Нақыл сөздер 8:1—36

  • Даналықтың тіл қатуы (1—36)

    • “Мен Құдайдың ежелгі істерінің бастамасымын” (22)

    • “Құдайдың қасында шебер жұмысшы болдым” (30)

    • “Адам баласын ерекше жақсы көрдім” (31)

8  Даналық шақырып жатыр емес пе?! Парықтылық дауыстап тұрған жоқ па+?!   Жол бойындағы биік жерлерде+,Тұр ол көше қиылыстарында.   Қала қақпаларының жанында,Есік кіреберістерінде жар салуда+:   “Уа, халайық, сендерді шақырамын,Әрбір адамға үн қатамын.   Аңғалдар, парасаттылыққа үйреніңдер+,Надандар, түсінетін жүрекке ие болыңдар.   Тыңдаңдар, айтатыным маңызды,Бәрі тура аузымнан шығатынның.   Жұмсақ етіп жеткіземін шындықты,Аузыма алуға жеркенемін зұлымдықты.   Аузымнан шыққанның барлығы әділ,Бұрмаланған, арам сөз жоқ арасында.   Парықтыға оның бәрі ап-анық,Білім тапқанға дұп-дұрыс. 10  Алыңдар күмістен гөрі тәлім-тәрбиемді,Саф алтыннан гөрі білімді+. 11  Даналық маржаннан да артық,Адам құмартатын еш нәрсе оған тең келмес. 12  Мен даналықпын, ақыл-парасатпен бірге тұрамын,Білім мен саналылыққа иемін+. 13  Ехобадан қорқу деген — жамандықты жек көру+. Паңдық, өркөкіректік, зұлымдық пен арам сөзді жек көремін+. 14  Менде ақыл-кеңес бар, қолдануға тиімдімін+,Иемін түсінік+ пен құдіретке+ де. 15  Менің арқамда патшалар билік құрады,Әкімдер әділ заңдар шығарады+. 16  Менің арқамда әміршілер басқарады,Төрелер әділ сот жүргізеді. 17  Мені жақсы көретіндерді мен де жақсы көремін,Өзімді іздегендерге табыламын+. 18  Қасымда менің байлық пен атақ-даңқ,Таусылмас дәулет* пен әділдік. 19  Жемісім артық алтыннан, тіпті саф алтыннан,Өнімім құнды ең таза күмістен+. 20  Әділдік жолымен жүремін,Әділет жолының ортасымен келемін. 21  Өзімді сүйгендерге зор мұра сыйлаймын,Олардың қоймаларын толтырамын. 22  Мен Ехобаның ең алғашқы жаратылысымын+,Ежелгі істерінің бастамасымын+. 23  Негізім қаланды байырғы заманда+,О баста, жер пайда болғаннан әлдеқайда ертеде+. 24  Туылдым су тұңғиықтары жоқ кезде+,Суы тасыған қайнарлар болмағанда. 25  Туылдым таулар орнатылмай тұрғанда,Қыр-төбелер әлі жоқ болғанда, 26  Ол жер мен даланы,Жердің алғашқы топырағын жаратпай тұрғанда. 27  Аспанды ол дайындағанда+, мен сонда болдым. Су бетіне ол көкжиекті сызғанда+, 28  Аспанға бұлттарды жайғастырғанда,Терең мұхиттарды сумен толтырғанда, 29  Теңізге арнап жарлық бекіткенде,Бұйырған жерінен тасытпай суын тежегенде+,Жердің іргетасын орнатқанда, 30  Оның қасында шебер жұмысшы болдым+. Күн сайын оны қуантып+,Алдында әрдайым шаттанып жүрдім+. 31  Тұруға жайлы жерге қарап қуандым,Адам баласын ерекше жақсы көрдім. 32  Сонымен, балаларым, мені тыңдаңдар,Өйткені жолдарымды ұстанғандар бақытты. 33  Тәлім-тәрбиемді алып+, дана болыңдар,Ешқашан оған немкетті қарамаңдар. 34  Күнде ертемен есігімнің алдына келіп,Босағамның жанында күтіп тұрып,Маған құлақ асатын адам бақытты. 35  Мені тапқан жан өмір табады+,Ехобаның ықыласына ие болады. 36  Ал мені елемеген өзіне зиян келтіреді,Мені жек көргендер өлімді жақсы көреді+”.

Сілтемелер

Немесе “мұраға қалдыратын құндылықтар”.