Нехемия 3:1—32

  • Қабырғаларды жөндеу (1—32)

3  Бас діни қызметкер Елиасып+ пен оның бауырлары, діни қызметкерлер, Қой қақпасын+ соғуға кірісті. Олар оны соғып, бағыштады* да+, есіктерін орнатты. Сосын Меға мұнарасына+, одан әрі Хананел мұнарасына+ дейінгі аралықты соғып, оны бағыштады.  Олардың қасында Иерихонның адамдары+, ал олардан кейін Имри ұлы Закур жұмыс істеді.  Хасенахтың ұлдары Балық қақпасын+ тұрғызды. Оның бөренелерін қойып+, есіктерін, бекіткіштері мен ысырмаларын орнатты.  Олардан кейінгі қабырға бөлігін Хакоздың немересі, Ұрияхтың ұлы Меремот+ жөндеді. Олардың қасында Мешезабелдің немересі, Берекияның ұлы Мешулам+, ал бұлардың қасында Бағанның ұлы Садық жөндеу жұмысын жүргізді.  Келесі бөлікті текоялықтар+ жөндеді. Бірақ олардың беделді кісілері тағайындалған бақылаушыларға мойынсұнғысы келмей, жұмысқа қатыспады.  Пасеах ұлы Жояда мен Бесодия ұлы Мешулам Ескі қала қақпасын+ жөндеді. Олар оның бөренелерін қойып, есіктерін, бекіткіштері мен ысырмаларын орнатты.  Олардың қасында гибеондық+ Мелатия мен мероноттық Жадон — Евфраттың+ батыс өлкесіндегі әміршінің қол астында болған Гибеон мен Миспаның+ адамдары — жөндеу жұмысын атқарды.  Ал келесі бөлікті зергерлердің бірі Харқая ұлы Үзиел, ал одан кейінгісін хош иісті зат жасайтындардың бірі Хананиях жөндеді. Олар Иерусалимнің Кең қабырғаға+ дейінгі жолына тас төседі.  Олардың жанында Иерусалимнің жарты аймағын басқарған әкім Хұр ұлы Рефаях жөндеу жұмысын жүргізді. 10  Бұлардан кейін Харумап ұлы Едаях өз үйінің тұсындағы бөлікті жөндеді. Олардың жанында Хашабнеях ұлы Хатуш жөндеу жұмысын жүргізді. 11  Харим+ ұлы Малхиях пен Пахат-Моаб+ ұлы Хашуп қабырғаның басқа бөлігі мен Тандыр мұнарасын+ жөндеді. 12  Олардың қасында Иерусалимнің жарты аймағының әкімі Халохеш ұлы Шалум өз қыздарымен бірге жөндеу жұмысын жүргізді. 13  Анон мен Заноахтың+ тұрғындары Аңғар қақпасын+ жөндеді. Олар оны тұрғызып, есіктерін, бекіткіштері мен ысырмаларын орнатты. Олар қала қабырғасының Күл-қоқыс қақпасына+ дейінгі 1000 шынтақ* бөлігін жөндеді. 14  Ал Бет-Кәрем+ аймағының әкімі Рехаб ұлы Малхиях Күл-қоқыс қақпасын жөндеді. Ол оны тұрғызып, есіктерін, бекіткіштері мен ысырмаларын орнатты. 15  Миспа+ аймағының әкімі Қолхозе ұлы Шалұн Бұлақ қақпасын+ жөндеді. Оны тұрғызып, шатырын жасады, есіктерін, бекіткіштері мен ысырмаларын орнатты. Ол сондай-ақ Патша бағының+ жанындағы Шела* тоғанының+ тұсындағы қабырғаны, Дәуіт қаласынан+ түсетін Баспалдақ+ жолға дейінгі бөлікті жөндеді. 16  Одан кейінгі бөлікті Бет-Сұрдың+ жартысын басқарған әкім Азбұқ ұлы Нехемия жөндеді. Ол Дәуіт әулетінің қабірінің+ тұсынан бастап, қолдан жасалған тоғанға+, одан әрі Батырлар үйіне дейінгі аралықты жөндеді. 