Нағұм 2:1—13
2 Бытыратып жіберетін біреу саған* қарсы аттанды+.
Бекіністеріңді қорға, жолыңды қарауылда.
Беліңді бекем буып, бар күш-қайратыңды жина.
2 Ехоба Жақыптың салтанатымен қоса,Исраилдің де салтанатын қайтарады.
Өйткені ойрандаушылар оларды ойрандап+,Өскіндерін құртып кеткен еді.
3 Оның мықты жауынгерлерінің қалқаны қызылға боялған,Сарбаздары қанық қызғылт киім киген.
Соғыс арбаларының темір жабдықтары оттай жарқылдап,Аршадан жасалған найзаларын оңды-солды сілтеп,Ол шайқас күніне дайын тұр.
4 Соғыс арбалары көшелермен зымырап,Көпшілік алаңдармен әрлі-берлі жүйткиді.
Олар алаудай жалындап, найзағайдай жарқылдайды.
5 Патша мықты жауынгерлерін жинайды.
Олар алға жылжып бара жатып, сүрінеді.
Қала қабырғасына қарай асығады,Жолға бөгеттер орнатады.
6 Өзендердің қақпалары ашылады,Патша сарайы опырылып құлайды.
7 Жарлық шығып қойған. Қала ашық-шашық қалды,Оның халқы тұтқынға әкетілді, күң қыздары зарлайды,Олар көгершіндей күңіреніп, көкіректерін ұрғылап қайғырады.
8 О бастан-ақ Ниневия+ суға толы тоғандай еді,Ал енді оның халқы қашып барады.
“Тоқтаңдар! Тоқтаңдар!” деген дауыс шықса да,Ешкім кері бұрылып қарамайды+.
9 Күмісті тонаңдар, алтынды олжалаңдар!
Оның қазына-байлығы таусылар емес,Небір қымбат заттар онда толып жатыр.
10 Қала ел-жұртсыз, қаңырап, қирап жатыр+!
Адамдардың жүректері ұшып, тізелері бүгіліп, жамбастары қалт-құлт етеді.
Абыржығаннан бәрінің жүзі қып-қызыл.
11 Арыстандардың+ апаны, жас арыстандардың азығы қайда?
Ешкімнен қаймықпайтын арыстан күшіктерін жетелеп қайда шығады?
12 Арыстан өз күшіктерін тойғызу үшін жемтігін паршалап,Ана арыстан үшін жемтігін тұншықтырушы еді.
Апанына ол азығын үйіп-төгіп,Жататын жерін паршаланған аңдарға толтырушы еді.
13 “Міне, мен саған қарсы шығамын,— дейді Әскербасы Ехоба+.
—Соғыс арбаларыңды өртеп, көк түтін етемін+,Жас арыстандарыңды семсер жалмайды.
Сені жер бетінде аң ауламайтын етемін,Бұдан былай хабаршыларыңның даусы шықпайды+”.
Сілтемелер
^ Яғни Ниневияға.