан кезде одан жеген емеспін, таза емес кезімде оған тиген жоқпын, оны өлгендерге бағыштаған емеспін. Мен Ехоба Құдайымның айтқанын тыңдап, маған бұйырғандарыңның бәрін орындадым. 15  Киелі мекеніңе — көктен назар аударып, халқың Исраилге және бізге берген ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерге+ — ата-бабамызға уәде еткеніңдей+, батаңды бере көр+”. 16  Бүгін Ехоба Құдайларың сендерге бұйырып отырған осы нұсқаулар мен шешімдерді орындаңдар. Оларды бар жүректеріңмен+ әрі бүкіл жан-тәндеріңмен орындап, ұстанатын болыңдар. 17  Сендер оның жолдарымен жүріп, нұсқаулары+, заңдары+ мен шешімдерін ұстанып+, айтқанына құлақ ассаңдар, онда Ехоба сендердің Құдайларың боламын дейді. Бүгін оның осы сөзін қабыл алып тұрсыңдар. 18  Ал Ехоба болса сендердің оның халқы әрі ерекше* меншігі+ боламыз (бұны ол өзі уәде еткен) және барлық заңдарын орындаймыз деген сөздеріңді қабыл алып тұр. 19  Егер Ехоба Құдайларыңның алдында қасиетті халық болсаңдар+, онда, өзі уәде еткендей, сендерді мадаққа, атақ-даңқ пен салтанатқа бөлеп, өзі жаратқан басқа халықтардан жоғары қояды+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “басына қауіп төнген адам”.
Немесе “бағалы”.