Нақыл сөздер 9:1—18
9 Нағыз даналық өзіне үй соқты,Қашап жеті бағанасын жасады.
2 Мал сойып, ет даярлады,Шарабының дәмін келтіріп,Дастарқанын жайып қойды.
3 Қызметші қыздарын жіберіп,Қаланың биік жерлерінен жар салғызып+:
4 “Кім тәжірибесіз болса, мұнда келсін”,— дегізді.
Парықсызға* былай деді:
5 “Келіп, нанымнан же,Дәмін келтірген шарабымнан іш.
6 Надандықты қалдырып, өмір сүр+,Түсінік сыйлайтын жолмен алға жүр+”.
7 Мазақтағышты түзеткен масқара болар+,Зұлымға сөгіс айтқан зардап шегер.
8 Мазақтағышқа сөгіс айтпа, сені жек көріп кетер+,Сөгісті данаға айт, сені жақсы көрер+.
9 Ақыл-кеңесті данаға айт, даналығы артар+,Тәлімді әділге бер, білімі молаяр.
10 Даналықтың бастауы — Ехобадан қорқу+,Ал түсінік Ең Киелі Құдай жайлы білімнен келер+.
11 Менің арқамда көрер күнің көп болар+,Ғұмырыңа ғұмыр қосылар.
12 Дана болсаң, пайдасын өзің көресің,Мазақтағыш болсаң, азабын өзің тартасың.
13 Ақымақ әйел даурықпа+,Ештеңе білмейтін надан.
14 Ол үйінің кіреберісінде,Қаланың биік жерлерінде отырып+,
15 Шақырады өткен-кеткенді,Өз жолымен тура кетіп бара жатқандарды:
16 “Кім тәжірибесіз болса, мұнда келсін”,— деп.
Парықсыздарға* былай дейді+:
17 “Ұрлап ішкен су тәтті,Жасырып жеген нан дәмді”+.
18 Бірақ олар білмейді ғой онда өліктер жатқанын,Әйелдің қонақтары көр* түбіне түскенін+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “жүрегі жоқ”.
^ Сөзбе-сөз “жүрегі жоқ”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.