Нехемия 7:1—73
7 Қала қабырғалары жөнделіп бітісімен+, есіктерді орнаттым+. Сосын қақпа күзетшілері+, әншілер+ мен леуіліктер+ тағайындалды.
2 Бауырым Ханани+ мен Бекініс+ басшысы Хананияхқа Иерусалимді басқаруды тапсырдым. Өйткені Хананиях ең сенімді әрі басқаларға қарағанда Құдайдан көбірек қорқатын адам еді+.
3 Мен оларға: “Иерусалим қақпалары тал түске дейін ашылмасын. Күзетшілер күзетте тұрған кезде, есіктерді жауып, бекіткіштермен бекітіп қойсын. Иерусалим тұрғындарының арасынан қарауыл тағайындаңдар. Олардың кейбіреулері белгілі бір күзет орнында, ал өзгелері үйлерінің тұсында тұрып күзетсін”,— дедім.
4 Қала кең әрі үлкен, бірақ ішіндегі адамдар аз болатын+, үйлер де қайта салынбаған еді.
5 Құдайым жүрегіме ой салып, мені беделді кісілерді, басқарушылар мен жұртты жинап, ататектері бойынша тіркеуге+ алуға талпындырды. Сонда алғаш оралғандардың ататегі бойынша тізімі жазылған шиыршық тауып алдым. Онда былай деп жазылған екен:
6 Бұлар бағынышты аймақтың тұрғындары. Кезінде оларды Бабыл патшасы Навуходоносор+ тұтқындап, жер аударған+. Кейіннен босатылып, Иерусалим мен Яһудаға, әрқайсысы өз қаласына оралған+.
7 Олардың жетекшілері: Зоробабел+, Ешуа+, Нехемия, Азариях*, Рағамиях*, Нахамани, Мардохай, Білшан, Мисперет*, Бигуай, Нехум* және Бағанах.
Исраилдік ер кісілердің жалпы саны+:
8 Пароштың ұрпағы — 2172,
9 Шафатияхтың ұрпағы — 372,
10 Арахтың+ ұрпағы — 652,
11 Пахат-Моабтың ұлдары+ Ешуа мен Жоғабтан тараған ұрпақ+ — 2818,
12 Еламның ұрпағы+ — 1254,
13 Затудың ұрпағы — 845,
14 Зақайдың ұрпағы — 760,
15 Бинуйдің ұрпағы — 648,
16 Бебайдың ұрпағы — 628,
17 Азғаттың ұрпағы — 2322,
18 Адониқамның ұрпағы — 667,
19 Бигуайдың ұрпағы — 2067,
20 Әденнің ұрпағы — 655,
21 Езекияның әулетінен шыққан Атердің ұрпағы — 98,
22 Хашумның ұрпағы — 328,
23 Бесайдың ұрпағы — 324,
24 Хариптің ұрпағы — 112,
25 Гибеонның+ ұрпағы — 95,
26 Бетлехем мен Нетопаның адамдары — 188,
27 Анатоттың+ адамдары — 128,
28 Бет-Азмауеттің адамдары — 42,
29 Кирият-Еғаримнің+, Кефира мен Бероттың+ адамдары — 743,
30 Рамақ пен Гебаның+ адамдары — 621,
31 Миқмастың+ адамдары — 122,
32 Бетел+ мен Гайдың+ адамдары — 123,
33 басқа Небоның адамдары — 52,
34 басқа Еламның ұрпағы — 1254,
35 Харимнің ұрпағы — 320,
36 Иерихонның адамдары — 345,
37 Лод, Хадид пен Ононың+ адамдары — 721,
38 Сенахтың ұрпағы — 3930.
39 Діни қызметкерлер+: Едаяхтың Ешуадан тараған ұрпағы — 973,
40 Имердің ұрпағы — 1052,
41 Пашхурдың ұрпағы+ — 1247,
42 Харимнің+ ұрпағы — 1017.
43 Леуіліктер+: Ходабахтан тараған Ешуа мен Кадмиелдің+ ұрпағы — 74;
44 әншілер+: Асаптың+ ұрпағы — 148;
45 Қақпа күзетшілері+: Шалум, Атер, Талмон, Ақұп+, Хатита мен Шобайдың ұрпақтары — 138.
