Ошия 12:1—14
12 “Ефрем желді азық етуде.
Күні бойы шығыстан соғатын желді қууда.
Өтірік пен зорлық-зомбылықты көбейтуде.
Ол Ассириямен келісім жасасып+,Мысырға майын тасуда+.
2 Ехоба Яһуданың ісін қарастырады+.
Жүрген жолдарына қарай Жақыпты жауапқа тартып,Істеген істерінің есесін қайтарады+.
3 Жақып анасының құрсағында бауырының өкшесіне жармасқан еді+,Кейінірек Құдаймен жан сала күресті+.
4 Ол періштемен ұзақ алысып, басым түсті.
Одан бата сұрап, жалбарына жылады+”.
Құдай оны Бетелде тауып алып, сол жерде біз жайлы* сөйлесті+,
5 Ехоба — Әскербасы Құдай+,Ол Ехоба деген есіммен есте сақталады+.
6 “Олай болса, Құдайыңа қайт+,Айнымас сүйіспеншілік пен әділдіктен ауытқыма+,Әрдайым Құдайыңа үміт арт.
7 Ал саудагеріңнің қолында жалған таразы,Ол алдап-сулауды ұнатады+.
8 Ефрем: —Шынында да, мен байып алдым+,Зор дәулетке ие болдым+.
Бар бейнетімнен бұрыс нәрсе не күнә табылмас,— деп жүр.
9 Бірақ мен сенің Мысырдан шығарған кезден бергі Ехоба Құдайыңмын+.
Уақыты белгіленген күндердегідей*,Сені қайтадан шатырларда тұрғызамын.
10 Мен пайғамбарларға сөзімді арнап+,Оларға көптеп аян бердім,Пайғамбарлар арқылы астарлы әңгімелер айттым.
11 Ғалақатта қулық-сұмдық* пен жалғандық орын алуда+.
Ғылғалда халық бұқаларды құрбандыққа ұсынуда+,Құрбандық орындары айдалған танаптағы тас үйінділерге ұқсайды+.
12 Жақып Арам* өлкесіне қашып барды+,Исраил+ сол жерде әйел үшін қызмет етіп+,Әйел үшін қой күзетті+.
13 Ехоба Исраилді пайғамбар арқылы Мысырдан алып шықты+,Пайғамбар арқылы оны қорғады+.
14 Бірақ Ефрем Құдайды қатты қорлады+,Оның төккен қаны өз мойнында қала береді.
Қорлағаны үшін Иесі оған қарымтасын қайтарады+”.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “бізбен”.
^ Мүмкін: “мейрамдардағыдай”.
^ Немесе “сиқырлық; жұмбақ жайттар”.
^ Немесе “Сирия”.