Нағұм 1:1—15

  • Құдай жауларынан кек алады (1—7)

    • Құдай қалтқысыз берілгендікті талап етеді (2)

    • Ехоба өзінен пана іздегендерді біледі (7)

  • Ниневия жойылады (8—14)

    • Апат екінші рет қайталанбайды (9)

  • Яһудада ізгі хабар жарияланды (15)

1  Ниневия туралы ауыр хабар+. Елқоштық Нағұмның* көрген аяны туралы кітап.   Ехоба* — қалтқысыз берілгендікті талап ететін+ және кек алатын Құдай. Ехоба кек алады әрі қаһарын төгуге дайын+. Ехоба дұшпандарына есесін қайтарады,Жауларына деген қаһарын жинайды.   Ехоба құдіреті зор+ болса да, ашулануға асықпайды+,Ехоба тиісті жазаны міндетті түрде береді+. Оның жолы жойқын жел мен дауыл арасынан өтеді,Бұлттар аяғының астындағы шаңға ұқсайды+.   Ол теңізге тыйым салып+, құрғатады,Өзендердің бәрін кептіреді+. Башан мен Кармилдің көгі+,Ливанның гүлі солып қалады.   Оның алдында таулар сілкініп,Қыраттар еріп кетеді+. Оның алдында жер дірілдейді,Құнарлы өлке мен онда тұратындардың бәрі де дірілдейді+.   Оның ашу-ызасына кім төтеп бере алады+? Қайнаған қаһарына кім шыдай алады+? Ол кәрін оттай шашады,Жартастар оның алдында опырылып қалады.   Ехоба ізгі+, ол — қиын шақта берік қорған+,Өзінен пана іздегендерді біледі*+.   Оның* тұрағын тасқын сумен шайып, тып-типыл қылады. Ол өз жауларының соңынан қараңғылық жібереді.   Ехобаға қарсы не ойластырмақсыңдар? Ол түк қалдырмай қырып-жояды. Мұндай апат екінші рет қайталанбайды+. 10  Ниневия жұрты шырмалған тікендей,Сыра ішіп мас болған адамдай. Сөйтсе де олар құрғақ сабандай жанып кетеді. 11  Сенен Ехобаға қарсы зұлымдық ойластыратын,Пайдасыз кеңес беретін біреу шығады. 12  Ехоба мынаны айтады: “Олар күші зор, қыруар халық болса да,Күйретіліп, құрып жоқ болады*. Мен саған* апат жіберген едім, бұдан былай жібермеймін. 13  Енді оның саған салған мойынтұрығын сындырып+,Кісендеріңді үзіп тастаймын. 14  Ехоба саған* қатысты былай деп бұйырды: Артыңнан ұрпақ қалмай, атың өшеді. Ойып жасалған мүсіндер мен темір пұттарды тәңірлеріңнің үйінен құртамын. Жеккөрінішті болғаның үшін, саған көр дайындаймын. 15  Міне, тау асып ізгі хабар жеткізуші,Тыныштық жариялаушы келе жатыр+. Уа, Яһуда, мейрамдарыңды+ өткізіп, серттеріңді орында. Өйткені оңбаған адам ендігәрі араңнан өтпейді. Ол біржола құрып жоқ болады”.

Сілтемелер

Мағынасы “жұбатушы”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “қамқорлайды”.
Яғни Ниневияның.
Мүмкін: “ол өте шығады”.
Яғни Яһудаға.
Яғни Ассирияға.