17  Қабырғаның одан кейінгі бөлігін Бани ұлы Рехумның басшылығымен леуіліктер жөндеді. Олардың қасында Кеилдің+ жартысын басқарған әкім Хашабиях өз аймағының атынан жөндеу жұмысын жүргізді. 18  Одан кейінгі бөлікті олардың ағайындары Хенадад ұлы Баппайдың басшылығымен жөндеді. Ол Кеилдің жарты аймағын басқарған әкім еді. 19  Олардың қасында Миспаның әкімі Ешуа+ ұлы Езер жөндеу жұмысын жүргізіп, Тірек бағананың+ жанындағы Қару-жарақ қоймасына көтерілетін тұстағы қабырғаны қалпына келтірді. 20  Оның жанында Забай+ ұлы Барух қызу жұмыс істеп, қабырғаның тағы бір бөлігін, Тірек бағанадан бастап бас діни қызметкер Елиасыптың+ үйінің кіреберісіне дейінгі аралықты жөндеді. 21  Ал Хакоздың немересі, Ұрияхтың ұлы Меремот+ болса Елиасыптың үйінің кіреберісінен шетіне дейінгі бөлікті жөндеді. 22  Одан кейінгі бөлікті Иордан+ аймағынан* келген діни қызметкерлер жөндеді. 23  Олардан кейін Бениямин мен Хашуп өз үйлерінің тұсындағы бөлікті жөндеді. Олардың қасында Ананияның немересі, Мағасеях ұлы Азариях өз үйінің маңындағы бөлікті жөндеді. 24  Одан кейін Хенадад ұлы Бинуй жұмыс істеп, Азарияхтың үйінен бастап Тірек бағанаға+, одан әрі бұрышқа дейінгі бөлікті жөндеді. 25  Оның қасында Ұзай ұлы Палал жұмыс істеді. Ол Тірек бағанасының және Патша сарайынан+ шығып тұрған мұнараның, яғни Күзетші ауласының+ жоғарғы мұнарасының, тұсындағы бөлікті жөндеді. Оның қасында Парош+ ұлы Педаях жөндеу жұмысын жүргізді. 26  Опелде+ тұратын ғибадатхана қызметшілері*+ шығыстағы Су қақпасынан+ шығыңқы мұнараның тұсындағы бөлікті жөндеді. 27  Олардан кейін текоялықтар+ шығыңқы мұнарадан бастап Опел қабырғасына дейінгі бөлікті жөндеді. 28  Жылқы қақпасының+ жоғарғы жағында діни қызметкерлер жұмыс істеп, әрқайсысы өз үйінің тұсындағы бөлікті жөндеді. 29  Олардың қасында Имер ұлы Садық+ өз үйінің тұсындағы бөлікті жөндеді. Ал одан кейінгі бөлікті Шығыс қақпасының қараушысы+ Шехания ұлы Шемаях жөндеді. 30  Келесі бөлікті болса Шелемиях ұлы Хананиях пен Залаптың алтыншы ұлы Анон жөндеді. Бұлардың жанында Берекия ұлы Мешулам+ өз бөлмесінің тұсындағы бөлікті жөндеді. 31  Одан кейін зергерлердің бірі Малхиях жұмыс істеп, Тексеру қақпасының тұсындағы ғибадатхана қызметшілерінің+ және саудагерлердің үйлеріне дейінгі, одан әрі бұрыштағы жоғарғы бөлмеге дейінгі бөлікті жөндеді. 32  Ал осы бұрыштағы жоғарғы бөлмеден Қой қақпасына+ дейінгі аралықты зергерлер мен саудагерлер жөндеді.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “қасиетті етті”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
Шамамен 445 м. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Мағынасы “арық”.
Мүмкін: “жақын аймақтан”.
Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.