Нағұм 3:1—19

  • “Қан төккіш қала қасіретке қалады!” (1—19)

    • Ниневияға үкім шығарылудың себептері (1—7)

    • Ниневия Но-Амон сияқты құлайды (8—12)

    • Ниневия сөзсіз күйрейді (13—19)

3  Қан төккіш қала қасіретке қалады! Ол қулық-сұмдық пен ұрлыққа толы. Ешқашан олжасыз қалған емес!   Қамшының сартылы, дөңгелектің тарсылы,Шапқан аттың дүбірі, соғыс арбаларының селкілдеген даусы естіліп тұр.   Салт атты, жалтылдаған семсер, жарқ-жұрқ еткен найза. Көп адам қырылып, мәйіттер үйіліп жатыр,Өлгендердің есебі жоқ. Жатқан мәйіттерге олар шалынып-сүрінуде.   Мұның бәрі жезөкшенің азғындығының тым көптігінен. Тартымды да көрікті ол сиқыршылыққа шебер,Жезөкшелігімен халықтарды, сиқырлығымен әулеттерді еліктірді.   “Міне, мен саған* қарсы шығамын,— дейді Әскербасы Ехоба+. —Етегіңді басыңа дейін көтеріп,Халықтарға жалаңаш тәніңді көрсетемін,Патшалықтар алдында абыройыңды төгемін.   Үстіңе былғаныш нәрселерді лақтырып,Барша жұртқа жеркенішті етемін. Сені сұмдық көрініске айналдырамын+.   Көргендердің бәрі сенен қашып+: —Ниневия тас-талқан болды! Оған кімнің жаны ашиды?— дейтін болады. Сені жұбататындарды қайдан табамын?   Әлде сен Ніл салаларының+ бойындағы Но-Амоннан*+ артықсың ба? Сол қаланың жан-жағы сумен қоршалып,Оның байлығы да, қабырғасы да теңіз болатын.   Эфиопия мен Мысыр оның шексіз қуаты,Ал Пут+ пен Ливия көмекшісі еді+. 10  Сонда да Но-Амон жер аударылып,Тұтқынға айдап әкетілді+. Әр көшенің бұрышында кескіленген балалары жатты. Сыйлы кісілерін бөлісіп алу үшін жеребе тасталды,Ұлықтарының бәріне кісен салынды. 11  Сен де мас боласың+,Тығылып қаласың. Жаудан пана іздейсің. 12  Бекіністеріңнің бәрі ерте піскен інжір жемісіне ұқсайды,Сілкігенде, олар жалмаушының дәл аузына түседі. 13  Қарашы, жасағың араларыңдағы әйелдердей әлсіз. Жеріңдегі қақпалар жауларыңа айқара ашылады,Қақпа ысырмаларыңды от жалмайды. 14  Қоршауға алынатын кезіңе арнап су жина+! Бекіністеріңді мықтап нығайт. Балшықты жерге барып, лай иле,Қолыңа қалып алып, кірпіш құй. 15  Сонда да сені от жалмайтын болады,Семсер шауып түсіреді+. Ол сені жас шегірткедей жалмайды+. Мейлі, саныңды жас шегірткедей көбейте бер! Иә, қатарыңды шегірткедей молайта бер! 16  Саудагерлеріңді аспан жұлдызынан да көп еттің. Жас шегіртке түлеп, ұшады да кетеді. 17  Күзетшілерің шегіртке іспетті,Әскер басшыларың шегіртке шоғыры сияқты. Күн суықта олар тас дуалдарды паналап,Ал күн ысығанда, ұшып кетеді. Қайда кеткендерін ешкім білмейді. 18  Уа, Ассирия патшасы, бағушыларың қалғып отыр,Беделділерің өз үйлерінде жатыр. Халқың тауларға бытырап кеткен,Оларды жинап жатқан ешкім жоқ+. 19  Басыңа түсетін апаттан сені ешкім құтқармайды. Жарақатың еш жазылмайды. Сен туралы естігендердің бәрі қол шапалақтайды+,Өйткені толассыз жауыздығыңнан кім жапа шекпеді+?!”

Сілтемелер

Яғни Ниневияға.
Яғни Тебес.