Нехемия 1:1—11

  • Иерусалимнен келген хабар (1—3)

  • Нехемияның дұғасы (4—11)

1  Бұл — Ақалия ұлы Нехемияның*+ сөзі. Мен жиырмасыншы жылдың* кислев* айында Сузы+ қаласындағы патшаның бекіністі сарайында едім.  Сол кезде бауырларымның бірі Ханани+ бірнеше адаммен Яһудадан келді. Мен одан тұтқыннан еліне қайтқан яһудилер+ мен Иерусалим қаласы жайлы сұрастырдым.  Олар былай деді: “Тұтқыннан оралып, Яһуда аймағында* тұрып жатқандардың жағдайы мүшкіл, халық қорлық көріп жүр+. Ал Иерусалимнің қабырғалары қирап жатыр+, қақпалары өртеніп кеткен+”.  Осы сөздерді естігенде, мен отыра кетіп, жыладым. Бірнеше күн қайғырып, ораза тұтып+, көктегі Құдайға дұға етумен болдым.  Оған былай дедім: “Уа, көктегі Құдай Ехоба*! Сен ұлы да айбынды, келісіміңді бұзбайтын, өзіңді сүйіп, заңдарыңды орындайтындарға айнымас сүйіспеншілік танытатын Құдайсың+.  Бүгін алдыңда тұрып, қызметшілерің исраилдіктер үшін күні-түні жалбарынып жатқан+ мендей құлыңның дұғасына құлақ түріп, назарыңды салшы. Дұғамда Исраил халқыңның саған қарсы жасаған бар күнәсін мойындаудамын. Өзім де, әулетім де күнә жасадық+.  Қызметшің Мұса арқылы берген заңдарыңды, нұсқауларың мен шешімдеріңді орындамай+, біз сенің алдыңда сорақы істер жасадық+.  Мұса арқылы бұйырған сөзіңді* есіңе ала көр. Сен: —Егер опасыздық жасасаңдар, сендерді басқа халықтардың арасына бытыратып жіберемін+.  Бірақ маған бет бұрып, бұйырғандарымды ұстанып, орындасаңдар, сендер жердің түкпір-түкпіріне тарап кеткен болсаңдар да, сол жерлерден жинап+, өз есімім үшін таңдаған жерге+ алып келемін,— деген едің. 10  Олар құдіретті күшіңмен, қуатты қолыңмен азат еткен* қызметшілерің әрі халқың ғой+. 11  Уа, Ехоба, мендей құлыңның және есіміңді шын жүректен қастерлейтін қызметшілеріңнің дұғасына құлақ түре көрші. Өтінемін, бүгін құлыңның ісін оңғарып, патшаның шапағатын түсіре көрші+”. Сол кезде мен патшаға шарап ұсынатын қызметші едім+.

Сілтемелер

Мағынасы “Ях жұбатады”.
Артаксеркс патшаның билік құруының 20-шы жылы.
Немесе “провициясында”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “берген ескертуіңді”.
Немесе “құн төлеп азат еткен”.