Ошия 13:1—16
13 “Ефрем сөйлегенде, адамдар қалтырап дірілдейтін,Исраилде оның беделі зор болатын+.
Алайда Бағалға табынғаны үшін ол күнәлі болып+, өлді.
2 Ал енді күнәларын көбейтіп,Күмістерін балқытып, мүсіндер жасап алды+,Шеберлерге бар өнерін салғызып, пұттар жасатты.
Сөйтіп, оларға: —Құрбандық әкелгендер бұзауларды сүйсін,— дейді+.
3 Сондықтан ол тез сейілетін таңғы тұмандай,Ертемен ғайып болатын шықтай,Қырманнан жел ұшырған кебектей,Үй төбесінің тесігінен шыққан түтіндей болады.
4 Бірақ мен сенің Мысырдан шығарған кезден бергі Ехоба Құдайыңмын+,Сен менен басқа Құдайдың,Менен басқа құтқарушының жоқ екенін білетінсің+.
5 Шөл далада, қуаң жерде саған қамқорлық жасадым+.
6 Халық өз жайылымдарында жүріп тойынды+,Тойынып алғанда, жүректері паңданды.
Сөйтіп, мені естен шығарды+.
7 Мен олар үшін жас арыстандай+,Жолды торып жатқан қабыландай боламын.
8 Қонжықтарынан айырылған аюдай шыға келіп,Төстерін айырып тастаймын.
Оларды арыстандай жалмаймын,Даладағы жыртқыш аңдай паршалап тастаймын.
9 Содан сен, уа, Исраил, құрып кетесің.
Өйткені көмекшің болған маған қарсы шықтың.
10 Ендеше барлық қалаңда сені құтқаратын патшаң қайда+?
—Маған патша мен әміршілер бер,— деп+,Сұрап алған билеушілерің қайда?
11 Ашумен саған патша беріп едім+,Енді қаһарыма мініп, оны алып қоямын+.
12 Ефремнің қылмысы ораулы*,Ал оның күнәсі сақтаулы тұр.
13 Оны толғақ азабы қысады.
Ол туылатын сәтте құрсақтың аузына келмейтінАқылсыз нәрестеге де ұқсайды.
14 Көрдің* уысынан оларды босатамын*,Өлімнен қайтарып аламын+.
Өлім, улы тісің қайда+?
Көр, жойқын күшің қайда+?
Алайда мен Ефремге аяушылық жасамаймын.
15 Ол тіпті қамыс сияқты жайқалып өссе де,Шөл даладан шығыстың желі,Ехобаның желі, соғып,Құдығы мен бұлағын құрғатып тастайды.
Оның қазынасындағы небір бағалы заттар тоналады+.
16 Өз Құдайына қарсы шыққандықтан+, Самария кінәлі деп табылады+.
Олар семсердің жүзінен қырылып+,Балалары кескіленіп өлтіріледі,Жүкті әйелдерінің іштері жарылады”.
Сілтемелер
^ Немесе “сақтаулы”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “құн төлеп азат етемін”.