Нақыл сөздер 24:1—34
24 Зұлымдарға қызықпа,Оларға қосылуды көксеме+.
2 Ойлағандары — зорлық жасау,Айтатындары — жамандық істеу.
3 Даналықпен үй соғылар+,Қырағылықпен* берік тұрар.
4 Білімнің арқасында үйдің ішіНебір бағалы әсем қазынаға толар+.
5 Дана жан мықты болар+,Білімімен адам күшін нығайтар.
6 Соғысты жақсы басшылықпен жүргіз+,Көп кеңесші жеңіске жеткізер+.
7 Ақымақ даналыққа қол жеткізбес+,Ол қала қақпасының алдында* айтатын сөз таппас.
8 Залымдық ойластырушыныЗымиянның нағыз өзі дер+.
9 Ақылсыздың ойластырғаны — күнә,Мазақтағыш болса жұртқа жексұрын+.
10 Қиын шақта сағың сынса,Күш-жігерің таусылар.
11 Өлімге айдалып бара жатқандарды құтқар,Қырғынға теңселіп бара жатқандарды қайтар+.
12 Егер: “Мұны біз білген жоқпыз”,— десең,Жүректі* тексеруші мұны байқамайды дейсің бе+?
Сені бақылап тұратын ол, әрине, біледі,Әркімге ісіне қарай қарымтасын береді+.
13 Балам, бал же, ол пайдалы,Ұядағы бал тіл үйірер тәтті.
14 Тап солай даналық та жаныңа пайдалы+.
Оны тапсаң, келешегің жарқын болар,Үмітің де ешқашан үзілмес+.
15 Әділді үйінің жанында зұлымдардай аңдып жатпа,Оның тұратын жерін ойрандама.
16 Әділ* жан жеті рет құласа да, қайтып тұрар+,Ал зұлым адам апат кезінде сүрініп құлар+.
17 Жауыңның құлағанына мәз болма,Сүрінгеніне шаттанып қуанба+.
18 Әйтпесе Ехоба көріп, наразы болар,Жауыңа деген қаһарынан қайтар+.
19 Зұлымдар үшін ызаланба,Жамандарға қызығып қарама.
20 Келешегі жоқ зұлымның+,Шырағы сөнер жаманның+.
21 Балам, Ехобадан және патшадан қорық+,Бүлікшілердің қатарына қосылма+,
22 Өйткені бастарына кенеттен апат түсер+.
Екеуі* оларды қалай күйрететінін кім білер+?!
23 Мынау да даналардың сөздері:
Дұрыс болмас сотта біреуді алалаған+.
24 Кімде-кім зұлымға: “Әділсің”,— десе+,Оны халықтар қарғап, ұлттар жазғырар.
25 Ал зұлымды айыптағандар жақсылық көрер+,Мол игілікпен жарылқанар+.
26 Шыншыл жауап бергеннің жұрт бетінен сүйер*+.
27 Сырттағы шаруаңды бітір,Танабыңды да дайындап ал,Содан кейін шаңырақ көтер.
28 Біреуге қарсы еш негізсіз куәлік берме+.
Аузыңмен өзгелерді адастырма+.
29 “Маған не істесе, мен де оған соны істеймін,Істегенін өзіне қайтарамын”,— деуші болма+.
30 Өтіп бара жаттым жалқаудың танабының жанынан+,Парықсыз адамның жүзімдігінің қасынан.
31 Қарасам, бәрін арамшөп басыпты,Ішіне қалақай қаптап кетіпті,Тас дуалы да қирап қалыпты+.
32 Осыны көріп, ойға шомдым,Бұған қарап, өзіме мынадай сабақ алдым:
33 Тағы сәл ұйықтай тұрсаң, тағы сәл мүлгісең,Қолыңды айқастырып тағы сәл жата тұрсаң,
34 Қарақшыдай тапшылық бас салар,Қарулы тонаушыдай жоқшылық тап берер+.
Сілтемелер
^ Немесе “парықтылықпен”.
^ Яғни қала ақсақалдары жиналатын жерде.
^ Немесе “ниетті”.
^ Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретін.
^ Яғни Ехоба мен патша.
^ Мүмкін: “Ашық жауап беру беттен сүйгендей болар”.