Ошия 11:1—12

  • Құдай Исраилді бала кезінен жақсы көрді (1—12)

    • “Ұлымды Мысырдан шақырып алдым” (1)

11  “Мен Исраилді бала кезінде жақсы көрдім+,Ұлымды Мысырдан шақырып алдым+.   Олар* шақырған сайын,Халық олардан алшақтай түсті+. Бағал бейнелеріне құрбандықтар шалып+,Ойып жасалған мүсіндерге құрбандықтар ұсына берді+.   Ефремге тәй-тәй басуды үйреткен+, қолға алып көтерген мен едім+,Бірақ өздерін сауықтырған мен екенімді мойындамады.   Мен оларды адамға тән мейірімділіктің жібімен+,Сүйіспеншіліктің жібімен жетелеп жүрдім. Мойынтұрықты мойындарынан алған* адамдай болдым,Әрқайсысының алдына мейіріммен ас-су қойдым.   Олар Мысырға оралмайды, бірақ патшасы Ассирия болады+. Себебі маған қайта оралудан бас тартты+.   Құрған айла-амалдары үшін қалаларын семсер зулай аралап шығып+,Қақпа ысырмаларын қиратып, оларды жалмап қояды+.   Халқым маған опасыздық жасауға бейім+. Оларды жоғарыға* шақырса да, ешкім орнынан тұрар емес.   Қалай сені тастамақпын, уа, Ефрем+? Қалай сені жау қолына бермекпін, уа, Исраил? Қалай саған Адмаға істегендей істемекпін? Қалай Зебоимге+ жасағандай жасамақпын? Мен ойымды* өзгертіп, сені қатты аяп кеттім+.   Лаулаған қаһарымды төкпеймін. Ефремді қайта жоймаймын+,Өйткені мен пенде емеспін, Құдаймын,Араларыңда тұратын Киелі Тұлғамын. Сендерге ашу-ызамен келмеймін. 10  Олар Ехобаның соңынан жүреді, ол арыстандай ақырады+. Ақырғанда, ұлдары батыс жақтан дірілдеп қайтып келеді+. 11  Олар Мысырдан шыққанда құстай,Ассирия жерінен шыққанда көгершіндей діріл қағады+. Мен оларды өз үйлеріне қоныстандырамын”,— дейді Ехоба+. 12  “Қайда қарасам да, Ефремнің өтірігін,Исраилдің қулық-сұмдығын көремін+. Ал Яһуда әлі де Құдаймен бірге жүр,Ол Ең Киелі Құдайға адал+”.

Сілтемелер

Яғни Исраилге тәлім беруге жіберілген пайғамбарлар мен өзге де адамдар.
Сөзбе-сөз “жағынан көтерген”.
Яғни асқақ ғибадатқа.
Сөзбе-сөз “жүрегімді”.