Нақыл сөздер 1:1—33
1 Исраилдің патшасы+, Дәуіт ұлы+ Сүлейменнің+ нақыл сөздері.
2 Бұл нақыл сөздердің мақсаты — даналыққа баулу+,Тәрбиелеу, терең мағыналы сөздерді ұғындыру,
3 Тәрбиелеу+ арқылы терең түсінікке,Әділдікке+, байыбына жете білу+ мен туралыққа үйрету,
4 Ақылы толмағанға* парасаттылық+,Жастарға білім мен саналылық дарыту+.
5 Дана адам тыңдап, ақылына ақыл қосады+,Түсінігі бар адам дұрыс* басшылыққа құлақ асады+.
6 Нақыл әрі астарлы сөздерді ұғады,Данышпанның айтқандары мен жұмбақтарын түсінеді+.
7 Ехоба* Құдайдан қорқу* — білімнің бастауы+.
Надандар ғана даналық пен тәрбиені менсінбейді+.
8 Балам, әкеңнің тәрбиесіне құлақ ас+,Анаңның тәлімінен* де бас тартпа+.
9 Олар — басыңа киетін әдемі гүлдесте+,Мойныңа тағатын әсем алқа+.
10 Балам, күнәкарлар еліктірсе, көнбе+.
11 Олар саған: “Бізбен жүр,Торуылдап, біреудің қанын төгейік.
Аңдып жатып, жазықсыздарға тап берейік.
12 Оларды көр* іспетті тірідей жұтайық,Ор сияқты түгелдей қылғытайық.
13 Асыл қазыналарын тартып алып,Үйімізді олжаға толтырайық.
14 Бізге қосылып, серік бол,Қолға түскенді теңдей бөлісеміз”,— десе,
15 Балам, оларға ерме,Олардың жолына аяқ баспа+.
16 Өйткені аяқтары жамандыққа жүгіреді,Кісінің қанын төгуге асығады+.
17 Құстың көзінше тор құрғаннан пайда жоқ.
18 Сондықтан олар қан төгу үшін торуылдайды,Жан алу үшін жасырын жерден аңдиды.
19 Арам пайда іздейтіндердің жолы осындай,Бірақ мұндай пайда олардың түбіне жетеді+.
20 Шынайы даналық+ көшеде тұрып жар салады+,Алаңдарда тұрып дауыстайды+.
21 Жұрты көп көше қиылыстарында шақырады,Қала қақпаларының алдында былай дейді+:
22 “Надандар*, қашанғы надандықты жақсы көрмексіңдер?
Мазақтағыштар, қашанғы мазақтауды ұнатпақсыңдар?
Ақылсыздар, қашанғы білімді жек көрмексіңдер+?
23 Мен түзеткенде, көніңдер+.
Сонда рухымды жаудырып,Сөздерімді жариялаймын+.
24 Қанша шақырсам да, құлақ аспай келдіңдер,Қол созсам да, ешқайсысың көңіл бөлмедіңдер+,
25 Ақыл-кеңесімнің біреуін де елемедіңдер,Түзетсем де, көнбедіңдер.
26 Мен де күлемін сендер апатқа ұшырағанда,Келеке етемін қорыққандарыңа тап болғанда+.
27 Қорыққан нәрселерің дауылдай соққанда,Апаттарың сұрапыл желдей жеткенде,Бастарыңа қасірет пен қиындық түскенде.
28 Сонда олар мені шақырады, бірақ жауап бермеймін.
Шарқ ұрып мені іздейді, бірақ таппайды+.
29 Себебі олар білімді жек көрді+,Ехобадан қорыққылары келмеді+.
30 Ақыл-кеңесімді қабылдамады,Түзеткенімді жаратпады.
31 Сондықтан істерінің ащы жемісін жейді+,Айла-амалдарының зардабын әбден тартады.
32 Өйткені қыңырлығы наданды құртады,Бейқамдығы ақымақтың түбіне жетеді.
33 Ал маған құлақ салатындар қауіпсіз өмір кешеді+,Ешбір пәледен қорықпай, алаңсыз жүреді+”.
Сілтемелер
^ Немесе “тәжірибесізге”.
^ Немесе “дана”.
^ Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “қастерлеу”.
^ Немесе “заңынан”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “тәжірибесіздер”; “ақылы толмағандар”.