Ошия 10:1—15

  • Исраил — жабайыланған жүзім, ол құрып кетеді (1—15)

    • Тұқым себу және ору (12, 13)

10  “Исраил жабайыланып* бара жатқан жүзім іспетті+. Жемісі көбейген сайын, құрбандық орындарын көбейтуде+. Жерінің өнімі жақсарған сайын, қасиетті бағаналарын әдемілеуде+.   Олардың жүректеріне екіжүзділік* ұялаған. Енді олар айыпты деп табылады. Құрбандық орындарын талқандап, бағаналарын қирататын біреу бар.   Енді олар: “Ехобадан қорықпағандықтан, бізде патша жоқ+,Болған күнде де, ол біз үшін не істей алар еді?”— дейтін болады.   Олар бос сөз айтуда, жалған анттар беруде+, келісімдер жасасуда. Сондықтан да сот істері жыртылған жерге қаулап өскен улы шөп іспетті+.   Самария тұрғындары Бет-Әбеннің бұзау мүсінін+ уайымдап қорқады,Халқы оны жоқтап қайғырады,Оған және оның салтанатына қуанған бөтен тәңірдің діни қызметкерлері де еңіреп жылайды. Өйткені сол мүсін жер аударып әкетіледі.   Ол ұлы патшаға сый ретінде Ассирияға апарылады+. Ефрем ұятқа қалатын болады,Исраил құлақ асқан ақыл-кеңесі үшін масқара болады+.   Самария мен оның патшасының үні өшеді+,Ол кесіліп су бетіне тасталған бұтақ сияқты ғайып болады.   Бет-Әбеннің+ төбелері, Исраилдің күнәсі+, жойылады+. Ондағы құрбандық орындарын тікен мен түйетікен басады+. Сонда халық тауларға: “Бізді жауып қалыңдар!” Ал төбелерге: “Үстімізге құлаңдар!”— дейтін болады+.   Уа, Исраил, Гибеяның күндерінен бері күнә жасап келесің+,Содан бері еш өзгерген жоқсың. Гибеядағы соғыста әділетсіз ұлдар түгел жойылмаған еді. 10  Қалаған кезімде мен оларды жазалаймын. Олар өздерінің екі қылмысына жегілгенде*,Халықтар оларға қарсы жиналатын болады. 11  Ефрем астық бастыруға үйретілген әрі соны жақсы көретін танадай еді,Сондықтан оның әдемі мойнын аяғанмын. Ал енді біреуді Ефремнің үстіне мінгіземін*+,Яһуда ол үшін жер жыртып, Жақып тырмалап береді. 12  Өздерің үшін әділдіктің тұқымын сеуіп,Айнымас сүйіспеншілік орыңдар. Ехобаны іздеуге әлі де уақыт барда+,Ол келіп, әділдікке үйреткенге дейін+,Өздерің үшін егістік жерді жыртыңдар+. 13  Бірақ сендер зұлымдық жыртып,Әділетсіздік ордыңдар+,Қулық-сұмдықтың жемісін жедіңдер. Өйткені ұстанған өз жолдарыңа,Қыруар сарбаздарыңа сенім арттыңдар. 14  Халқыңа қарсы айқай-шу көтеріледі,Бекіністі қалаларың қирап, қаңырап қалады+,Бұл Шалманның Арбел үйін ойран қылып,Аналары бала-шағасымен қоса кескілеп өлтірілген шайқас күніндей болады. 15  Асқан зұлымдығың үшін, уа, Бетел, осындай нәрселер басыңа түседі+. Таң ата Исраил патшасының үні өшеді+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “жайқалған”.
Немесе “тиянақсыздық; сенімсіздік”.
Яғни жазаларын мойынтұрық сияқты көтергенде.
Немесе “қамыт кигіздіремін”.