Ошия 1:1—11

  • Ошияның әйелі және одан туылған балалар (1—9)

    • Езрехел (4), Лорухама (6) және Лоғами (9)

  • Қайта қалпына келтірілу мен бірігуге деген үміт (10, 11)

1  Яһуда патшалары+ Ұзияхтың+, Жотамның+, Ахаз+ бен Езекияның+ тұсында және Исраил патшасы Жоғаш+ ұлы Еробоғамның+ тұсында Ехобаның* Бегери ұлы Ошияға* арнаған сөзі.  Ехоба Ошия арқылы халыққа сөзін жеткізе бастады. Ехоба оған: “Бар да, әйел ал, ол азғындық жасап, азғындықтан балалар туады. Өйткені мына ел де азғындық жасап, Ехоба Құдайының жолынан тайып кетті+”,— деді.  Содан Ошия барып, Диблайымның қызы Гомерге үйленді. Ол жүкті болып, оған ұл туып берді.  Сонда Ехоба Ошияға: “Оның атын Езрехел* деп қой. Өйткені көп ұзамай мен Езрехелде қан төккені үшін Иқудың+ үйін жауапқа тартамын, сөйтіп, Исраил үйінің патшалық билігін тоқтатамын+.  Сол күні Езрехел аңғарында* Исраилдің садағын сындырамын”,— деді.  Гомер тағы да жүкті болып, қыз туды. Сонда Құдай Ошияға: “Оның атын Лорухама* деп қой, себебі мен Исраил үйіне бұдан былай рақым көрсетпеймін+, оларды қуып жіберемін+.  Ал Яһуда үйіне рақым көрсетіп+, оны мен, Құдайлары Ехоба, құтқарамын+. Бірақ бұл үшін садақ, семсер, шайқас, соғыс, ат не салт аттыларды қолданбаймын+”,— деді.  Лорухама емшектен шыққан соң, Гомер қайтадан жүкті болып, ұл туды.  Сонда Құдай былай деді: “Оның атын Лоғами* деп қой, өйткені сендер менің халқым емессіңдер, ал мен сендердің Құдайларың емеспін. 10  Әйтсе де Исраил халқының саны теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай көбейіп, өлшеуге де, санауға да келмейтін болады+. “Менің халқым емессіңдер”+ деп айтылған жерде оларға “тірі Құдайдың ұлдары”+ делінеді. 11  Яһуда мен Исраилдің адамдары бас қосып бірігеді+. Сөйтіп, өздеріне бір басшыны тағайындап, сол елден шығып кетеді. Ол күн Езрехел+ үшін ұлы күн болады.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Хошияхтың қысқартылған аты. Мағынасы “Ях құтқарды”.
Мағынасы “Құдай тұқым себетін болады”.
Немесе “аңғардағы жазық”.
Мағынасы “рақым көрсетілмеген”.
Мағынасы “менің халқым емес”.