Нақыл сөздер 16:1—33

  • Ехоба ниетті тексереді (2)

  • Бар ісіңді Ехобаға сеніп тапсыр (3)

  • Адал таразы Ехобадан (11)

  • Көкіректік — күйреудің басы (18)

  • Ақ шаш — әсем тәж (31)

16  Адам жүрегінде ой түзер,Бірақ айтатын жауабы* Ехобадан+ келер.   Адамға жолының бәрі тура көрінер+,Бірақ ниетін Ехоба тексерер+.   Бар ісіңді Ехобаға сеніп тапсыр+,Сонда жоспарларың іске асар.   Ехоба бәрін де ниеті жүзеге асатындай етіп жасайды,Тіпті зұлымды да алапат күні жояды+.   Көкірек көтерген әркім Ехобаға жеркенішті+,Шүбә жоқ, мұндайлар жазасыз қалмайды.   Айнымас сүйіспеншілік пен адалдықтың арқасында күнә өтелер+,Ехобадан қорыққан адам жамандықтан аулақ жүрер+.   Ехобаға адамның жолы ұнаса,Оны тіпті жауларымен татуластырар+.   Табысы мол арамза болғаннан гөрі+,Кірісі аз әділ болған артық+.   Адам жүрегінде жүрер жолын ойластырады,Бірақ қадамдарын Ехоба бағыттайды+. 10  Патшаның аузы Құдай шешімін айтсын+,Әділ билік айтудан еш таймасын+. 11  Адал таразы мен оның табақшалары Ехобадан,Дорбадағы кіртастар да содан+. 12  Залым істер патшаларға жеркенішті+,Себебі әділдік патша тағын нығайтады+. 13  Патшалар тура тілді ұнатар,Шын сөйлейтінді жақсы көрер+. 14  Патшаның қаһары — өлім жаршысы+,Дана адам оның қаһарын басар+. 15  Патшаның жарқын жүзі өмір береді,Рақымы жаңбыр әкелетін көктемгі бұлт іспетті+. 16  Алтыннан гөрі даналықты иемденген артық+! Күмістен гөрі түсінікке ие болған жақсы+. 17  Шыншылдың жолы жамандықтан аулақ етер,Өз жолын қадағалаған жанын сақтар+. 18  Көкіректік — күйреудің басы,Тәкаппарлық — сүрінудің алды+. 19  Тәкаппарлармен олжа бөліскенше,Момындардың арасында кішік болған жақсы+. 20  Мәселенің байыбына баратын табысқа жетеді,Ехобаға сенім артатын бақытқа кенеледі. 21  Жүрегі дананы түсінігі бар дер+,Тілі жұмсақтың сөзі нанымды келер+. 22  Терең түсінік — иесі үшін өмір бұлағы,Ақымақтың жазасы — өз ақымақтығы. 23  Дананың жүрегі аузына терең түсінік салар+,Сөзіне нанымдылық берер. 24  Жылы сөз ұядағы балдай,Жанға жағымды*, сүйекке шипалы+. 25  Адамға тура болып көрінетін жол бар,Бірақ ол түбінде өлімге апарар+. 26  Тәбеті жұмысшыға еңбек еткізер,Бұған аш құрсағы мәжбүр етер+. 27  Оңбаған адам жамандықты қазбалар+,Сөздері оттай шарпып алар+. 28  Арандатушы араздық тудырар+,Жалақор жақын достарды айырар+. 29  Зорлықшыл өзгені еліктірер,Теріс жолға оны түсірер. 30  Ол көзін қысып, қастандық ойлар,Ернін жымқырып, залымдығын іске асырар. 31  Ақ шаш — әсем* тәж+,Әділ жолмен жүрген соған қол жеткізер+. 32  Білектіден гөрі ашуға баяу+ жан артық,Қаланы жаулап алушыдан гөрі ұстамды адам артық+. 33  Жеребе киімнің етегіне тасталар+,Бірақ шешімін Ехоба берер+.

Сілтемелер

Немесе “дұрыс жауап”.
Немесе “тілді үйіреді”.
Немесе “салтанатты”.