46 Ғибадатхана қызметшілері*+: Зиханың үрім-бұтағы, Хасупаның үрім-бұтағы, Табаоттың үрім-бұтағы,
47 Керостың үрім-бұтағы, Сияхтың үрім-бұтағы, Падонның үрім-бұтағы,
48 Лебанақтың үрім-бұтағы, Қағабақтың үрім-бұтағы, Салмайдың үрім-бұтағы,
49 Хананның үрім-бұтағы, Гиделдің үрім-бұтағы, Ғахардың үрім-бұтағы,
50 Реяхтың үрім-бұтағы, Ресиннің үрім-бұтағы, Некоданың үрім-бұтағы,
51 Ғазамның үрім-бұтағы, Ұзаның үрім-бұтағы, Пасеахтың үрім-бұтағы,
52 Бесайдың үрім-бұтағы, Меунимнің үрім-бұтағы, Нефисимнің үрім-бұтағы,
53 Бақбұқтың үрім-бұтағы, Хакупаның үрім-бұтағы, Хархурдың үрім-бұтағы,
54 Базлиттің үрім-бұтағы, Мехиданың үрім-бұтағы, Харшаның үрім-бұтағы,
55 Баркостың үрім-бұтағы, Сисараның үрім-бұтағы, Темақтың үрім-бұтағы,
56 Незияхтың үрім-бұтағы, Хатипаның үрім-бұтағы.
57 Сүлейменнің қызметшілерінің үрім-бұтақтары+: Сотайдың үрім-бұтағы, Софереттің үрім-бұтағы, Периданың үрім-бұтағы,
58 Ялахтың үрім-бұтағы, Дарқонның үрім-бұтағы, Гиделдің үрім-бұтағы,
59 Шафатияхтың үрім-бұтағы, Хатилдің үрім-бұтағы, Похерет-Хазебайымның үрім-бұтағы, Амонның үрім-бұтағы.
60 Ғибадатхана қызметшілері+ мен Сүлейменнің қызметшілерінің үрім-бұтағының жалпы саны — 392 адам.
61 Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддон және Имерден келген, бірақ өздерінің қай әулеттен шыққанын, Исраил халқына жататын-жатпайтынын дәлелдей алмағандар мыналар+:
62 Делаяхтың, Тобияның, Некоданың ұрпақтары. Барлығы — 642 адам.
63 Діни қызметкерлердің ұрпақтарынан: Хабаях, Хакоз+ және Барзилайдың ұрпақтары. Соңғысы ғалақаттық Барзилайдың+ бір қызына үйленіп, солардың атымен аталып кеткен.
64 Осылар шежіреден ататектерін іздеп көріп еді, таба алмады. Сондықтан діни қызметке жарамсыз деп, одан шеттетілді+.
65 Содан әмірші*+ оларға осы мәселені урим мен туммим+ арқылы шешіп бере алатын діни қызметкер шықпайынша, аса киелі нәрселерден жемеу керектігін айтты+.
66 Бүкіл қауымның жалпы саны 42 360 болды+.
67 Бұлардан басқа құл-күңдердің+ саны — 7337, әнші еркектер мен әйелдердің+ саны — 245.
68 Оларда 736 жылқы, 245 қашыр,
69 сондай-ақ 435 түйе және 6720 есек болды.
70 Әулетбасыларының кейбірі құрылыс жұмысына арнап тартулар жасады+. Әмірші қазынаға 1000 алтын драхма*, 50 керсен және діни қызметкерлерге арналған 530 ұзын жеңді көйлек+ тарту етті.
71 Өзге бір әулетбасылары сол істің қазынасына 20 000 алтын драхма және 2200 күміс мина* берді.
72 Ал қалған жұрт 20 000 алтын драхма, 2000 күміс мина және діни қызметкерлерге арналған 67 ұзын жеңді көйлек тарту етті.
73 Діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер+, халық арасынан кейбір адамдар, ғибадатхана қызметшілері мен қалған исраилдіктер өз қалаларына қоныстанды+. Жетінші айда+ исраилдіктер өз қалаларында тұрып жатты+.
Сілтемелер
^ Езра 2:2-дегі Миспар.
^ Езра 2:2-дегі Рехум.
^ Езра 2:2-дегі Регелай.
^ Езра 2:2-дегі Сераях.
^ Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.
^ Немесе “тиршата”. Бұл — парсылардың аймақ әміршісіне берген лауазымы.
^ Жалпы алғанда, 1 драхма 1 дарикке тең. Дарик — 8,4 г-ға тең парсылардың алтын тиыны. Бұл Грек жазбаларындағы драхмадан бөлек. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Еврей жазбаларында 1 мина 570 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.